Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32500 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған стратегиялық объектінің меншік иесінің (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 66 Бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны

      1) Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi туралы деректер (стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң атауы, орналасқан жерi)______________ _________________________

      (стратегиялық объектiнiң кадастрлық нөмірі)

      2) Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға туралы деректер (акцияларды қаржы нарығында сатуды, кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруды қоспағанда)______________________________________________

      _________________________________________________________________

      (азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жоспарланып отырған тұлғаның атауы, орналасқан жерi)

      _________________________________________________________________

      (азаматтығы туралы, ол болмаған кезде тұрақты орналасқан жерi, тұратын мекенжайы

      (жеке тұлғалар үшiн) туралы мәлiметтер)

      _________________________________________________________________

      (заңды тұлға ретiнде тiркелген жерi және нақты орналасқан жерi (заңды тұлғалар

      үшiн) туралы мәлiмет)

      __________________________________________________________________

      (стратегиялық объектілердің түрлерін көрсете отырып, стратегиялық объектілердің

      азаматтық-құқықтық мәмілесін жасасу жоспарланып отырған адамның меншігінде

      болуы туралы мәліметтер)

      ____________________________________________________________________

      (тұлғада стратегиялық объектiлерге (стратегиялық объектiлердi және сатып

      алушының түпкілікті бенефициарларын көрсете отырып) меншiк құқығының

      (өзге де заттық құқықтарының) болуы туралы мәлiметтер)

      ____________________________________________________________________

      (стратегиялық объектіні сатып алушының нақ осы саладағы оның үлестес

      тұлғаларымен өзара байланыстағы құрылымы)

      3) Стратегиялық объектіні құру туралы ақпарат ___________________________

      ____________________________________________________________________

      (стратегиялық объектінің қызмет саласы)

      4) Стратегиялық объектiнiң жалпы сипаттамасы және оның техникалық сипаттамалары_____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (стратегиялық объектінің құны (оның нарықтық құнын айқындайтын бағалау туралы есепке сәйкес)

      5) Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесi ____________________

      ___________________________________________________________________

      Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) жөніндегі

      азаматтық-құқықтық мәмiленi жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін

      салыстырмалы талдау

      Қосымша: __________________________________________________________

      ("Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабының 1 және (немесе) 2-тармағында көрсетiлген құжаттар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады