Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32837 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 53 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі - облигациялар) (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және толықтыруларды тіркеу), облигациялар шығарылымының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындайды.";

      3, 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің, көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың тізбесі) келтірілген.

      Эмитент өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, автоматты түрде көрсетіледі.

      3-1. Уәкілетті орган эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді және мемлекеттік қызмет көрсету үшін басқа да мәліметтерді орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорларынан алады.

      3-2. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтінішін қабылдауды, оны тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) оның келіп түскен күні орындауға жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданыс мерзімін тексеруді:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;|

      облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталуы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және эмитентке жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту эмитентке электрондық нысанда портал арқылы жіберіледі.

      3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмағаны анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күнінің;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің;

      эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

      жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

      облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;

      жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның уәкілетті адамының қолын қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган эмитентке мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ эмитентке алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанда эмитентке "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";

      18-тармақ алып тасталсын;

      20 және 20-1-тармақтар алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті) қағаз тасымалдағышта мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаның) түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, эмитент оның телнұсқасын алуы қажет болған кезде портал арқылы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің) телнұсқасын беру үшін уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық нысандағы өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттың телнұсқасын электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымы шарттарында, оның ішінде жеке меморандумдарда қамтылған ақпаратты уәкілетті орган шығарылым шарттарын мемлекеттік тіркегеннен кейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) шарттарын оларға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) немесе облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастыру арқылы ашады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Эмитент уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тіркеген облигациялар шығарылымы шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, эмитент мыналардың электрондық нысанын толтырады:

      осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар жасау және ресімдеу қағидаларына (Проспектіні жасау және ресімдеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);

      Проспектіні жасау және ресімдеу қағидаларына 2 қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі;

      Проспекті жасау және ресімдеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі).

      Электрондық нысандарды толтыру кезінде эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді өзектендіру талап етілмейді.";

      26 және 27-тармақтар алып тасталсын;

      30-тармақ алып тасталсын;

      30-2 және 30-3-тармақтар алып тасталсын;

      30-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-6. Эмитент уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тіркеген жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, эмитент Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жеке меморандумның электрондық нысанын толтырады.";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағына сәйкес эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттарды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жояды және эмитентке Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Облигациялар шығарылымы эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне деректер енгізілген күннен бастап жойылады.";

      41-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, жеке меморандумды (бұдан әрі – Талаптар) тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі – облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу) үшін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      5-1 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Талаптарға 1-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін мыналарды ұсынады:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесі (соттың шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органының жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы көшірмесі.

      Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Егер номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымы кезінде эмитенттің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінен басқа жеке меморандум ағылшын тілінде жасалса, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінен басқа ағылшын тілінде де жасалады.

      6. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісі), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы қағидаларының 3-тармағында көрсетілген құжаттардан бөлек эмитент уәкілетті органға сот бекіткен және облигациялар шығарылымы шарттарының өзгерістерін қамтитын қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін жібереді.";

      10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою үшін құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар жасау және ресімдеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) эмитент уәкілетті органға бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы электрондық нысанда жібереді.";

      9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ және орыс тілдерінде жасалған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жіберіледі.

      Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде де жасалады.".

      2. "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы №42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20223 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген қаулымен бекітілген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін құжаттар тізбесі және көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қойылатын талаптар тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялар шығарылымы проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Акциялар шығарылымы проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және акциялар шығарылымы проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Акциялар шығарылымы проспектісін қоғам уәкілетті органға бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.";

      7, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Акциялар шығарылымы проспектісі қазақ және орыс тілдерінде жасалған өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, электрондық нысанда жіберіледі.".

      3. "Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 19 қазандағы № 101 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы", "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) облигациялар шығарылымын;
2) облигациялық бағдарламаны;
3) облигациялық бағдарламаны және көрсетілетін қызметті алушы бір уақытта ұсынған облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын;
4) уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын;
5) айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын;
6) жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын;
7) уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын;
8) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
9) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну түрлері

Барлық кіші түрлер бойынша: бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:
облигациялар шығарылымын – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаны - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаның және көрсетілетін қызметті алушы бір уақытта ұсынған облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын- құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кіші түрлер бойынша:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар бағдарламаны мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар бағдарлама шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - облигациялық бағдарлама шегінде электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялар шығарылымына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы кезінде жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум не мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) уәкілетті органның – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану, облигациялар шығарылымының көлемі, саны және түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы туралы шешімінің электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі туралы мәліметтерді қамтитын облигациялық бағдарлама шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
3) электрондық нысанда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
4) электрондық нысанда жеке меморандум (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайында);
5) электрондық нысанда айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайында);
6) көрсетілетін қызметті алушының жарғысының электрондық көшірмесі (бар болса) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
7) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылымы жағдайында көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
8) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға көрсетілетін қызметті алушы бастамашылық жасаған жағдайда) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
9) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті алушының табысын оның қатысушылары арасында бөлу тәртібінің электрондық көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайында);
10) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің (эмитентте еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің (жаңадан құрылған көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда) электрондық көшірмелері (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
11) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусым аралығы кезеңінде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жылдағы қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, егер осы құжаттар облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда ұсынбайды.
Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын, дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы қоса берілген құжаттың электрондық көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы қоса берілген құрылтай құжаттарының электрондық көшірмесі;
3) шет мемлекеттің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күннен бастап үш ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтер мен бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы хатының электрондық көшірмесі (егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы болып табылса).
Көрсетілетін қызметті алушы қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін ұсынады.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының электрондық түрдегі проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) оның негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген органның шешімінің (хаттамасының) немесе отырыс хаттамасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі.
Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық түрде жеке меморандум;
3) жеке меморандумға оның негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген органның шешімінің (хаттамасының) немесе отырыс хаттамасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
4) сот бекіткен және облигациялар шығарылымы талаптарының өзгеруін қамтитын қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесі (қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес эмитент қайта құрылымдау жүргізген жағдайда).
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорларынан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еместігін анықтау талаптары мен тәртібін бұзуы. Көрсетілген негізден басқа, уәкілетті орган егер:
1) көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша ерікті делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілген;
2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыстағы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып түсетін болса, көрсетілетін қызметті алушыға облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулар анықталған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
2-Қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
2-Қосымша

      Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20 __ жылғы "___" _________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      тіркелген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (облигациялардың саны, облигациялар түрі цифрмен және жазбаша),

      ___________________________________________________ облигацияларға бөлінген,

      оларға____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген.

      Бір облигацияның номиналды құны __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазбаша)

      Облигациялар шығарылымының көлемі

      __________________________________________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың

      _____________________________________________________________ теңге болады.

      жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      __________________________________________________________________________

      Уәкілетті тұлға ________________________ ____________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)             (тегі, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
3-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20 __ жылғы "___" ___________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарламасын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

      Облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі _______________________

      ________________________________________________________ теңгені құрайды.

      (цифрмен және жазумен)

      Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне ____ нөмірімен енгізілді.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      Уәкілетті адам ___________________________ _________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
4-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20 __ жылғы "___" ___________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

      Шығарылым ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      ________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

      ______________________________________________________________________

      берілген облигацияларға бөлінген.

      Бір облигацияның номиналды құны ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазумен)

      Облигациялар шығарылымының көлемі _______________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналды құны

      _____________________________________________________________ теңге болады.

      цифрмен және жазумен)

      Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитент облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Уәкілетті адам _______________________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)             (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
5-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      20___ жылғы "____"_______ Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тіркеуші органның атауы, эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

      _________________________________________________________________________,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      тіркеген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері)

      облигациялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

      _________________________________________________________________________.

      Шығарылым_______________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және жазбаша,

      __________________________________________________________________________

      _______________________________облигациялар түрі) облигацияларға бөлінген.

      Облигациялар шығарылымының

      __________________________________________________________________________

      (күшін жою себебі)

      _______________________________________ байланысты күші жойылды.

      Уәкілетті адам ____________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Тізбе) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және көрсетілген құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мына құжаттарды ұсынады:

      1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы электрондық нысандағы өтініш;

      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы эмитент органының шешімі қабылданған күнгі жағдай бойынша орталық депозитарий берген облигациялар ұстаушылардың жоқтығын растайтын бағалы қағаздарды ұстаушылардың электрондық тізілімі (егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигациясын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда) (эмитент белгілеген күнге автоматты түрде қалыптастырылады);

      4) сот бекіткен, эмитентті қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесі (қаржы ұйымдарын, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);

      5) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының электрондық көшірмесі (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).

      Облигациялар шығарылымының айналыс мерзімі өткеннен кейін олардың күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға Тізбенің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты жібереді.

      Тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қамтылған эмитенттің облигациялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган Тізбенің 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмастан қабылдайды.

      3. Облигациялар шығарылымының күші жою кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасын эмитент жоғалтқан жағдайда, эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажет болған кезде уәкілетті органға облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабар жарияланған күн туралы мәліметтерді көрсете отырып, портал арқылы электрондық нысанда өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитентке "жеке кабинетке" портал арқылы электрондық нысанда құжаттың телнұсқасын жібереді.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
7-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
1-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу), акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою талаптары мен тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс-орталығына жіберіледі.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

2-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      4. Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) еркін нысанда жасалған өтінішті бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) электрондық түрде ұсынады.

      "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, онда қызмет көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - акциялар шығарылымын тіркеу тізбесі) келтірілген. Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі. Заңды тұлға ретінде қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алады.

      5. Қоғам орталық депозитариймен уәкілетті органға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында құжаттарды ұсынғанға дейін қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге шарт жасайды.

      6. Уәкілетті органның хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Қоғам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Меркелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін:

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні;

      акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақпен белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және қоғамға жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қоғамға портал арқылы электрондық нысанда жіберіледі.

      8. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттардың Акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күні;

      акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде 7 жұмыс күні ішінде қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық нысанда қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету процестері бірдей.

      9. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      10. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган қоғамның "жеке кабинетіне" электрондық нысанда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және жарияланған акциялар шығарылымы проспектісін жібереді.

      11. Қоғам акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін электрондық нысанда:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - қоғам атауының және оның орналасқан жерінің өзгеруін растайтын құжаттарды қоғам алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды уәкілетті органға ұсынады.

      12. Уәкілетті орган қоғам жарияланған акциялар шығарылымын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, жарияланған акциялар шығарылымын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартады. Жарияланған акциялар шығарылымын немесе акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда қоғам Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 11-бабының 8-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жояды және құжаттарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

      13. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген жарияланған акциялар шығарылымын қағаз тасымалдағышта мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, қоғам құжаттардың телнұсқасын алу қажет болған кезде бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні жайлы мәліметтерді көрсете отырып, уәкілетті органға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін портал арқылы электрондық нысанда жасалған өтініш береді.

      Уәкілетті орган қоғамға өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.

      14. Уәкілетті орган акциялар шығарылымы проспектісінде қамтылған, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістер туралы, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында акциялар шығарылымы проспектісін, оған енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, орналастыру арқылы акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістер туралы, уәкілетті орган акциялар шығарылымы проспектісін мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде акциялар шығарылымының күшін жою туралы, акциялар шығару проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы есепті бекіту туралы, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістерді қабылдау, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті, акциялар шығарылымының күшін жою туралы есепті бекіту туралы ақпаратты жариялайды.

      15. Қоғам 2023 жылғы 1 шілдеге дейін уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, қоғам акциялар шығарылымы проспектісін жасау және ресімдеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес акциялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулардың, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің, осы қаулымен бекітілген акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің электрондық нысанын толтырады.

      Электрондық нысандарды толтыру кезінде эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді өзектендіру талап етілмейді.

3-тарау. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту тәртібі

      16. Қоғам акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға еркін нысанда жасалған ілеспе хатты портал арқылы электрондық түрде жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қамтитын "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту бойынша талаптарды тізбесі). Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынбайды. Акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күні акцияларды орналастырудың есепті кезеңі соңғы айының тиісті күні болып табылады.

      17. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Қоғам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      18. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және қоғамға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қоғамға портал арқылы электрондық нысанда жіберіледі.

      19. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық нысанда қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      21. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.

      22. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайда акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады.

      23. Қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 7-тармағында белгіленген мерзімде пысықталған есепті уәкілетті органға қайта ұсынады.

      24. Акцияларды бөлшектеу жағдайында қоғам уәкілетті органға портал арқылы акцияларды бөлшектеуді аяқтау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде акцияларды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті орган бекіткен есепке өзгерістерді қарауға және мәліметке алу үшін электрондық нысанда ұсынады.

      25. Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді уәкілетті орган 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      26. Қоғам ұсынған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қоғам акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді мәліметке алмайды және бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болатын ақпарат және құжаттар ұсыну қажеттілігі туралы хатты электрондық нысанда жолдайды.

4-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібі

      27. Қоғам акциялар шығарылымының күшін жою үшін Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органға электрондық нысанда портал арқылы өтініш жасайды. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда көрсетілген, қоғамның жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттарын оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      28. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымының күшін жояды және қоғамға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті жібереді.

      29. Акциялар шығарылымы қоғамға жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік жіберілген күннен бастап жойылады.

      30. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тiркеуін жарамсыз деп тану туралы немесе қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімдерін және (немесе) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен қоғамды тарату немесе қоғамды қайта ұйымдастыру туралы ақпарат алған күннен кейін осы қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда көрсетілген құжаттарды ұсынбай-ақ 10 (он) жұмыс күні ішінде қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын жояды. Уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдайды. Қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің және (немесе) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен қоғамды тарату немесе қоғамды қайта ұйымдастыру туралы ақпараттың және (немесе) уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда деректер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап қоғамның акциялары шығарылымының күші жойылады. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің негізінде жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда уәкілетті орган қоғамға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті электрондық нысанда жібереді.

      31. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюдан бас тартады. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюдан бас тартылған жағдайда, қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға электрондық нысанда құжаттарды қайталап ұсынады.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      32. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік қызмет туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

      33. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда қоғамның - қоғамның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты акциялар шығарылымын тіркеу бойынша талаптар тізбесінде және акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекіту бойынша талаптар тізбесінде көрсетілген бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда қоғамға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
1- қосымша

"Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – мемлекеттік реттеуге берілген құжаттарды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда-жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі электрондық нысанда,
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар санының ұлғайған және (немесе) олардың түрлері өзгерген, және (немесе) атауы өзгерген, және (немесе) акционерлік қоғамның орналасқан жері өзгерген кезде)және электрондық нысанда - акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда-өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган - Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің шешімі) хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі;
4) электрондық нысандағы жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі;
5) акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылған, жарияланған акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Акционерлік инвестициялық қордың жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа акционерлік инвестициялық қор акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясының шарттары жобаларының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларацияның электрондық көшірмесін қосымша ұсынады.
Акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды есепке ала отырып акциялар шығарылымының проспектісі;
3) шешімнің (хаттаманың) электрондық көшірмесі немесе оның негізінде акционерлік қоғамның акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген акционерлік қоғам органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын (мерзімі өткен салық берешегін өтеу үшін акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар жеткіліксіз болған жағдайда) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға көрсетілетін қызметті алушының жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзуы және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еместігін анықтау негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда, бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын Мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылым
проспектісіне өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

20_ жылғы "___"

Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акционерлік қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      тіркелген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері)

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акциялар саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі) акцияларға бөлінген,

      оларға

      __________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) берілген.

      Бір акцияның номиналды құны

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________теңге.

      (акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде толтырылады). (цифрмен және жазбаша)

      Акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________

      Уәкілетті адам

      __________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                   (тегі, инициалдары)

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік
қоғам акцияларының басқа
түріне айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
3- қосымша

"Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту;
3) акцияларды бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін: Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер үшін: электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
Көрсетілетін қызметті алушының атына:
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бекітілген жағдайда, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы;
акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп бекітілген жағдайда, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы;
қоғамның акцияларын бөлшектеумен байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер назарға алынған жағдайда, қоғамның акцияларын бөлшектеумен байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу туралы хат;
не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган - Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық ілеспе хат;
2) көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру қорытындылары туралы электрондық нысандағы есеп;
3) көрсетілетін қызметті алушының акцияларына ақы төлегенін растайтын электрондық құжаттардың көшірмелері;
4) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған айдың немесе көрсетілетін қызметті алушының барлық жарияланған акциялары орналастырылған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалған шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі.
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту (акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту):
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық ілеспе хат;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы электрондық нысандағы есеп;
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауға негіз болған шешімнің (хаттаманың) электрондық көшірмесі.
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту (акцияларды бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу):
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) электрондық нысандағы қоғам акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенін анықтауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда, бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы
есепті, акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      20_ жылғы "___" __________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ___________ тіркелген

      (акционерлік қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      ______________________ (акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері)

      жарияланған акциялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген органның атауы, күні, айы, жылы) тіркелген.

      Шығарылым акцияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды)

      _________________________________________________________________________.

      Шығарылым _____________________________________________________________

      (акциялар саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

      _______________________________________________________ акцияларға бөлінген.

      Акциялар шығарылымының

      __________________________________________________________________________

      (күшін жоюдың себебі) байланысты күші жойылды.

      Уәкілетті адам _________________________________ ____________________________

                  (электрондық цифрлық қолтаңбасы)             (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
8-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
2-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу), акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Қоғамның жарияланған акцияларының төлемін растайтын құжаттар (аталғандардың біреуі немесе бірнешеуі):

      1) төлем құжаттары;

      2) мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсі, беру актісі, ақшалай міндеттемелерді салыстырып тексеру актісі;

      3) бағалау туралы есеп (қоғамды қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда);

      4) орталық депозитарийдің орналастырылатын акциялар төлеміне енгізілетін бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

      5) жарияланған акциялардың ақысына енгізілген мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар (төлем меншік құқығын тіркеуді талап ететін мүлікпен жүргізілген жағдайда).

      3. Қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы туралы немесе оның негізінде акциялар шығарылымы проспектіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімде (хаттамада) мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы (дауыс беретін барлық акцияларға ие акционердің шешімі) немесе одан үзінді-көшірме:

      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны;

      акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;

      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;

      акционерлердің жалпы жиналысында оның негізінде жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;

      акционерлердің жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерінің) және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      акционерлердің жалпы жиналысына қатысушылардың сөйлеген сөздері;

      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде дауыс беруге қойылған әрбір мәселе бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс берудің қорытындылары;

      қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында оның негізінде жарияланған акциялар шығарылымы проспектіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша қабылданған шешім.

      Акционерлердің (қоғамның дауыс беретін барлық акцияларына ие акционердің) жалпы жиналысының хаттамасынан (шешімінен) үзінді-көшірме акционерлердің жалпы жиналысы хатшысының (корпоративтік хатшысының) қолымен расталады;

      2) директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының хаттамасы немесе одан үзінді-көшірме:

      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

      директорлар кеңесінің (атқарушы органның) отырысын өткізу күні, уақыты мен орны (ішкі отырыс болған жағдайда);

      директорлар кеңесінің (атқарушы органның) отырысына қатысқан (сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

      директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының кворумы;

      шешімдері жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкелген директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының күн тәртібінің мәселелері;

      директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша директорлар кеңесінің (атқарушы органның) әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижесін көрсете отырып, отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған әрбір мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары;

      жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мәселесі бойынша қабылданған шешім.

      Директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме қоғамның уәкілетті қызметкерінің қолымен расталады.

      Атқарушы орган отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме қоғамның атқарушы органы басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен расталады.

      4. Қоғам ұсынатын жылдық қаржылық шоғырландырылмаған есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда және шығын туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Қоғам ұсынатын аралық қаржылық шоғырландырылмаған есептілік бухгалтерлік баланстан, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен тұрады.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
9-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
3-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Тізбе) "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және аталған құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Сот жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп таныған жағдайда, қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамның жарияланған акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін жібереді.

      3. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы шешім (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) қабылдаған жағдайда қоғам акциялар шығарылымын жою үшін портал арқылы уәкілетті органға белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты акциялар шығарылымының күшін жою туралы қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) электрондық көшірмесін;

      3) акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) бекіткен қоғамның тарату балансының электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      4. Қоғам мәжбүрлеп таратылған жағдайда қоғам белгіленген мерзімде портал арқылы уәкілетті органға акциялар шығарылымының күшін жою үшін мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін;

      3) сот бекіткен қоғамның тарату балансының электрондық көшірмесін жібереді.

      5. Қоғамды шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қайта ұйымдастырған жағдайда қоғам белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қайта құруды жүзеге асыру тәртібінде және жағдайларда, шаруашылық серіктестіктің қатысу үлестерін немесе өндірістік кооператив мүшелерінің пайларын айқындау тәртібінде қабылданған шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған қайта құрылатын қоғамның жарияланған акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімнің электрондық көшірмесін;

      3) атқарушы органдардың басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен қайта құрылатын қоғамның бас бухгалтері немесе олардың орнын ауыстыратын адамдар (міндеттерді орындауды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      6. 2 (екі) немесе бірнеше қоғамды біріктіру арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастырылатын қоғамдар белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жекелеген қоғам акционерлерінің білікті көпшілік дауыстарымен қабылданған біріктіру жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешімнің электрондық көшірмесін, сондай-ақ әрбір қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімдердің электрондық көшірмелерін;

      3) уәкілетті тұлғалар қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) біріктіру жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесін;

      5) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтамалардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      7. Қоғамды (қоғамдарды) басқа қоғамға қосу арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын қоғам (қосылатын қоғамдар) белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қосу жүзеге асырылатын қоғамның және қосылатын қоғамның (қоғамдардың) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған қосу жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешімнің электрондық көшірмесін, сондай-ақ қосылатын қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған қосылатын қоғамның акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімнің электрондық көшірмесін;

      3) уәкілетті тұлғалар қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қосылатын қоғамның (қоғамдардың) акцияларын сатып алғанын растайтын қосу жүзеге асырылатын қоғамға орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      8. Қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамға бөлу арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда, бөлінетін қоғам белгіленген мерзімде акциялары шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамға бөлу арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы және бөлінетін қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған бөлінетін қоғамның акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімдердің электрондық көшірмелерін;

      3) бөлінген қоғамдардың мүдделерін оларды құру барысында білдіру тапсырылатын тұлғалар қол қойған бөлу балансының электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамдарға бөлу арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      9. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою кезінде уәкілетті орган қағаз тасымалдағышта берген жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажет болған кезде бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні жайлы мәліметтерді көрсете отырып, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін портал арқылы уәкілетті органға электрондық нысанда өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган қоғамға өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын портал арқылы "жеке кабинетке" электрондық нысанда жібереді.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілер тізбесіне
10-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 19 қазандағы
№ 101 қаулысымен
бекітілді

Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі − Инвестициялық қорлар туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу шарттары мен тәртібін белгілейді.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) басқарушы компания, көрсетілетін қызметті алушы – уәкілетті орган берген лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

      3) пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) Инвестициялық қорлар туралы заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Инвестициялық қорлар туралы заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;

      4) портал - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының веб-порталы;

      5) өтініш – инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (немесе) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды келісу үшін өтініш;

      6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

2-тарау. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу шарттары мен тәртібі

      4. Басқарушы компания инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу және инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды келісу үшін уәкілетті органға Инвестициялық қорлар туралы заңның 20-бабының 1 және 1-4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      5. Басқарушы компания талап етілетін құжаттармен қоса инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу және инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды келісу үшін өтінішті уәкілетті органға электрондық нысанда портал арқылы еркін түрде жібереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетеді.

      6. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тіркеген инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды келісу қажет болған кезде, басқарушы компания Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық пай қорының қағидаларының электрондық нысанын ұсынады.

      7. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті органның қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Басқарушы компания уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды портал арқылы электрондық нысанда жібереді.

      9. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хаттың жобасын дайындайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті компанияға "жеке кабинетіне" уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанда жібереді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу автоматты режимде жаңартылады.

      11. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган басқарушы компанияға электрондық нысанда:

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде);

      өзгерістер мен толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіскен кезде);

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (басқарушы компания ауысқан кезде және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу кезінде) жібереді.

      12. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады:

      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе дәйексіз мәліметтердің болуы;

      3) басқарушы компания қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      13. Уәкілетті орган:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде;

      2) инвестициялық пай қорының келісуге ұсынылған қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы қайшы немесе жаңылыстыратын мәліметтер бар болған кезде инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды келісуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары лауазымды адамы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Инвестициялық қорлар туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.

      15. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда заңды тұлға атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді.

      Шағымды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шағым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      "Жеке кабинетте" портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

  Инвестициялық пай қоры
пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша

"Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
2) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрі бойынша:
бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде: 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде: күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрі бойынша:
Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кіші түрі бойынша:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда инвестициялық қор қағидалары электрондық нысанда;
өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидалары (инвестициялық пай қорының өзгерістері мен (немесе) толықтыруларды келісу кезінде);
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (басқарушы компанияны ауыстырған және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу кезінде) не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті органның – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Кіші түрлер бойынша:
пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi (электрондық нысанда);
3) қордың директорлар кеңесі, басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін жалғыз акционерi) бекiткен инвестициялық пай қорының қағидалары (электрондық нысанда);
4) егер басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, оның қызметiнiң, басқарушы компанияның құрылымдық бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң талаптары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары бұған дейін уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, көрсетiлген құжаттар (электрондық нысанда).
Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар (өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде) ескерілген қор қағидалары –инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды келіскен жағдайда (электрондық нысанда);
3) қор қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген орган отырысының шешімінің (хаттама) көшірмесі немесе хаттамасының үзінді көшірмесі (электрондық нысанда).
Уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе дәйексіз мәліметтердің болуы;
3) басқарушы компания қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс не техникалық ақаулар анықталған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Инвестициялық пай қоры
пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша

Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20 __ жылғы "___" _________                                     Алматы қаласы

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (инвестициялық пай қорының толық атауы және орналасқан жері)

      _________________________________________________________________ құрылған

      __________________________________________________________________________

      (басқарушы компанияның атауы)

      пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

      Осы шығарылым пайларына халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

      ___________________________________________________________________ берілді.

      Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Уәкілетті адам _____________________________________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (тегі, аты-жөні)

  Инвестициялық пай қоры
пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша

Инвестициялық пай қоры қағидаларының құрылымы

      1. Инвестициялық пай қорының қағидалары:

      1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауын;

      2) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының толық атауын және орналасқан жерін;

      3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауын және орналасқан жерін, оның құқықтары мен міндеттерін;

      4) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына және кастодианына аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауын;

      5) инвестициялық декларацияны;

      6) инвестициялық декларацияның талаптарына сәйкес инвестициялық пай қорының активтерін келтіру тәртібі мен мерзімдерін;

      7) инвестициялық пай қоры жұмыс істейтін мерзімді не оның мерзімсіз жұмыс істеуі туралы нұсқауды;

      8) инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шартын;

      9) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезінде инвесторлардың тәуекелдері сипатын;

      10) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының құқықтары мен міндеттерін;

      11) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайдың номиналды құнында көрсетілген өзге валютада көрсетілетін бастапқы орналастыру кезеңінде инвестициялық пай қоры пайының номиналды құнын;

      12) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдер беру және орындау талаптары мен тәртібін;

      13) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен міндеттерін;

      14) инвестициялық пай қоры активтерінің құнын және пайдың есептік құнын есепке алу және анықтау тәртібін;

      15) пайларды орналастыру кезінде олардың есептік құнына үстемақыны қолдану талаптары және есептеу тәртібін;

      16) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы қордың активтері есебінен төлеуге жататын өзге де адамдардың шығыстары мен сыйақыларының түрлерін, оларды анықтау тәртібі мен ең жоғары мөлшерлерін;

      17) басқарушы компания немесе кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі қызметін жүзеге асыра алмағанда немесе одан бас тартқан жағдайда, оларды ауыстыру талаптары мен тәртібін;

      18) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру талаптары мен тәртібін;

      19) инвестициялық пай қоры жұмысының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланатын баспа басылымының атауын көрсете отырып инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату, оның ішінде қор жұмысын тоқтату кезінде пайларды сатып алу талаптары мен тәртібін;

      20) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есептерді ұсыну талаптары мен тәртібін;

      21) пай ұстаушылардың алдында инвестициялық пай қоры, оның қағидалары мен ондағы өзгерістер, қордың таза активтері құнының және пайдың есептік құнының өзгергені, пайдың орналастырылғаны және сатып алынғаны туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар, олардың қызметі туралы ақпаратты жария ету талаптары мен тәртібін;

      22) инвестициялық пай қорының байланыс телефондарының нөмірлерін, орналасқан жерін көрсете отырып пайларын орналастыру және сатып алу бойынша басқарушы компания өкілдерінің тізбесін қамтиды.

      2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының қағидалары, Инвестициялық пай қорының Қағидалар құрылымының (бұдан әрі – Қағидалар құрылымы) 1-тармағында көзделген мәліметтерден басқа, мыналарды:

      1) пайды сатып алуға өтінім беру және орындау талаптары мен тәртібін;

      2) пайларды сатып алуды тоқтата тұру талаптары мен тәртібін;

      3) басқарушы компания пайды сатып алу кезінде оның есептік құнымен жеңілдікті қолдану талаптары және есептесу тәртібін;

      4) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуі талаптары мен тәртібін;

      5) пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруындағы ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларына алмастыру талаптары, басқарушы компанияның және қор кастодианының, сондай-ақ орталық депозитарийінің пай алмасу рәсімдерін жүргізуі талаптары мен тәртібін;

      6) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді қамтиды.

      3. Жабық инвестициялық пай қорларының қағидалары Қағидалар құрылымының 1-тармағында көзделген мәліметтерден басқа, мыналарды:

      1) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу талаптары мен тәртібін;

      2) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырту және өткізу талаптарын, мерзімдерін және тәртібін, күн тәртібін, жалпы жиналыстың кворумын, жалпы жиналыстағы өкілдікті айқындау тәртібін, дауыс беру, дауыстарды санау, жалпы жиналыс хаттамасын ресімдеу тәртібін қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады