Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21302 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараныз.

      "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2402209000 коды бойынша – 2020 жылғы 1 қазаннан бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2403999009, 2402201000, 2402900000, 2402100000, 2403110000, 2403191000 және 3824999209 кодтары бойынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 927 Бұйрыққа қосымша

Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін, сондай-ақ тауарларды әкелу туралы хабарламалар мен қабылдау (беру) актілерін ресімдеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай қысқартулар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – құрылатын топтық және (немесе) көліктік қаптаманы ашу қажеттілігінсіз тауар өткізетін тізбек бойынша темекі өнімдерінің қозғалысын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында, темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын (бұдан әрі – тұтыну қаптамасы) темекі өнімдерінің топтық қаптамасына (бұдан әрі – топтық қаптама) және (немесе) темекі өнімдерінің көліктік қаптамасына (бұдан әрі – көліктік қаптама) не топтық қаптаманы әрбір салынған тұтыну қаптамасының сәйкестендіру кодтарының құрылатын топтық және (немесе) көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы, сондай-ақ әрбір салынған топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтарының құрылатын көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты сақтай отырып және топтық қаптамаға тиісті сәйкестендіру құралын немесе көліктік қаптамаға сәйкестендіру кодын енгізе отырып көліктік қаптамаға біріктіру процесі;

      2) бағдарламалық-аппараттық кешен (бұдан әрі – БАК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      3) бақылау-кассалық машина – деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы (функциялары) бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы;

      4) деректерді беру хаттамасы – ақпарат пакеттерінің құрылымына және деректерді беру желісінің құрылғылары арасында ақпарат пакеттерін алмасу алгоритміне қойылатын талаптардың формаланған жиынтығы;

      5) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН коды – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;

      7) жеке кабинет – "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде (бұдан әрі – "Интернет" желісі) орналастырылған, айналымның қатысушысына немесе темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға Оператор ұсынатын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) арнайы ақпараттық сервисі;

      8) ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      9) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына темекі өнімдерін әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын, темекі өнімдерінің айналымына қатысушы;

      10) көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды – темекі өнімдерінің әрбір жеке көліктік қаптамасы үшін осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын бірегей символдар комбинациясы;

      11) қабылдау (беру) актісі – ТТҚ АЖ жеке кабинетінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді сканерлеу, қолмен енгізу немесе файлдан жүктеу арқылы және (немесе) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсін пайдалана отырып, осындай мәліметтерді беру арқылы ТТҚ АЖ тауарлардың айналымы туралы мәліметтерді беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;

      12) қолдану коды – 2 (екі) немесе одан да көп белгіден тұратын, элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер ашық жолының мақсаты мен форматын нақты айқындайтын префикс;

      13) өндiрушi – сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;

      14) таңбаланған темекі өнімдері – осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып сәйкестендіру құралдары салынған және олар туралы мәліметтер (оның ішінде оларға салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер) ТТҚ АЖ-да қамтылған темекі өнімдері;

      15) таңбалау коды – осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес тауарды (темекі өнімдерінің тұтынушылық және топтық қаптамасын) сәйкестендіру мақсаттары үшін Оператор қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру кодының және тексеру кодының жиынтығы;

      16) тапсырыстарды басқару станциясы (бұдан әрі – ТБС) – тауарлар айналымына қатысушыға тапсырыстармен жұмыс істеу үшін интерфейс ұсынатын серверлік қосымша. ТБС эмиссияға арналған тапсырмаларды басқаруға және таңбалау кодтарын салуға мүмкіндік береді. Айналымға қатысушылардың өтініші бойынша ТБС Оператор ұсынатын сервис ретінде қашықтықтан ұсынылады;

      17) тауарды сәйкестендіру коды (тауардың бірегей сәйкестендіргіші) – тауардың әрбір жеке бірлігі (темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамасы) үшін бірегей тауар кодының (GTIN) және тауардың жеке сериялық нөмірінің комбинациясы;

      18) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тауар бірлігін (темекі өнімдерінің тұтынушылық немесе топтық қаптамасын) бірегей сәйкестендіретін символдық бірізділік;

      19) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі – тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау процестерін ақпараттық қамтамасыз ету және оларды айналым процесінде одан әрі қадағалау мақсатында әзірленген, ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;

      20) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – "Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалауының бірыңғай операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысына сәйкес айқындалған, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабында айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      21) тексеру коды – тауарды сәйкестендіру кодын криптографиялық өзгерту нәтижесінде Оператор қалыптастыратын және сәйкестендіру кодын бұрмалауды анықтауға мүмкіндік беретін символдардың дәйектілігі;

      22) темекі өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде СЭҚ ТН 2402209000, 2404, 2403, 2402201000, 2402900000, 2402100000 және 3824999208 кодтары бойынша темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;

      23) темекі өнімдерін айналымнан шығару – "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес тіркелген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы арқылы таңбаланған темекі өнімдерін жеке тұлғаға жеке тұтыну үшін өткізу (сату), темекі өнімдерін алып қою (тәркілеу), кәдеге жарату, бүлдіру, жою, қайтарымсыз жоғалту, кері қайтарып алу, темекі өнімдерінің одан әрі айналымын тоқтатуды көздейтін, өз мұқтажы үшін пайдалану;

      24) темекі өнімдерін сәйкестендіру құралы – темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына салу үшін осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын екі өлшемді матрицалық штрих-код түрінде ұсынылған, машина оқитын нысанда темекі өнімдерін таңбалау коды;

      25) темекі өнімдерінің айналымына қатысушылар (бұдан әрі – айналымға қатысушы) – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, темекі өнімдерін айналымға енгізуді, айналымын және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын, заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;

      26) темекі өнімдерінің көліктік қаптамасы – темекі өнімдерін тасымалдау кезінде оны зақымданудан қорғау мақсатында сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көлік бірлігін құрайтын тұтыну және (немесе) топтық қаптамада қапталған, темекі өнімдерін біріктіретін қаптама. Көліктік қаптама мөлшері (көлемі) кіші көліктік қаптаманы қамтуы мүмкін;

      27) темекі өнімдерінің топтық қаптамасы – тұтыну қаптамасының белгілі бір санын біріктіретін, қаптама;

      28) темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасы – темекі өнімдерін тұтынушы сатып алатын темекі өнімдері ең аз бірлігі;

      29) ТТҚ АЖ-да қатысушылардың тізілімі – ТТҚ АЖ-да тіркелген айналымның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың тізбесі;

      30) фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындаған, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      31) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – айналымға қатысушылардың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен ТТҚ АЖ өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;

      32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;

      33) ASCII – (American standard code for information interchange) – баспа және баспалық емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;

      34) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы немесе шеңбер нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежедегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;

      35) DataMatrix ЕСС200 – қателерді болдырмау және зақымданған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын пайдаланатын, DataMatrix нұсқасы. ECC200 код 30 пайызға дейін зақымданған жағдайда, кодталған ақпараттың барлық дәйектілігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Екі өлшемді штрих кодтың бұл нұсқасында қатенің болу жиілігі сканерленген таңбаның 10 миллионының 1-еуінен де аз;

      36) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих кодтау саласындағы халықаралық ұйым;

      37) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих кодының форматы;

      38) GS1-DataMatrix – стандартталған GS1 DataMatrix екі өлшемді матрицалық штрих кодын іске асыру;

      39) GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 жүйесінің стандарттарында белгіленген қағидаларға сәйкес, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымы тауарлар тобына беретін жаһандық сәйкестендіру нөмірі. ТТҚ АЖ тауардың коды ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалану жүзеге асырылатын, айналымға қатысушылар

      3. Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады.

      Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе темекі өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарунемесе кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.

      4. СЭҚ ТН 2404 кодына кіретін, құрамында тұтатпай түтінді жұтуға арналған өнімдер (мысалы, сұйықтықтар, гельдер) бар бір түтіктегі таңбаланбаған бір реттік электрондық темекінің (disposable e-cigarettes) және ұқсас бір реттік жеке электр буландырғыш құрылғыларының қалдықтарын, сондай-ақ құрамында бар өнімді пайдаланғаннан немесе батареясының қуаты таусылғаннан кейін (қайта толтыруға немесе қайта қуаттауға арналмаған) кәдеге жаратылатын жеткізу жүйесін айналымға қатысушылар 2023 жылғы 30 маусымға дейін өткізуі тиіс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Айналымға қатысушыларға қойылатын талаптар

      5. Өндірушілерге қойылатын талаптар:

      1) ЭЦҚ болуы;

      2) темекі өнімдерінің қаптамасына сәйкестендіру құралдарын енгізуді қамтамасыз ететін жабдықтың болуы;

      3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін БАК байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға қосулы болуы.

      Бұл ретте Қаулымен белгіленген таңбалауды енгізген мерзімге дейін Оператор айналымға қатысушылардан ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығы туралы электрондық хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кеш емес мерзімде айналымға қатысушылардың БАК-пен ТТҚ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылын тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      4) ТБС-ға қол жеткізуді (ТБС-ға қол жеткізу үшін логин мен парольді Оператор айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да тіркелу нәтижелері бойынша айналымға қатысушыдан орнатуға және ТБС-ға қол жеткізуді алуға арналған электронды хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ұсынады) қамтамасыз ету;

      Бұл ретте Оператор өндірушілер мен Оператор арасында жасалған шарттарға сәйкес ТБС өндірушілерін жарақтандыруды, оның ішінде оларға қызмет көрсетуді және техникалық қолдауды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді;

      5) ЭЦҚ-мен куәландырылған, ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беруге мүмкіндігі бар БАК болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Импорттаушыларға қойылатын талаптар:

      1) ЭЦҚ болуы;

      2) ТБС-ға қол жеткізуді (ТБС-ға қол жеткізу үшін логин мен парольді Оператор айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да тіркелу нәтижелері бойынша айналымға қатысушыдан Оператордың инфрақұрылымында орнатылған ТБС-ға қашықтықтан қол жеткізуді беруге арналған электронды хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ұсынады) қамтамасыз ету;

      3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға, БАК-ке қосылуды (мүмкіндік болған жағдайда) қамтамасыз етеді;

      4) ЭЦҚ куәландырылған, ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерін айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беруге мүмкіндігі бар БАК болуын қамтамасыз етеді.

      7. Көтерме сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар:

      1 ЭЦҚ болуы;

      2) ЭЦҚ қойылған, оның ішінде ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар БАК болуы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушыға қойылатын талаптар:

      1) ЭЦҚ болуы;

      2) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы;

      3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, бақылау-касса машинасымен қосылған темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының болуы;

      4) әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса машинасын пайдалана отырып таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. БАК-тің ТТҚ АЖ-ға байланыс арналары бойынша қосулы болмаған және (немесе) ТТҚ АЖ-мен интеграция болмаған кезде, айналымға қатысушы мәліметтерді ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ұсынады.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Таңбаланған темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап өндірушілер мен импорттаушылар:

      1) өзін тіркеуді, сондай-ақ темекі өнімдерін айналымға енгізумен және (немесе) олардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап, осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-да сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын темекі өнімдерін тіркеуді жүзеге асырады;

      2) Операторға ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, орнатуға және ТБС-ға қол жеткізуді алуға (өндірушілер үшін) немесе Оператордың инфрақұрылымында орнатылған ТБС-ға қашықтықтан қол жеткізуді (импорттаушылар үшін) беруге арналған электронды хабарламаны жолдайды.

      Бұл ретте Оператор көрсетілген хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ТБС-ға қол жеткізуді ұсынады;

      3) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, таңбалау кодтарын алу және таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға БАК-тің дайын болуын қамтамасыз етеді және Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерінің сипаттамасына сәйкес Операторға осындай ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өтуге электрондық хабарлама жібереді;

      4) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес осындай ақпараттық өзара іс-қимылға БАК дайын болған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде ТТҚ АЖ-мен БАК ақпараттық өзара іс-қимыл тестілеуінен өтеді;

      5) нақты уақыт режимінде осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес темекі өнімдерін таңбалау, сондай-ақ айналымға енгізу, олардың айналымы және айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап темекі өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:

      1) темекі өнімдерін өндірушілерден және (немесе) импорттаушылардан сатып алумен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі немесе осындай өнімдердің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-да өзінің тіркелуін жүзеге асырады;

      2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға БАК-нің дайын болуын қамтамасыз етеді;

      3) нақты уақыт режимінде осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осындай қызмет жүзеге асырылған күннен бастап темекі өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:

      1) ТТҚ АЖ-да өзін тіркеуді жүзеге асырады;

      2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға БАК-нің (болған кезде) дайын болуын қамтамасыз етеді;

      3) көрсетілген сканерлеу құралдары болған жағдайда, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде DataMatrix кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарын тексеруді жүргізеді;

      4) осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгендерден өзгеше себептер бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде айналымға қатысушыларды тіркеу

      12. Айналымға қатысушыларды ТТҚ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке қол жеткізуді Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ қойылған мынадай мәліметтерді ұсынуы:

      1) ЖСН немесе БСН;

      2) дара кәсіпкердің немесе ұйымның атауы;

      3) дара кәсіпкердің немесе бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4) айналымға қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;

      5) байланыс телефон нөмірі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мынадай:

      1) ЭЦҚ алу кезінде көрсетілген ЖСН немесе БСН ТТҚ АЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;

      2) айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген жағдайларда айналымға қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеуден бас тартылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14.Айналымға қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 24 сағат ішінде:

      1) тіркеу туралы ақпаратты тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жібереді;

      2) ТТҚ АЖ-не қатысушылар тізіліміне қосады;

      3) ТТҚ АЖ-не қатысушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін жеке кабинетке кіруге рұқсат береді.

      15. ТТҚ АЖ функционалына қол жеткізу үшін айналымға қатысушы ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторланады және қосымша мәліметтер ұсынады:

      1) айналымға қатысушының типі (өндіруші, импорттаушы, көтерме сауда және (немесе) бөлшек сауда ұйымы);

      2) өндірістік алаңдар туралы мәліметтер (қатысушы типі үшін – өндіруші, импорттаушы).

      Айналымға қатысушы айналымға қатысушының атынан мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беруге және сұратуға құқығы бар уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты қосады.

      Мұндай құқық берілген уәкілетті тұлғалар ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторланады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде темекі өнімдерін тіркеу

      16. ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін тіркеуді:

      1) темекі өнімдерін өндірушілер – келісімшарттық өндіріс шеңберінде темекі өнімдерін өндірушінің тапсырысы бойынша үшінші тұлғалар өндіретін темекі өнімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндірген жағдайда;

      2) импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелген жағдайда жүзеге асырады.

      17. ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да кем дегенде мынадай мәліметтерді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) темекі өнімінің түрін;

      3) тауар кодын (GTIN);

      4) сауда атауын;

      5) өндірген елді;

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;

      7) темекі өнімдері қаптамасының типі;

      8) тұтыну қаптамасындағы өнім бірлігінің саны;

      9) тұтыну қаптамасындағы өнімнің өлшем бірлігін;

      10) топтық қаптамадағы тұтыну қаптамасының санын (топтық қаптамалар үшін);

      11) тауардың тұтынушылық сипаттамасын;

      12) рұқсат беру қағаздары туралы мәліметтерді (болған кезде) көрсетеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Айналымға қатысушыға мынадай:

      1) тауардың осындай кодымен (GTIN) темекі өнімдері ТТҚ АЖ-да тіркелген;

      2) GS1 Kazakhstan ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауар кодын (GTIN) айналымға қатысушы пайдалануға жатпаған;

      3) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауардың коды (GTIN) жоқ болған жағдайларда темекі өнімдерін ТТҚ АЖ-да тіркеуден бас тартылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Темекі өнімдерін тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді тауарлар тізіліміне енгізеді және айналымға қатысушыға ТТҚ АЖ-да тауарларды тіркеу туралы ақпаратты жолдайды.

6-тарау. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралының сипаттамасы

      20. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралы ЕСС-200 және АSCII кодтау қателерін түзету әдісін қолданумен темекі өнімдерінің тұтыну (ал ол болмаған кезде материалдық жеткізгіш) және топтық қаптамасына екі өлшемді матрицалық штрих код түрінде салынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын сәйкестендіру құралында үш деректер тобын қамтитын таңбалау коды болады, оның ішінде алғашқы екі деректер тобы тұтыну қаптамасын сәйкестендіру кодын құрайды, бұл ретте:

      бірінші топ он төрт саннан тұрады және тұтыну қаптамасының тауар кодын (GTIN) қамтиды (бірінші сан 0 және қалған он үш сан – GTIN коды);

      екінші топ жеті символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тұтыну қаптамасының жеке сериялық нөмірін қамтиды;

      үшінші топ сегіз символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тексеру кодын қамтиды.

      Тұтыну қаптамасын сәйкестендіру құралы DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынылады.

      22. Темекі өнімдерінің топтық қаптамасын сәйкестендіру құралы үш деректер тобы қамтылған таңбалау кодын қамтиды, оның ішінде алғашқы екі деректер тобын топтық қаптаманы сәйкестендіру коды, сондай-ақ темекі өнімдерін өндірушінің қалауы бойынша енгізілетін қосымша деректер топтарының ерікті саны құрайды. Деректер топтары GS1 халықаралық стандарттарында көзделген мынадай атрибуттармен сәйкестендіріледі:

      деректердің бірінші тобы 01 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 14 (он төрт) цифрдан тұратын топтық қаптаманың тауар кодын (GTIN) қамтиды;

      деректердің екінші тобы 21 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және жеті символдан тұратын топтық қаптаманың жеке сериялық нөмірін қамтиды;

      деректердің үшінші тобы 93 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және сегіз символдан тұратын тексеру кодын қамтиды.

      Топтық қаптаманы сәйкестендіру құралы GS1-DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодын айналымға қатысушы GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес келетін бір өлшемді штрих код немесе DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынады. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодының құрамын көліктік қаптамада темекі өнімдерін агрегациялауды жүзеге асыратын айналымға қатысушы айқындайды.

      24. Штрих код форматындағы сәйкестендіру құралдары мынадай талаптарға жауап береді:

      1) тұтыну және топтық қаптама үшін көлемі 0,254 миллиметрден кем емес модуль қолданылады;

      2) 10 000-ның бірінен аз сәйкестендіру құралдарын іріктеу арқылы қолдан жасау ықтималдығы;

      3) қателерді тану және түзету функциясы DataMatrix ECC200-ге қарағанда баламалы немесе жоғары.

      25. ТТҚ АЖ темекі өнімдерінің қаптамасына салынған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.

7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру тәртібі

      26. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін айналымға қатысушы Операторға ТТҚ АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалау кодтарын алуға сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жолдайды.

      Таңбалау кодтарын беруден мынадай:

      1) айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелмеген;

      2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын ТТҚ АЖ-да тіркелген;

      3) тауар коды тауарлар тізілімінде тіркелмеген;

      4) тауар коды "Темекі өнімдері" тауар тобына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. ТТҚ АЖ-да сұрау салу тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде Оператор:

      1) айналымға қатысушыдан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санын эмиссияны жүзеге асырады (генерациялайды);

      2) сәйкестендіру құралдарының тізіліміне тиісті сәйкестендіру кодтарын қосады;

      3) айналымға қатысушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалаудың эмиссияланған кодтарының құрамы туралы мәліметтер береді.

      28. Айналымға қатысушы таңбалау кодтарын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сәйкестендіру құралдарына өзгертеді, оларды темекі өнімдерінің қаптамасына түсіруді қамтамасыз етеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-ға береді.

      Айналымға қатысушысы алған және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес берілген таңбалау кодтарын енгізу туралы ақпаратқа енгізілмеген сәйкестендіру кодтарын қамтитын таңбалау кодтарының күші жойылады.

      29. Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі қызметке айналымға қатысушы темекі өнімдеріне тиісті таңбалау кодынан қайта құрылған сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізгенге дейін Оператормен жасалған шарт негізінде төлейді.

      Таңбалау кодын ұсыну жөніндегі қызмет осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес берілген темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтерді ТТҚ АЖ-да тіркеу сәтінде Оператор көрсетті деп танылады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді тіркеуден мынадай:

      1) сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы ақпаратта көрсетілген сәйкестендіру кодтары ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімінде болмаған;

      2) сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтер осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып ұсынылған;

      3) айналымға қатысушы енгізу туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-ға беретін, сәйкестендіру құралдарында қайта құрылған, таңбалау кодтарының төленгенін растау болмаған жағдайларда бас тартылады.

8-тарау. Сәйкестендіру құралдарын салу тәртібі

      31. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндірген жағдайда тұтыну және топтық қаптамаларға сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай өнімдерді өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелген жағдайда – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын немесе ЕАЭО кедендік аумағын іс жүзінде кесіп өткенге дейін ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін тауарлар шығарылғанға дейін немесе осы Қағаданың 3 тармағаның екінші бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      32. СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасына сәйкестендіру құралдарын салу сәйкестендіру құралдарын тұтыну қаптамасынан бөлуге және басқа ақпаратпен жабуға жол бермейтін тікелей басып шығару әдісімен жүзеге асырылады.

      СЭҚ ТН 2402209000, 2404110001 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасына немесе қандай да бір сыртқы орау материалына салуға жол берілмейді.

      Бұл ретте сәйкестендіру құралы техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тұтыну қаптамасына салынған ақпараттың тұтастығы бұзылмайтындай етіп орналастырылады.

      СЭҚ ТН 2402201000, 2402900000, 2402100000, 2403, 2404 (2404110001 басқа), 3824999208 кодтары бойынша сәйкестендіру құралдарын мөлдір орау пленкасының немесе қандай да бір сыртқы орау материалының үстінен материалдық жеткізгішке салуға жол беріледі.

      Сәйкестендіру құралдарын темекі өнімдерінің топтық қаптамасына салу материалдық жеткізгішке жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-тарау. Темекі өнімдерін агрегаттау тәртібі

      33. Темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасын топтық қаптамаға агрегаттағаннан кейін айналымның келесі қатысушысына агрегаттаған қаптаманы бергенге дейін айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-да тұтыну қаптамаларын агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.

      34. Тұтыну қаптамаларын топтық қаптамаға агрегаттау туралы ақпарат агрегатталған қаптаманы келесі айналымға қатысушыға бергенге дейін көліктік қаптамаға қаптаманы агрегаттау туралы ақпаратпен бір мезгілде беріледі.

      35. Темекі өнімдерін қаптамаларын көліктік қаптамада агрегаттаудан кейін агрегатталған қаптаманы келесі айналымға қатысушыға бергенге дейін айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-да қаптамаларды агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.

      36. Айналымға қатысушы топтық немесе көліктік қаптамадағы темекі өнімдерінің бір бөлігінің айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ұсынған жағдайда, ТТҚ АЖ-да қаптамадан алынған өнімдер бар неғұрлым жоғары деңгейдегі салынымның барлық қаптамаларын қайта қалыптастыру тіркеледі.

      37. Топтық және (немесе) көліктік қаптамаларды басқа көліктік қаптамаларға қайта салған жағдайда, темекі өнімдерін агрегаттау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ұсыну осы Қағидалардың 33, 34 және 35-тармақтарында көзделген реттілікпен жүзеге асырылады.

      38. Оператор осы тарауда көзделген көлік қаптамасын агрегаттау немесе құрамының өзгеруі туралы мәліметтерді алғаннан кейін олардың сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетілуін, сондай-ақ осы ақпаратқа айналымға қатысушылардың ТТҚ АЖ-да қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

      39. 1 (бір) есепті кезең шеңберінде (ай) тікелей басып шығару әдісі қолданылып барлық өндірілген темекі өнімдері бойынша тұтыну және топтық қаптамаларды агрегаттаудың орташа тиімділігі 99 пайыздан төмен емес.

      Бұл ретте сәйкестендіру коды туралы мәліметтердің топтық қаптаманың ішінде екі агрегатталған тұтыну қаптамасынан аспайтын және көліктік қаптаманың ішінде екі топтық қаптамадан аспайтын болуына жол беріледі.

      Бұл жағдайда агрегаттауды жүзеге асырған айналымға қатысушы агрегаттау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде агрегаттау кезінде ТТҚ АЖ-ға берілмеген тұтыну қаптамасын сәйкестендіру кодтары немесе топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға береді.

      Бұл ретте Оператор көрсетілген сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне уақытша қадағаланбайтыны туралы түрінде енгізеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Топтық қаптаманы немесе көліктік қаптаманы таратқаннан және айналымға қатысушы көрсетілген тұтынушылық қаптаманы немесе топтық қаптаманы көтерме немесе бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушының сатуы (беруі) туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға бергеннен кейін Оператор тауар айналымының тиісті фактісінен өзге ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдары тізілімінде көрсетілген қаптаманы қадағалауды қалпына келтіру фактін көрсетеді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-тарау. Темекі бұйымдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы хабарламаны ресімдеу және айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Темекі өнімдерін:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өндіру кезінде – өндірушіден осындай адамға иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін оларды тарату және (немесе) пайдалану үшін қолжетімді ететін жаңа меншік иесіне не өзге де тұлғаға бастапқы өтеулі немесе тауарды өтеусіз беру;

      2) ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан темекі өнімдерін әкелу кезінде – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада импорттаушы мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша әкелінген тауарды есепке алу;

      3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан темекі өнімдерін әкелу кезінде – ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламада ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша кеден органдарының көрсетілген өнімдерді ішкі тұтыну үшін шығаруы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізу болып табылады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша айналымға қатысушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада бұрын өзі мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар кеден органдары ішкі тұтыну үшін шығарғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-не жібереді.

      44. Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарлама Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ АЖ-де техникалық қателер себебінен ТТҚ АЖ-де хабарламаны ресімдеудің мүмкін болмауы туралы ақпарат расталған кезде айналымға қатысушының қағаз жеткізгіште хабарламаны ресімдеуге құқылы болған жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны импорттаушы ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.

11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерінің айналымы кезінде қабылдау (беру) актісін ресімдеу және ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Қаулымен белгіленген сәйкестендіру құралдарымен темекі өнімдерін таңбалау енгізілген күннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) әкелінген темекі өнімдерінің айналымына, олардың айналымы туралы мәліметтер ТТҚ АЖ-ға берілген жағдайда ғана жол беріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Темекі өнімдерін жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау (беру) актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және темекі өнімдерін өткізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Оператор ТТҚ АЖ-да қабылдау (беру) актісін тіркеу нәтижелері бойынша нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне осы қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны және құны бойынша ақпаратты береді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Темекі өнімдерін алуды Қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қояды және ТТҚ АЖ-ға жіберіледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.03.2022 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Айналымның екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.

      50. Темекі өнімдерін қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, айналымға қатысушы анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама қалыптастырады және бұрын жөнелтілген қабылдау (беру) актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін оны тиеп жөнелтуді жүзеге асырған айналымға қатысушыға жібереді немесе оны қабылдаудан бас тартады.

      Қабылдау (беру) актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда айналымға қатысушы жаңа қабылдау (беру) актісін жазады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ жаңасын ресімдемей, алушы растаған сәтке дейін қабылдау (беру) актісін кері қайтарып ала алады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Анықталған алшақтықтар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) өнім берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) қабылданған темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) қабылдау (беру) актісінде (болған кезде) мәліметтері жоқ темекі өнімдерінің орамасындағы сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      5) қабылдау (беру) актісінде бағасы және құны бойынша мәліметтер анық емес сәйкестендіру кодтары мен темекі өнімдерінің тізімі;

      6) қабылдау (беру) актісінің деректемелері.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Қабылдау (беру) актісі Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ АЖ-да техникалық қателер себебінен ТТҚ АЖ-де қабылдау (беру) актісін ресімдеудің мүмкін болмауы туралы ақпарат расталған кезде айналымға қатысушы қағаз жеткізгіште қабылдау (беру) актісін ресімдеген жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген қабылдау (беру) актісін өнім беруші ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Жөнелтуші Қабылдау/беру актісін кері қайтарып алған жағдайда, Оператор ЭШФ АЖ-ға кері қайтарып алу туралы мәліметтерді береді.

      54. ТТҚ АЖ-да таңбалау кодтарының меншік иесін ауыстыру ТТҚ АЖ-да Қабылдау/беру актісінен расталған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

12-тарау. Темекі өнімдерін айналымнан шығару кезінде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі

      55. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы оларды ТТҚ АЖ-ға қабылдағаны туралы мәліметтер мынадай тәсілдердің бірі:

      1) өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасқан, сатылатын өнімнің қаптамасына техникалық құралдармен басылған сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану;

      осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны өткізу (сату) күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде ТТҚ АЖ-ға ұсыну арқылы расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.03.2022 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Фискалдық деректер операторы Азаматтық кодекстің 22, 25 және 24-тарауларына сәйкес Оператормен жасалған шарт негізінде мынадай мәліметтерді қамтитын әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша ТТҚ АЖ-ға нақты уақыт режимінде мәліметтерді беруді жүзеге асырады:

      1) сатушының ЖСН немесе БСН;

      2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

      3) фискалдық құжаттың деректемелері (чектің нөмірі мен күні);

      4) өткізу күні мен бағасы;

      5) тауарға түсірілген сәйкестендіру құралындағы тауарды сәйкестендіру коды.

      57. Бөлшек саудада сату кезінде ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерінің айналымынан шығару мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) Фискалдық деректер операторынан алынған, осы Қағидалардың 56-тармағында көрсетілген мәліметтердің негізінде;

      2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымның қатысушысы ТТҚ АЖ-ға ұсынған айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде;

      3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын, темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-ға ұсынған қабылдау (беру) актісін растау туралы мәліметтердің негізінде, айналымға қытысушының алынған темекі өнімдерінің айналымынан автоматты түрде шығуына келісуі туралы ТТҚ АЖ-да тиісті белгі болған және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген, айналымнан шығару туралы ақпарат ТТҚ АЖ-да болмаған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.03.2022 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      57-1. Темекі өнімдерін бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығарған кезде осы өнімді айналымнан шығаруды жүзеге асыратын айналымға қатысушы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны ТТҚ АЖ-ға ұсынады.

      Ескерту. Қағида 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      58. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 02.03.2022 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-тарау. Темекі өнімдерін қайта айналымға енгізген кезде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну тәртібі

      59. Темекі өнімдерін қайтарған кезде айналым қатысушы мұндай тауарларды одан әрі өткізу үшін айналымға қайта енгізуді орындайды.

      60. Бұрын бөлшек сауда кезінде айналымнан шығарылған темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша енгізуді жүзеге асырады. Бұл ретте айналымға қатысушының тапсырмасы бойынша Фискалдық деректер операторы нақты уақыт режимінде ТТҚ АЖ-да айналымға қайта енгізу туралы ақпаратты беруді жүзеге асырады.

      61. Осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгеннен өзгеше себептер бойынша бұрын айналымнан шығарылған темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы Операторға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпаратты жібереді.

      62. Ақпарат операторға темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

14-тарау. ТТҚ АЖ-дегі мәліметтерге өзгерістер енгізу тәртібі

      63. Осы Қағидалардың 4, 5, 10 және 11-тарауларында көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, айналымға қатысушы өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде ТТҚ АЖ арқылы Операторға осы мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат жібереді.

      64. Операторға бұрын ұсынылған бөлшек саудада сату болып табылмайтын темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді жою немесе түзету үшін айналымға қатысушы Операторға деректемелерін көрсете отырып, бұрын жіберілген мәліметтердің күшін жою туралы ақпарат жібереді және қажет болған кезде жаңа мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерді өзгерту туралы ақпаратты жіберген айналымға қатысушының қызметіне тексеру жүргізу кезеңінде айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-ға бұрын жіберген темекі өнімдерін айналымға енгізу, айналымы және оны айналымнан шығару туралы мәліметтерге ТТҚ АЖ-де өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

15-тарау. Айналымға қатысушылардың Операторға ақпаратты беру тәртібі

      66. Айналымға қатысушылардың ТТҚ АЖ операторына ақпарат беруі деректерді берудің стандартты хаттамаларын және Оператор әзірлеген электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерін пайдалана отырып не ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      67. Айналымға қатысушылар ТТҚ АЖ-ға жіберетін мәліметтерге айналымға қатысушының не айналымға қатысушының атынан уәкілетті тұлғаның мынадай:

      бұйрыққа сәйкес фискалдық құжаттар құрамында электрондық нысанда айналымға қатысушылар беретін темекі өнімдерін бөлшек саудада сату туралы;

      айналымға қатысушының темекі өнімдерін өндіру орындарында орнатылған ТБС пайдалана отырып, электрондық нысанда беретін мәліметтерін беру жағдайларын қоспағанда, ЭЦҚ-мен қол қойылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Темекі өнімдерін айналымға енгізуді, айналымын және айналымнан шығаруды жүзеге асыру кезінде ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсынуды айналымға қатысушы дәйекті түрде жүзеге асырады.

      Айналымға қатысушының топтық (көліктік) қаптама туралы мәліметтерді беруі ТТҚ АЖ деректері бойынша осы топтық (көліктік) қаптамадағы тұтынушылық (топтық) қаптамалар туралы мәліметтерді тең мәнді беру болып саналады.

      69. ТТҚ АЖ-да қабылдаған барлық құжаттар мен мәліметтер ТТҚ АЖ-да көрсетілуі тиіс.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Оператор мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда көзделген дұрыс емес мәліметтерді қамтыған;

      2) мәліметтерге ЭЦҚ-мен қол қойылмаған немесе айналымға қатысушының атынан оларға қол қою өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған жағдайда айналымға қатысушылар ұсынатын мәліметтерді ТТҚ АЖ-де қабылдаудан бас тартады.

      71. Айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-не жеке кабинет арқылы көрсетілген мәліметтерді қабылдау күні және ТТҚ АЖ-не мәліметтерді енгізу немесе оларды енгізуден бас тарту себептері туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны (түбіртекті) жіберу арқылы ұсынылған мәліметтерді алғаны және олардың ТТҚ АЖ-не енгізілгені туралы туралы хабардар етіледі.

      72. Мәліметтерді қабылдау туралы түбіртекте тіркелген күн ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну күні болып танылады.

      Айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну жөніндегі міндеттерді орындау фактісі ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді енгізу туралы түбіртекпен расталады.

      Көрсетілген хабарламалар (түбіртектер) ТТҚ АЖ-да автоматты түрде қалыптастырылады және берілген мәліметтерді ТТҚ АЖ-де тіркеген кезде айналымға қатысушыға электрондық түрде жіберіледі.

      73. ТТҚ АЖ-ға жіберілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылығы үшін ақпаратты ұсынатын айналымға қатысушылар жауаптылықтаболады.

      74. Темекі өнімдерінің айналымын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Оператор:

      1) айналымға қатысушылар туралы;

      2) міндетті таңбалануға жататын темекі өнімдері туралы;

      3) темекі өнімдеріне қажапсырылған сәйкестендіру құралдары туралы;

      4) осы тауарларды тұтынушылар анықтаған міндетті таңбалау туралы талаптарды бұзушылықтар туралы;

      5) айналымға қатысушыларға берілген сәйкестендіру кодтары туралы;

      6) таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және оларды айналымнан шығару туралымәліметтердің ТТҚ АЖ-да болуын қамтамасыз етеді.

      75. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16-тарау. ТТҚ АЖ-да орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу

      76. Оператор еркін пайдалану үшін "Интернет" желісінде мынадай:

      1) сәйкестендіру құралын оқу;

      2) ТТҚ АЖ-да сәйкестендіру құралында қамтылған ақпаратты беру;

      3) ТТҚ АЖ-дан темекі өнімдерінің атауы, өндірілген елі, өндіруші немесе импорттаушы, ағымдағы (соңғы) иесі, мәртебесі (сәйкестендіру құралдары) туралы мәліметтерді қоса алғанда, тексерілетін темекі өнімдері туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ осы ақпаратты электрондық құрылғы экранында көрсету;

      4) мобильді қосымшаны пайдаланушылардың ТТҚ АЖ-ға таңбалау тәртібінің ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тегін мобильді қосымшаны әзірлейді және орналастырады.

      77. ТТҚ АЖ-да қамтылған ақпаратқа қол жеткізу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылады.

      Қадағалау процесінде қалыптастырылған және ТТҚ АЖ-да қамтылған ақпаратты пайдалану үшін Оператор оған мынадай тұлғаларға:

      1) тауармен жасалған мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде тауар айналымына қатысушыға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар айналымына қатысушылар туралы, тауарлар және олардың айналымы туралы ақпарат бөлігінде осы мемлекеттік органдарға;

      3) ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарлардың сипаттамалары мен мәліметтері туралы ақпарат бөлігінде тұтынушыларға қол жеткізуді ұсынады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айналымға қатысушы туралы ақпарат:

      1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Ұйымның атауы ___________________________________

      3. Жалпы деректер:

      Өндірістік тапсырыс нөмірі ____________(міндетті емес)

      4. Өндіріс деректерді:

      Өндірістің сәйкестендіргіші (Орналасқан жердің жаhандық нөмірі) ________

      Өндіріс атауы ___________ (міндетті емес)

      Өндіріс мекенжайы ___________ (міндетті емес)

      Өндіруші ел _____________

      Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ____________

      Осы тапсырыс бойынша өнім өндірудің басталу күні ___________ (міндетті емес)

      5. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі:

Тауардың коды 1

Таңбалау кодтарының саны

Таңбалау кодтарының саны 2

Жеке сериялық нөмірлер массиві3

Қаптама түрі 4

1

2

3

4

5

6



















      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________

      Ескертпе:

      1 – бір сұрау салуда тауардың 10-нан артық коды көрсетілмеуі тиіс;

      2 – дербес/ Оператормәнді қабылдай алады;

      3 – егер жеке сериялық нөмерлерді генерациялау тәсілінің мәні "дербес" тең болған жағдайда көрсетіледі;

      4 – тұтыншылық(темекі, қорап), топтық (темекі, блоктар) мәнді қабылдай алады.

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі.

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айналымға қатысушы туралы мәлімет:

      1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Ұйымның атауы ___________________________________

      ___________________________________________________________

      3. Тапсырыс бойынша өндірістік алаңдар (коды) №:

      таңбалау код беріледі.

Тауар коды

Таңбалау кодтарының массиві
(сәйкестендіру коды + тексеру коды)

1

2

3




__



      Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сәйкестендіру құралдарын жапсыру туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айналымға қатысушы туралы ақпарат:

      1. Ұйымның ЖСН немесе БСН ____________________________________

      2. Ұйымның атауы _______________________________________________

      3. Жалпы ақпарат:

      Өндірістік желінің сәйкестендіргіші _______________________________

      Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші _____________(міндетті емес)

      Өнім брендінің атауы _________________(міндетті емес)

      ТТБФЖ енгізу туралы есептің сәйкестендіргіші ___________(міндетті емес)

      4. Пайдаланылған таңбалау кодтарының тізімі:

      Пайдалану түрі * _________________________________________________

№**

Таңбалау коды

1

2





      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚАЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ _________

      Ескертпе:

      * – таңбалау коды өндірістік желіге берілді/өддірістік желі таңбалау коды принтерге жібереді/ таңбалау коды басып шығарылды/принтермен таңбалау коды расталған жоғалуы/ таңбалау коды жапсыру расталдымәндерін қабылдай алады;

      **– таңбалау коды саны 30 000 кодтан аспауы тиіс.

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТПБ АЖ – технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

      ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпа

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Қаптаманы агрегирлеу туралы ақпарат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Айналымға қатысушы туралы мәлімет (Жалпы ақпарат):

      Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________

      Ұйымның атауы ___________________________________

      Өндірістік желінің сәйкестендіргіші ________________________

      Өндірістік тапсырыстың сәйкестендіргіші ___________________(міндетті емес)

      2. Агрегат деректері:

      Агрегирлеу түрі _______________

Агрегат деректері

Агрегирленген ТК массиві

Агрегирлеу бірлігінің сәйкестендіру коды

Қаптама сыйымдылығы

Агрегирлеу бірлігіндегі нақты дана саны

Сәйкестендіру коды*

1

2

3

4

5

6











      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________

      Құжатты ТТҚ АЖ-де тіркеу күні мен уақыты _________ __________

      Ескертпе:

      * – ТК болған жағдайда сәйкестендіру кодының форматы

      1) GS1 стандарты (мысалы, блоктар) қолданылады: 01+тауар номенклатурасы (GTIN)+21+сериялық нөмірі;

      2) GS1стандарты қолданылмайды (қорап): (GTIN) тауар номенклатурасы + сериялық нөмірі.

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ТК – таңбалау коды;

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақ

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ "___"_________№_____хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы ақпарат:

      1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Алушының атауы ___________________________________

      3. Жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірі (немесе жөнелтушінің еліндегі ұқсас нөмірі)_______________

      4. Жөнелтушінің атауы ___________________________________

      5. Аумағынан тауарларды әкелу жүзеге асырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет __________________

      6. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі)_______________

      7. Акцизді төлеу туралы мәліметтер:

      Түбіртектің күні мен нөмірі ___________ ___________

      Акциз сомасы _______________________

      8. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *_________________

      Тауарлар туралы ақпарат:

Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды

1

2





      Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________

      Ескертпе:

      * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы 20__ "___"_________ №_____хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы ақпарат:

      1. Алушының ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Алушының атауы ___________________________________

      3. Тауарларға арналған декларацияның деректемелері:

      Нөмірі және күні ("А" бағаны) ______________

      4. Тауарларға арналған декларация бойынша шешім:

      Кеден органының қабылдаған күні мен уақыты _____________

      шешім коды (кеден органы қабылдайтын шешімдердің жіктеуішіне сәйкес) ____ ________

      5. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркелген күні және тіркеу нөмірі) _______________

      6. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – Әкелу туралы хабарлама *____________________

      Тауарлар туралы ақпарат:

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Тауарларға арналған декларациясындағы тауар нөмірі

Темекі өнімдерін өндіру елі

Тауардың/
қаптаманың сәйкестендіру коды

1

2

3

4

5






      Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ____________________

      Ескертпе:

      * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген Хабарлама бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Темекі өнімдерін таңбалау
және қадағалау қағидаларына
7-қосымша
  нысан

20__ "___" _________ №_____ қабылдау (беру) актісі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 481 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жалпы ақпарат:

      1.1. Ұйым (дара кәсіпкер) - жөнелтуші

      1.2. Жөнелтушінің ЖСН-і немесе БСН-і

      1.3. Ұйым (дара кәсіпкер) - алушы

      1.4. Алушының ЖСН-і немесе БСН-і

      2. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – қабылдау (беру) актісі* 20_ "__" ____ № _____

      3. Тауарлар туралы ақпарат:

р/с №

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауар коды (GTIN)

Тауар атауы

Орама түрі**

Тауардың/ораманың сәйкестендіру коды

Тұтыну орамасының саны

Тауар бірлігінің бағасы

Тауардың ҚҚС-сыз құны

ҚҚС

Тауардың ҚҚС-пен жалпықұны

мөлшерлемесі

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Құжатқа ЭЦҚ-мен қол қойылған ___________________

      Ескертпе:

      ЖСН немесе БСН - жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      * - бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген қабылдау (беру) актісі бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      GTIN – Global Trade Item Number;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      **– тұтыну, топтық, көліктік мәндерді қабылдай алады;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Темекі өнімдерін таңбалау және
қадағалау қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Айналымнан шығару туралы хабарлама

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айналымға қатысушы туралы мәлімет:

      1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Ұйымның атауы ___________________________________________

      Шығарылу себебі:

      ___________________________________________________________

      202__ жылғы ______________ № _______ құжат

      Шығарылып тасталған өнім туралы мәліметтер:

Тауардың/қаптаманың сәйкестендіру коды

1

2





      Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ АЖ-да құжаттың сәйкестендіргіші ____________________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________

      Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Темекі өнімдерін таңбалау және
қадағалау қағидаларына
9-қосымша
  нысан

Айналымға енгізу туралы хабарлама

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.06.2023 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сатушы туралы мәлімет:

      1. Ұйымның ЖСН немесе БСН _______________________

      2. Ұйымның атауы ___________________________________

      202__ жылғы __________________________________________________

      № _______ негіздеме құжат.

      Айналымға енгізудің себебі ___________________



      Айналымда қалпына келтірілетін тауарлар туралы мәліметтер:

Тауардың сәйкестендіру коды

1

2





      Құжатқа ЭЦҚ- мен қол қойылған ____________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ АЖ-дағы құжаттың сәйкестендіргіші ___________________________

      ТТҚ АЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________

      Ескертпе: Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады