"Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 662/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы;

      2) цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағында:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Техникалық шарттардың болуы:
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, энергия өндіруші ұйымдардың өндіруші қондырғылары өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерді қоспағанда
энергия беруші ұйымдардан кернеуі 35 киловольт және одан жоғары рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт трансформаторлық қосалқы станциялардан техникалық шарттар алған цифрлық майнерлер үшін;
2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін



      ";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "

7.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметін цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асыру



      ";

      осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы

__________Т. Жаксылыков
Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрініңміндетін атқарушы__________А. Турысов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 184 мен
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 662/НҚ бірлескен бұйрыққа
қосымша

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 49 және
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 25 сәуірдегі
№ 164/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласында

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________

      ___________________________________________________________ №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

      __________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы



2.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы



3.

Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы



4.

Цифрлық майнингтік пулының (негізгі және резервтік) аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз ету



5.

Ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулының және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі жолданымдарының болуы



6.

Цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы



7.

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисімен интеграциялау туралы оң жауабы бар хатының болуы



8.

Цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнерлердің кірістері туралы сенімді мәліметтерді салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнингтік пул ай сайын цифрлық активтерді бөлу орын алған айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей уақтылы ұсынуы



      Лауазымды тұлға (лар) __________________________ _________________

      лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субъектісі (объектісі) ___________________________ __________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады