"Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32319 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9614 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бектілген Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидаларында:

      Қағиданың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заннамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест бойынша шекті мәндер прокуратура жүйесі органдарының қызметкерлері лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% болатын дұрыс жауаптарды құрайды.";

      18-тармақтағы "ҚСжАЕАК" деген сөздердің барлығы "ҚСжАЕК" деген сөздерге ауыстырылып жазылсын;

      Аталған Қағиданың қосымшасы осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 92 бұйрығына
қосымша
  Аттестаттауға жатқызылған
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары
жүйесі қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасы
заннамасын білуін және
логикалық ойлау қабілетін
компьютерлік тестілеуден
өткізудің қағидалары
мен шарттарына
қосымша

Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру

      1. № 1 БЛОК (азаматтық-құқықтық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын,

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі) (4 сұрақ),

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Қызметкерлердің әдеп кодексі) (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ),

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" (4 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (4 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (15 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ),

      "Жедел іздестіру қызметі туралы" (10 сұрақ), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" (6 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      3. № 3 БЛОК (ұйымдастырушылық-кадрлық)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (4 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (10 сұрақ),

      "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      4. № 4 БЛОК (арнайы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (2 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (3 сұрақ),

      "Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Жедел іздестіру қызметі туралы" (3 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (4 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      5. № 5 БЛОК (ҚСжАЕК)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (10 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (10 сұрақ),

      "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережені (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      6. № 6 БЛОК (әскери прокуратура)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (6 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (2 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (3 сұрақ),

      "Жедел іздестіру қызметі туралы" (2 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" (4 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (7 сұрақ), "Ұлттық қауіпсіздік туралы" (4 сұрақ), "Төтенше жағдайлар туралы" (4 сұрақ), "Әскери жағдай туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" (7 сұрақ), "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысын (3 сұрақ),

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысын (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      7. № 7 БЛОК (Академия)

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңын,

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),

      Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (3 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (2 сұрақ),

      "Білім туралы" (5 сұрақ), "Ғылым туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" (2 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (3 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (2 сұрақ),

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады