БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарғақатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"
8. | Цифрлық майнингте электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар жүйесінің, олардың желілеріне қосылған кезде жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүктемені ажырату құрылғыларының болуын растайтын құжаттың болуы |
".
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті