БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жеке кабинет – "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде (бұдан әрі – "Интернет" желісі) орналастырылған, айналымның қатысушысына немесе темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға Оператор ұсынатын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) арнайы ақпараттық сервисі;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына темекі өнімдерін әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын, темекі өнімдерінің айналымына қатысушы;";
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) таңбаланған темекі өнімдері – осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып сәйкестендіру құралдары салынған және олар туралы мәліметтер (оның ішінде оларға салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер) ТТҚ АЖ-да қамтылған темекі өнімдері;
15) таңбалау коды – осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес тауарды (темекі өнімдерінің тұтынушылық және топтық қаптамасын) сәйкестендіру мақсаттары үшін Оператор қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру кодының және тексеру кодының жиынтығы;";
19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"19) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі – тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау процестерін ақпараттық қамтамасыз ету және оларды айналым процесінде одан әрі қадағалау мақсатында әзірленген, ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
20) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – "Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалауының бірыңғай операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысына сәйкес айқындалған, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабында айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) темекі өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде СЭҚ ТН 2402209000, 2404, 2403, 2402201000, 2402900000, 2402100000 және 3824999208 кодтары бойынша темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындаған, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;";
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих кодтау саласындағы халықаралық ұйым;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. СЭҚ ТН 2404 кодына кіретін, құрамында тұтатпай түтінді жұтуға арналған өнімдер (мысалы, сұйықтықтар, гельдер) бар бір түтіктегі таңбаланбаған бір реттік электрондық темекінің (disposable e-cigarettes) және ұқсас бір реттік жеке электр буландырғыш құрылғыларының қалдықтарын, сондай-ақ құрамында бар өнімді пайдаланғаннан немесе батареясының қуаты таусылғаннан кейін (қайта толтыруға немесе қайта қуаттауға арналмаған) кәдеге жаратылатын жеткізу жүйесін айналымға қатысушылар 2023 жылғы 30 маусымға дейін өткізуі тиіс.";
5-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте Оператор өндірушілер мен Оператор арасында жасалған шарттарға сәйкес ТБС өндірушілерін жарақтандыруды, оның ішінде оларға қызмет көрсетуді және техникалық қолдауды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді;";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көтерме сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар:
1 ЭЦҚ болуы;
2) ЭЦҚ қойылған, оның ішінде ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар БАК болуы.
8. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар:
1) ЭЦҚ болуы;
2) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы;
3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, бақылау-касса машинасымен қосылған темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының болуы;
4) әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса машинасын пайдалана отырып таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.";
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осындай қызмет жүзеге асырылған күннен бастап темекі өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
1) ТТҚ АЖ-да өзін тіркеуді жүзеге асырады;
2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға БАК-нің (болған кезде) дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде DataMatrix кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарын тексеруді жүргізеді;
4) осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгендерден өзгеше себептер бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.
12. Айналымға қатысушыларды ТТҚ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке қол жеткізуді Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ қойылған мынадай мәліметтерді ұсынуы:
1) ЖСН немесе БСН;
2) дара кәсіпкердің немесе ұйымның атауы;
3) дара кәсіпкердің немесе бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;
5) байланыс телефон нөмірі негізінде жүзеге асырылады.
13. Мынадай:
1) ЭЦҚ алу кезінде көрсетілген ЖСН немесе БСН ТТҚ АЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген жағдайларда айналымға қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеуден бас тартылады.";
29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі қызметке айналымға қатысушы темекі өнімдеріне тиісті таңбалау кодынан қайта құрылған сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізгенге дейін Оператормен жасалған шарт негізінде төлейді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
32. СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасына сәйкестендіру құралдарын салу сәйкестендіру құралдарын тұтыну қаптамасынан бөлуге және басқа ақпаратпен жабуға жол бермейтін тікелей басып шығару әдісімен жүзеге асырылады.
СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасына немесе қандай да бір сыртқы орау материалына салуға жол берілмейді.
Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына салынған ақпараттың тұтастығы бұзылмайтындай етіп орналастырылады.
СЭҚ ТН 2402201000, 2402900000, 2402100000, 2403, 2404 (2404110001 басқа), 3824999208 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасының немесе қандай да бір сыртқы орау материалының үстінен материалдық жеткізгішке салуға жол беріледі.
Сәйкестендіру құралдарын темекі өнімдерінің топтық қаптамасына салу материалдық жеткізгішке жүзеге асырылады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Топтық қаптаманы немесе көліктік қаптаманы таратқаннан және айналымға қатысушы көрсетілген тұтынушылық қаптаманы немесе топтық қаптаманы көтерме немесе бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушының сатуы (беруі) туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға бергеннен кейін Оператор тауар айналымының тиісті фактісінен өзге ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдары тізілімінде көрсетілген қаптаманы қадағалауды қалпына келтіру фактін көрсетеді.";
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі.";
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қаулымен белгіленген сәйкестендіру құралдарымен темекі өнімдерін таңбалау енгізілген күннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) әкелінген темекі өнімдерінің айналымына, олардың айналымы туралы мәліметтер ТТҚ АЖ-ға берілген жағдайда ғана жол беріледі.
46. Темекі өнімдерін жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және темекі өнімдерін өткізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.";
50-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ жаңасын ресімдемей, алушы растаған сәтке дейін Қабылдау/беру актісін кері қайтарып ала алады.";
52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Қабылдау/беру актісі Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ АЖ-да техникалық қателер себебінен ТТҚ АЖ-де Қабылдау/беру актісін ресімдеудің мүмкін болмауы туралы ақпарат расталған кезде айналымға қатысушы қағаз жеткізгіште Қабылдау/беру актісін ресімдеген жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.";
мынандай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырысын:
"57-1. Темекі өнімдерін бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығарған кезде осы өнімді айналымнан шығаруды жүзеге асыратын айналымға қатысушы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны ТТҚ АЖ-ға ұсынады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Операторға бұрын ұсынылған бөлшек саудада сату болып табылмайтын темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді жою немесе түзету үшін айналымға қатысушы Операторға деректемелерін көрсете отырып, бұрын жіберілген мәліметтердің күшін жою туралы ақпарат жібереді және қажет болған кезде жаңа мәліметтерді ұсынады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. ТТҚ АЖ-да қамтылған ақпаратқа қол жеткізу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылады.
Қадағалау процесінде қалыптастырылған және ТТҚ АЖ-да қамтылған ақпаратты пайдалану үшін Оператор оған мынадай тұлғаларға:
1) тауармен жасалған мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде тауар айналымына қатысушыға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар айналымына қатысушылар туралы, тауарлар және олардың айналымы туралы ақпарат бөлігінде осы мемлекеттік органдарға;
3) ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарлардың сипаттамалары мен мәліметтері туралы ақпарат бөлігінде тұтынушыларға қол жеткізуді ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 1-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу
Айналымға қатысушы туралы ақпарат:
1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________
2. Ұйымның атауы ___________________________________
3. Жалпы деректер:
Өндірістік тапсырыс нөмірі ____________(міндетті емес)
4. Өндіріс деректерді:
Өндірістің сәйкестендіргіші (Орналасқан жердің жаhандық нөмірі) ________
Өндіріс атауы ___________ (міндетті емес)
Өндіріс мекенжайы ___________ (міндетті емес)
Өндіруші ел _____________
Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ____________
Осы тапсырыс бойынша өнім өндірудің басталу күні ___________ (міндетті емес)
5. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі:
№ | Тауардың коды 1 | Таңбалау кодтарының саны | Таңбалау кодтарының саны 2 | Жеке сериялық нөмірлер массиві3 | Қаптама түрі 4 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:
ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________
Ескертпе:
1 – бір сұрау салуда тауардың 10-нан артық коды көрсетілмеуі тиіс;
2 – дербес/ Оператормәнді қабылдай алады;
3 – егер жеке сериялық нөмерлерді генерациялау тәсілінің мәні "дербес" тең болған жағдайда көрсетіледі;
4 – тұтыншылық(темекі, қорап), топтық (темекі, блоктар) мәнді қабылдай алады.
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 2-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер
Айналымға қатысушы туралы мәлімет:
1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________
2. Ұйымның атауы ___________________________________
___________________________________________________________
3. Тапсырыс бойынша өндірістік алаңдар (коды) №:
таңбалау код беріледі.
№ | Тауар коды |
Таңбалау кодтарының массиві |
1 | 2 | 3 |
__ |
Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 3-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Сәйкестендіру құралдарын жапсыру туралы ақпарат
Айналымға қатысушы туралы ақпарат:
1. Ұйымның ЖСН немесе БСН ____________________________________
2. Ұйымның атауы _______________________________________________
3. Жалпы ақпарат:
Өндірістік желінің сәйкестендіргіші _______________________________
Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші _____________(міндетті емес)
Өнім брендінің атауы _________________(міндетті емес)
ТТБФЖ енгізу туралы есептің сәйкестендіргіші ___________(міндетті емес)
4. Пайдаланылған таңбалау кодтарының тізімі:
Пайдалану түрі * _________________________________________________
№** | Таңбалау коды |
1 | 2 |
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:
ТТҚАЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ _________
Ескертпе:
* – таңбалау коды өндірістік желіге берілді/өддірістік желі таңбалау коды принтерге жібереді/ таңбалау коды басып шығарылды/принтермен таңбалау коды расталған жоғалуы/ таңбалау коды жапсыру расталдымәндерін қабылдай алады;
**– таңбалау коды саны 30 000 кодтан аспауы тиіс.
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТПБ АЖ – технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпа
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 4-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Қаптаманы агрегирлеу туралы ақпарат
1. Айналымға қатысушы туралы мәлімет (Жалпы ақпарат):
Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________
Ұйымның атауы ___________________________________
Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ________________________
Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші ___________________(міндетті емес)
2. Агрегат деректері:
Агрегирлеу түрі _______________
Агрегат деректері | Агрегирленген ТК массиві | ||||
№ | Агрегирлеу бірлігінің сәйкестендіру коды | Қаптама сыйымдылығы | Агрегирлеу бірлігіндегі нақты дана саны | № | Сәйкестендіру коды* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:
ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________
Құжатты ТТҚ АЖ-де тіркеу күні мен уақыты _________ __________
Ескертпе:
* – ТК болған жағдайда сәйкестендіру кодының форматы
1) GS1 стандарты (мысалы, блоктар) қолданылады: 01+тауар номенклатурасы (GTIN)+21+сериялық нөмірі;
2) GS1стандарты қолданылмайды (қорап): (GTIN) тауар номенклатурасы + сериялық нөмірі.
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ТК – таңбалау коды;
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 5-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ "___"_________№_____хабарлама
Жалпы ақпарат:
1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________
2. Алушының атауы ___________________________________
3. Жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірі (немесе жөнелтушінің еліндегі ұқсас нөмірі)_______________
4. Жөнелтушінің атауы ___________________________________
5. Аумағынан тауарларды әкелу жүзеге асырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет __________________
6. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі)_______________
7. Акцизді төлеу туралы мәліметтер:
Түбіртектің күні мен нөмірі ___________ ___________
Акциз сомасы _______________________
8. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *_________________
Тауарлар туралы ақпарат:
№ | Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________
Ескертпе:
* - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 6-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ "___"_________ №_____хабарлама
Жалпы ақпарат:
1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________
2. Алушының атауы ___________________________________
3. Тауарларға арналған декларацияның деректемелері:
Нөмірі және күні ("А" бағаны) ______________
4. Тауарларға арналған декларация бойынша шешім:
Кеден органының қабылдаған күні мен уақыты _____________
шешім коды (кеден органы қабылдайтын шешімдердің жіктеуішіне сәйкес) ____ ________
5. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркелген күні және тіркеу нөмірі) _______________
6. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *____________________
Тауарлар туралы ақпарат:
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды | Тауарларға арналған декларациясындағы тауар нөмірі | Темекі өнімдерін өндіру елі |
Тауардың/ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________
Ескертпе:
* - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 7-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
20__ "___"_________ №_____ қабылдау/берру актісі
Жалпы ақпарат:
1. Жөнелтушінің ЖСН немесе БСН _______________________
2. Жөнелтушінің атауы _______________________________________
3. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________
4. Алушының атауы ___________________________________
Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Қабылдау/беру актісі* 20__ "___"_________ №_______.
№ | Тауар коды | Тауар атауы | Қаптама түрі** | Тауардың /қаптаманың сәйкестендіру коды | Тұтыну қаптамаларының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ___________________
Ескертпе:
* - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;
**– тұтыну, топтық, көліктік мәндерді қабылдай алады;
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 8-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 8-қосымша |
|
нысан |
Айналымнан шығару туралы хабарлама
Айналымға қатысушы туралы мәлімет:
1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________
2. Ұйымның атауы ___________________________________________
Шығарылу себебі:
___________________________________________________________
202__ жылғы ______________ № _______ құжат
Шығарылып тасталған өнім туралы мәліметтер:
№ | Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:
ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________
Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 5 маусымдағы № 607 бұйрығына 9-қосымша/ |
|
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Айналымға енгізу туралы хабарлама
Сатушы туралы мәлімет:
1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________
2. Ұйымның атауы ___________________________________
202__ жылғы __________________________________________________
№ _______ негіздеме құжат.
Айналымға енгізудің себебі ___________________
Айналымда қалпына келтірілетін тауарлар туралы мәліметтер:
№ | Тауардың сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:
ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ___________________________
ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________
Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.