БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Р/с № | Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %) | Ұйымдар атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | 92% | "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ |
2. | 90% | "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК |
3. | 90% | "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК |
4. | 85% | "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК |
5. | 87% | "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
6. | 90% | "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
7. | 97% | "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК |
8. | 95% | "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК |
9. | 96% | "Республикалық академиялық неміс драма театры" РМҚК |
10. | 95% | "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК |
11. | 97% | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК |
12. | 93% | "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК |
13. | 90% | "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК |
14. | 97% | "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК |
15. | 93% | "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК |
16. | 95% | "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" РМҚК |
17. | 90% | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК |
18. | 90% | "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК |
19. | 88% | "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК |
20. | 98% | "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК |
21. | 98% | "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК |
22. | 98% | "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
23. | 98% | "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
24. | 85% | "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" РМҚК |
25. | 95% | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК |
26. | 70% | "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
27. | 95% | "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" РМҚК |
28. | 90% | "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
29. | 97% | "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК |
30. | 95% | "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК |
31. | 98% | "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
32. | 98% | "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
33. | 98% | "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.