Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 32394 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 25.12.2023 № 662/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.12.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы;

      2) цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 25.12.2023 № 662/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.12.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Куантыров

Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібіминистрі__________Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2023 жылғы 26 сәуірдегі
  № 49 және
  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму, инновациялар
  және аэроғарыш өнеркәсібі
  министрінің
  2023 жылғы 25 сәуірдегі
  № 164/НҚ бірлескен
  бұйрығымен бекітілген

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 25.12.2023 № 662/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.12.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Ескерту. Тексеру парағына өзгерістер енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 25.12.2023 № 662/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.12.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2024 № 373/НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы Акт __________________________________

      __________________________________________ №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің (объектісінің)

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы



2.

Цифрлық майнинг қызметін аккредиттелген цифрлық майнингтік пулы арқылы жүзеге асыру



3.

Аппараттық-бағдарламалық кешен тізіліміндегі пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешеннің (-дердің) болуы



4.

Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының тұрғын үй аймағынан тысқары орналасқан жері



5.

Техникалық шарттардың болуы:
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, энергия өндіруші ұйымдардың өндіруші қондырғылары өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерді қоспағанда
энергия беруші ұйымдардан кернеуі 35 киловольт және одан жоғары рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт трансформаторлық қосалқы станциялардан техникалық шарттар алған цифрлық майнерлер үшін;
2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін



6.

Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында аппараттық-бағдарламалық кешенді орналастыру туралы шарттың болуы



7.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметін цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асыру



8.

Цифрлық майнингте электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар жүйесінің, олардың желілеріне қосылған кезде жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүктемені ажырату құрылғыларының болуын растайтын құжаттың болуы



      Лауазымды тұлға (лар) __________________________             _____________

      лауазымы                               қолы

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субъектісі _______________________________       ____________

      лауазымы                               қолы

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 49 және
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 25 сәуірдегі
№ 164/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      Ескерту. Бұйрық тексеру парағымен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 25.12.2023 № 662/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.12.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласында

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________

      ___________________________________________________________ №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

      __________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы



2.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы



3.

Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы



4.

Цифрлық майнингтік пулының (негізгі және резервтік) аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз ету



5.

Ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулының және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі жолданымдарының болуы



6.

Цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы



7.

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисімен интеграциялау туралы оң жауабы бар хатының болуы



8.

Цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнерлердің кірістері туралы сенімді мәліметтерді салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнингтік пул ай сайын цифрлық активтерді бөлу орын алған айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей уақтылы ұсынуы



      Лауазымды тұлға (лар) __________________________ _________________

      лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субъектісі (объектісі) ___________________________ __________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады