ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялар кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.
Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша (статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы өңірлердің деректері пайдаланылуы мүмкін) жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат) айқындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша алдыңғы жылғы статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деректері пайдаланылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ
мұнда:
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);
Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);
ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);
Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);
Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;
Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нсуб = Бкеп.сат – Бсат
мұнда:
Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;
Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.
Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі төмендейді, ал төмендеген субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:
Нсуб. қысқарт = Бн.сат – Бсат
мұнда:
Нсуб.қысқарт. – өнім бірлігіне арналған субсидиялар төмендеген нормативі, теңге/килограмм;
Бн.сат – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";
10-1-тармақ алып тасталсын;
14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді беруі.
"Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 211 бұйрығымен (01.07.2024 қолданысқа енгізіледі).3) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;
4) СМАЖ мен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің және дайын өнімді сатып алушының алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан кейін шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы.
15. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.
Министрлік осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
16. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
S = (Vс*Кқ) * Нсуб,
мұнда:
S – субсидиялар мөлшері, теңге;
Vс – сатылған өнімнің көлемі, килограмм;
Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;
Нсуб – субсидиялар нормативі, теңге / килограмм.
Егер ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынған көлемі (Vс*Кқ) осы Қағидалардың 14-тармағы 4) тармақшасына сәйкес расталған нақты сатып алынған көлемнен асып кетсе, онда субсидиялар сомасын есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған көлемі пайдаланылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 14-тармағы 4) тармақшасының талаптарын СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім СМАЖ-да өңдеуші кәсіпорынның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электронды хабарлама жолданады.
Өңдеуші кәсіпорын көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігі анықталса, өңдеуші кәсіпорын қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарын СМАЖ-да қалыптастырады.
Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.
Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді.
Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.
Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан мәлімделген субсидиялар көлемі асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19856 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 211 бұйрығымен (01.07.2024 қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасының отыз тоғызыншы, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, жетпісінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 22,5 |
Сүт | Қатты ірімшік | 12 |
Сүт | Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) | 7,3 |
Нысан
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
________________________________________________ жергілікті атқарушы органына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
(кімнен)___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік және құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) өндіру және өткізу үшін (бір өңдеуші кәсіпорынның тереңдете өңделген өнімнің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке беріледі) _____ килограмм
көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _______________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________
мекенжайы:__________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді_____________________________________________________
берілген күні _________________________________________________
мекенжайы:___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _________________________________________
Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарламаның берілген күні _____________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта
операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН ____________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________
банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________
банктік сәйкестендіру коды ____________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________________________
БСН ______________________________________________________
Кбе ______________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда | Құны, теңге | Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі) |
4. Дайын өнімнің өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер, (өтінім берілген сәтте) (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактура күні | Дайын өнімнің атауы | Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм | 1 кг бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, теңге | Құны, теңге | Сатып алушының ЖСН / БСН және атауы (өнімді бөлшек саудада өткізген жағдайда сатып алушының ЖШС/БСН және атауы болған жағдайда көрсетіледі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
5. Тиесілі субсидияларды есептеу (автоматты түрде толтырылады):
Тереңдете өңделген өнімінің атауы | Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі | Шот-фактураның деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған жалпы көлемі, килограмм | Субсидия нормативі, теңге / килограмм | Төмендетілген субсидиянормативі, теңге/килограмм (бар болса) | Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ ж. "__"______ сағат___-де қол қойып жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 14 маусымдағы № 229 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 211 (01.07.2024 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі
1. Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт.