"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32268 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11440 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 322 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Жылына 1 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін әуежай пайдаланушысының авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;

      жете тексеру бөлімшесінің бастығы;

      жете тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары;

      жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы;

      жете тексеру бөлімшесі ауысымның орынбасары;

      жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы;

      жете тексеру бөлімшесінің инспекторы;

      жете тексеру бөлімшесінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі аға инспекторы;

      жете тексеру бөлімшесінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспекторы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;

      қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары;

      қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы;

      қауіпсіздік бөлімшесі ауысымның орынбасары;

      қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің жүргізуші-инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің бастығы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;

      рұқсат беру бюросының бастығы;

      рұқсат беру бюросының аға инспекторы;

      рұқсат беру бюросының инспекторы;

      рұқсат беру бюросының ауысымдық инспекторы (шешім бойынша);

      кинология бөлімшесінің бастығы (шешім бойынша);

      қызметтік иттердің аға жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) (шешім бойынша);

      қызметтік иттердің жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) (шешім бойынша);

      қызметтік иттердің нұсқаушысы (шешім бойынша);

      ветеринариялық дәрігер (шешім бойынша);

      әкімшілік бөлімшесінің бастығы;

      әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы;

      әкімшілік бөлімшесінің инспекторы;

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші;

      профайлинг бөлімшесінің бастығы;

      аға инспектор-профайлер;

      инспектор-профайлер;

      киберқауіпсіздік жөніндегі инспектор.

      2. Жылына 300 мыңнан 1 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсететін әуежай пайдаланушысының авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;

      жете тексеру бөлімшесінің бастығы;

      жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы;

      жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы;

      жете тексеру бөлімшесінің инспекторы;

      техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор (жете тексеру бөлімшесінің инспекторымен біріктіруге рұқсат етіледі);

      қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;

      рұқсат беру бюросының бастығы;

      рұқсат беру бюросының инспекторы;

      қызметтік иттердің жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) (шешім бойынша);

      ветеринариялық дәрігер (шешім бойынша);

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші;

      инспектор-профайлер;

      киберқауіпсіздік жөніндегі инспектор.

      3. Жылына 300 мыңнан кем жолаушыға қызмет көрсететін әуежайды пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары);

      жете тексеру бөлімшесінің бастығы (шешім бойынша);

      жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы;

      жете тексеру бөлімшесінің инспекторы;

      техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор (жете тексеру бөлімшесінің инспекторымен біріктіруге рұқсат етіледі);

      қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (шешім бойынша);

      қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы;

      қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;

      рұқсат беру бюросының бастығы (шешім бойынша);

      рұқсат беру бюросының инспекторы;

      оқыту жөніндегі нұсқаушы- үйлестіруші (біріктіруге рұқсат етіледі);

      инспектор-профайлер.

      4. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын және жылына 1 миллионнан астам жолаушыларды тасымалдайтын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысының орынбасары;

      авиациялық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор;

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман.

      5. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын және жылына 1 миллионға дейін жолаушыларды тасымалдайтын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор;

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші.

      6. Тұрақты емес жолаушылар және жүк әуе тасымалдарын жүзеге асыратын, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындайтын авиакомпаниялар:

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адам (бірінші басшысының орынбасары);

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші (біріктіруге рұқсат етіледі).

      7. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметі:

      авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары);

      авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы;

      бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;

      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор;

      оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші;

      киберқауіпсіздік жөніндегі инспектор.

      Ескертпе: авиациялық қауіпсіздік жөніндегі лауазымдарды жасақтау әуежай класы мен мәртебесі, техникалық жарақталуын, жете тексеру пункттерінің санын, бақылау-өткізу пункттерін, стационарлық және жылжымалы бекеттерді және жылына қызмет көрсетілген жолаушылардың (әуежайлар үшін) және жылына тасымалдаған жолаушылардың санына қарай (авиакомпаниялар үшін) олардың орналасуын ескере отырып, орындалатын міндеттердің көлемі мен сипатының негізінде азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 322 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары):

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу;

      3) "Құқық", "Бизнес және басқару" (Менеджмент), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады (бұдан әрі – "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы);

      4) жасы кемінде отыз жаста;

      5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде сегіз жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде алты жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      6) "Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының курстарын бітіргені туралы сертификат.

      2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Құқық", "Бизнес және басқару" (Менеджмент), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі, немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының курстарын бітіргені туралы сертификат.

      3. Жете тексеру бөлімшесінің бастығы, жете тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары, қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, бақылау және бейнебақылау пунктінің бастығы, әкімшілік бөлімшесінің бастығы, рұқсаттама бюросының бастығы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Құқық", "Бизнес және басқару" (Менеджмент), "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) авиация персоналы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік саласындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (бақылау және бейне бақылау пунктінің бастықтарын қоспағанда);

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      4. Кинология бөлімшесінің бастығы, қызметтік иттердің аға жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), қызметтік иттердің жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), қызметтік иттердің нұсқаушысы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби және (немесе) жоғары білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) кинолог курстарында оқығандығын растайтын құжат;

      4) жасы кемінде жиырма жаста;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      5. Ветеринариялық дәрігер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Ветеринария" саласы бойынша техникалық және кәсіби және (немесе) жоғары білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста.

      6. Жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы, жете тексеру бөлімшесі ауысым бастығының орынбасары, жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы, жете тексеру бөлімшесінің инспекторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы, ауысым бастығының орынбасары және аға инспекторы үшін жете тексеру бөлімшесінің инспекторы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік саласында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      7. Қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы, қауіпсіздік бөлімшесі ауысым бастығының орынбасары, қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы, қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің инспекторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы, ауысым бастығының орынбасары, аға инспекторы және әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы үшін қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, немесе авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік саласында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      8. Техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы, техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі жете тексеру бөлімшесінің инспекторы, бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы, бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы, рұқсаттама бюросының аға инспекторы, рұқсаттама бюросының инспекторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат;

      5) техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі жете тексеру бөлімшесінің инспекторы үшін радиациялық қауіпсіздік жөніндегі курстарды бітіргені туралы сертификаттың болуы.

      9. Қауіпсіздік бөлімшесінің жүргізуші-инспекторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби және (немесе) жоғары білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі;

      5) әуеайлақта жүріп-тұру бойынша рұқсаттың болуы.

      10. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      11. Профайлинг бөлімшесінің бастығы, аға инспектор-профайлер, инспектор-профайлер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Педагогикалық ғылымдар" (Психология) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      12. Киберқауіпсіздік жөніндегі инспектор лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласындағы (Киберқауіпсіздік, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, Ақпараттық қауіпсіздік, Компьютерлік қауіпсіздік, Киберфизикалық жүйелер, Ақпараттық қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжатпен расталады);

      3) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

2-тарау. Авиакомпаниялардың және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар

      13. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары):

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім.

      Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімі бойынша тағайындалады;

      3) "Құқық", "Бизнес және басқару" (Менеджмент), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      6) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының курстарын бітіргені туралы сертификат.

      14. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Құқық", "Бизнес және басқару" (Менеджмент), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының курстарын бітіргені туралы сертификат.

      15. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамға қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары):

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу;

      3) "Құқық", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген кезде авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      6) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының курстарын бітіргені туралы сертификат.

      16. Авиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) "Құқық", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Авиациялық қауіпсіздік, Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Әуе қозғалысына қызмет көрсету, Ұшу аппараттарын техникалық пайдалану, Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, Авиациялық техника мен технологиялар, Ұшу аппараттарын ұшуға пайдалану), "Көлік қызметі" (Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру) саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады;

      3) жасы кемінде жиырма үш жаста;

      4) авиация персоналы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын бітірген авиациялық қауіпсіздік бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      17. Оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      18. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      19. Бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы, бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) техникалық және кәсіби немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады);

      3) жасы кемінде жиырма жаста;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат.

      20. Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшыларын немесе авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамдарды тағайындау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына келісуге мынадай құжаттарды ресімдейді және жібереді:

      1) жұмыс өтілін және бұрын ұйымдарда (министрліктер мен ведомстволарда) атқарған қызметін көрсете отырып, ұсыным;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) Бағдарлама талаптарына сәйкес берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификаттың көшірмесі;

      4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) көшірмесі;

      5) жұмыс өтілін растайтын құжат;

      6) 4 х 5 см өлшемдегі үш фотосурет (бас киімсіз).

      Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшыларын тағайындау үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне де келісуге жібереді.

      21. Сот шешімімен сотталған және айыбын өтеген, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, жемқорлық құқық бұзушылықтармен немесе өзге де жағымсыз себептермен байланысты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан шығарылған, сондай-ақ медициналық және психиатриялық ауытқулармен: психикалық дамуының тежелуі, психикалық ауытқулар, сонымен қатар ремиссия, эпилепсия және синкопалды жағдайлар (талып қалу), алкогольге құмарлық, есірткі құмарлық, токсикомания, оның ішінде тұрақты ремиссия жағдайларындағы адамдар қызметке қабылдануға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады