"Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 32387 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалары мен астана бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      3-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.";

      4-тармақта:

      екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік және (немесе) пошталық байланыс, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.";

      он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошталық байланыс, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер (және) немесе толықтырулар туралы ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      көрсетілген қағидаларына 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жолдасын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 426 Бұйрыққа
1-қосымша
  Кедендік әкелу баждарын
төлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну
үшін негіздемелерін растау
қағидаларына
1-қосымша

"Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалары мен астана бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді туралы шешім немесе кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз ұсынылады

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 2-тармағында көрсетілген негіздемелерін растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі қоса беріледі:
төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа щұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының және оның аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік және оның аумақтық бөлімшілері бөлігіндегі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген кезде:
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідірту туралы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде:
Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарының расталған көшірмелері;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе себу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелу не оларды көрсетілген ұйымдар үшін жеткізу кезде:
ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы немесе куәлігі, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындайтын өзге де негіздер болған кезде өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі Комиссиямен айқындалады.
Кодекстің 92-бабы 3-тармағында көрсетілген негіздемелерді растау үшін өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, олардың құрауыштарын мен оның қосалқы бөлшектерін әкелу кезінде:
шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ коммерциялық құжаттарын жеткізу туралы шарт (келісімшарт); әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті);
3) кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезеңінің кестесі қоса беріледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған, немесе мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық рәсім қозғалуы немесе құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3) Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 426 Бұйрыққа
2-қосымша
  Кедендік әкелу баждарын
төлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну
үшін негіздемелерін
растау қағидаларына
4-қосымша
  _______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, (болған
кезде) әкесінің аты (бұдан
әрі – аты-жөні), не
ұйымының атауы)
________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағиданың 1-қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)….

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      Аты-жөні (болған кезде) (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: аты-жөні (болған кезде) _____________

      Телефон __________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы

      20__ жыл "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады