"Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32361 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:

      12-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыға берілген, ТТҚ АЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген аяқ киім тауарлары айналамына қатысушының ЖСН-на немесе БСН-на сәйкес келмейтін ЖСН немесе БСН қамтитын ЭЦҚ-ны пайдалану;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады