"Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 62, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 116/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 55 о/д және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32170 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22599 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінде:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ашық диалогтың интернет-порталы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22660 болып тіркелген) Ашық диалог интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ақпарат пайдаланушылардың мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуларды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауаптар алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау келесі бағалауға уәкілетті органдармен (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) жүзеге асырылады:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас Прокуратура) "Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратымен – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;

      Агенттікпен – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – Комитет) – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың "Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау.

      6. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына операциялық бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысымен айқындалған заңды тұлға (бұдан әрі – сервистік интегратор) жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы" бағыты бойынша жұмысқа операциялық бағалау жүргізу үшін ақпарат көздері Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған "Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтері, "Мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген "Өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, үн қатуларды, ұсыныстарды қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды статистикалық есептердің деректері болып табылады, сондай-ақ "Электрондық өтініштер" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22768 болып тіркелген), сондай-ақ бағалау жүйесінің 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерулердің нәтижелері.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Агенттіктің, Бас Прокуратураның және Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын операциялық бағалауды жүргізуге арналған ақпарат Агенттікпен, Бас Прокуратурамен және Сот әкімшілігімен қағаз және электрондық жеткізгіштерде Кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынылады.

      Министрліктің "Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру" өлшемі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын операциялық бағалауды жүргізуге арналған ақпарат Министрлікпен қағаз және электрондық жеткізгіштерде Кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратына ұсынылады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. "Ашық диалог" критерийі бойынша операциялық бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың:

      - жеке және заңды тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасауды;

      - жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік органның қызметіне қатысты қоғамдық пікірді талдауды;

      - мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының халықпен кездесулерінде азаматтар көтеретін проблемалық мәселелерді жедел шешуге мемлекеттік органдардың уәждемесін арттыруды ынталандыруға бағытталған.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. "Ашық диалог" өлшемі бойынша баллдық операциялық бағалау осы Әдістемеге 10-қосымшаның 6-кестесінде көрсетілген тілдік нұсқалар бойынша баллдарды қосу арқылы анықталады.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиімділігін бағалау нәтижелеріне "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша шағымдану рәсімі жүргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратымен тиімділікті операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытындыны Агенттікке енгізеді.".

      9-қосымшада:

      1-кесте осы бұрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-кесте осы бұрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-кесте осы бұрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымшада:

      6-кесте осы бұрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-кесте осы бұрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын, осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
С. Нурлыбай
     
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
Б. Мусин
     
      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
Д. Қыдырәлі
     
      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасы

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 55 о/д,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 116/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 62 бұйрығына
1-қосымша

1-кесте. "Ашық деректер" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

2

3

1

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының саны

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде көзделген кезеңділікті (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және т.б.) ескере отырып, барлық орналастырылған ашық деректер жиынтықтарына қолжетімді сілтемелер тізімін ұсынады.

2

Сұрау салулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган сұратылған деректердің мазмұнын және бағаланатын мемлекеттік орган қабылдаған шешімді көрсете отырып, "Ашық деректер" порталындағы сұрау салу үшін мамандандырылған нысан арқылы және (немесе) өтініштер түрінде келіп түскен ашық деректер жиынтығын ұсынуға немесе жариялауға сұрау салулар тізімін ұсынады.

3

Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган халықтың әртүрлі топтарының ашық деректерге қажеттілігін зерттеу бойынша іске асырылған іс-шаралар тізімі, осы жұмыстың нәтижелері және растайтын құжаттарын ұсынады. Атап айтқанда:
1) жарты жылда кемінде 1 рет ашық диалогтың интернет-порталы арқылы сауалнамалар және (немесе) интернет-конференциялар жүргізу;
2) жарты жылда кемінде 1 рет және ақпараттық жарықтандырумен ІТ-компаниялармен кездесулер немесе data-лабтар (хакатондар) өткізу.

4

"Ашық деректер жиынтықтарын орналастыруды автоматтандыру" ынталандырушы көрсеткіші

Осы бөлімде Министрлік орналастырылуы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылатын API (Application Programming Interface) арқылы деректер жиынтықтарының тізімін ұсынады

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 55 о/д,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 116/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 62 бұйрығына
2-қосымша

5-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

2

3

1

Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган қатысушылар санын көрсете отырып, өткізілген сауалнамалар мен интернет-конференцияларға сілтемелердің тізімін ұсынады.

2

Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган онлайн-трансляция режимінде (ресми интернет-ресурста және (немесе) әлеуметтік желілерде) өткізілген ашық отырыстардың жазбаларына, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және (немесе) интернет-ресурстарда орналастырылған онлайн-режимде олардың өткізілетіні туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларға, баспасөз релиздеріне сілтемелер тізімін ұсынады.

3

Бірінші басшысының блогын жүргізуі (жазбалардың болуы)

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есептік кезеңде орналастырылған жазбаларға сілтемелер тізімін ұсынады.

4

Халықпен кездесулер**

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган мынадай ақпаратты береді:
1) "Кездесулердің жылдық кестесін / күнтізбесін сақтау" параметрі бойынша – ресми сайтта немесе әлеуметтік желілердегі аккаунтта орналастырылған кездесулердің анонстарына сілтемелерді қоса бере отырып, кездесулерді өткізу күні мен уақыты;
2) "Проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын және проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты сайтта орналастыру" параметрі бойынша – проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі орналастырылған іс-қимыл жоспарларына сілтемелер және ресми сайтта әрбір кездесу (бекітілген кестеге сәйкес өткізілген) бойынша проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпарат;
3) "Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу" параметрі бойынша – қабылданған азаматтардың саны, сондай-ақ әрбір өткізілген кездесу бойынша жеке және жүйелік рейтингісі бар проблемалық мәселелер;
4) "КЕҰ-мен кездесу өткізу" параметрі бойынша – қатысушылар саны, КЕҰ тізбесі және әрбір ҮЕҰ-ға байланыстыра отырып көтерілген мәселелердің тізімі.

      Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда.

      ** – "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №863 Жарлығының күші қолданылмайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және сыртқы істер министрліктерін қоспағанда. Көрсетілген индикатор бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктеріне орталық мемлекеттік органдардың орташа баллдары беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 55 о/д,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 116/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 62 Бұйрығына
3- қосымша

6-кесте. "Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері

№ р/с

Индикатордың атауы

Есептік деректер

1

2

3

1

Интернет-ресурстың толықтырылуы

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың интернет-ресурсына сілтемені, ол болмаған жағдайда мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсындағы тиісті бөлімнің сілтемесін ұсынады.

2

Ашық деректер

Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашық деректердің интернет-порталында жарияланған ашық деректер жиынтықтарының сілтемелер тізімін ұсынады.

3

Ашық диалог

Осы бөлімде бағаланатын мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы квазимемлекеттік сектор ұйымдарының бірінші басшыларының атына келген сұрақтардың (порталдағы тіркелген нөмірін көрсете отырып) тізімін ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 55 о/д,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 116/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы 2023 жылғы
29 наурыздағы № 62 бұйрығына
4-қосымша

6-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау

№ р/с

Индикатордың атауы

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

1

2

3

4

1.

Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу

2,5

2,5

2.

Бірінші басшысының блогын жүргізуі (жазбалардың болуы)



1)

50-ден астам жазбаны орналастырған кезде (аптасына 1 жазбадан кем емес)

1,5

1,5

2)

25-тен астам жазбаны орналастырған кезде (айына 2 жазбадан кем емес)

1

1

3)

10-нан астам жазбаны орналастырған кезде (айына 1 жазбадан кем емес)

0,5

0,5

4)

өзге жағдайларда

0,3

0,3

3.

Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу*

2

2

4.

Халықпен кездесулер**



1)

Жылдық кездесу кестесін / күнтізбесін сақтау

1

1

2)

Сайтта проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын және проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орналастыру

1

1

3)

Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу **

ОАО үшін

0,5

0,5

ЖАО үшін

1

1

4)

КЕҰ-мен кездесу өткізу ***

0,5

0,5

Барлығы

18

      Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда.

      ** – "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №863 Жарлығының күші қолданылмайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және сыртқы істер министрліктерін қоспағанда. Көрсетілген индикатор бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктеріне орталық мемлекеттік органдардың орташа баллдары беріледі.

      *** – көрсетілген параметр бойынша ЖАО бағаланбайды.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 55 о/д,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 116/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы 2023 жылғы
29 наурыздағы № 62 бұйрығына
5- қосымша

11-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың операциялық бағалау

№ р/с

Индикатордың атауы

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

1

2

3

4

1

Бірінші басшының блогының болмауы

0,5

0,5

2

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасында жауап алған сұрақтардың үлесі (90%-дан кем)

1

1

Айыппұл балдарының жиынтығы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады