"Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32946 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      1. "Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде негізгі қуат анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және негізгі қуат иелерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) орналастырады.

      Тізбе тауар нарығының, нарық субъектісінің, негізгі қуат иеленушінің толық атауын қамтиды.

      4-2. Қорытынды мен тізбе орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оны негізгі қуаттың иесі деп тану туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      4-3. Негізгі қуат иесі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң өзінің қызметін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіреді.

      4-4. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі осы Қағидалардың 4-3-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.

      4-5. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы орган дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.

      Қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы орган дәлелді өтінішті қарау мерзімін, негізгі қуат иесіне дәлелді өтініш тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарлай отырып, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тараумен толықтырылсын:

      "2-2-тарау. Тікелей жеткізу шеңберінде, тауар биржаларынан тыс (бензин, авиациялық және дизель отыны) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бастапқы көтерме саудада өткізу тауар нарықтарында негізгі қуатқа тең қолжетімділікті ұсыну ерекшеліктері";

      мынадай мазмұндағы 18-11, 18-12, 18-13, 18-14, 18-15, 18-16, 18-17, 18-19, 18-20, 18-21 және 18-22-тармақтармен толықтырылсын:

      "18-11. Тікелей жеткізу шеңберінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (бензин, авиациялық және дизель отыны) (бұдан әрі - мұнай өнімдері) (бұдан әрі – мұнай өнімдерінің тауар нарығы) бастапқы көтерме саудада өткізу тауар нарықтарында негізгі қуаттың иесі болып мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай жеткізуші және (немесе) одан әрі өткізу мақсаттары үшін үстем немесе монополиялық жағдайға ие импорттаушы танылуы мүмкін.

      18-12. Негізгі қуат иесі өзінің интернет-ресурсында:

      мұнай өнімдерін немесе мұнай өнімдерінің әрбір түрін жеке сатып алу-сатудың Үлгілік шартын (бұдан әрі – Үлгілік шарт);

      қосылған құн салығынсыз жеткізудің алдағы айына мұнай өнімі бірлігінің бағасын, сондай-ақ мұнай өнімдерін жеткізу құнын;

      шарт жасасуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау үшін ақпараттық жүйенің және мұнай өнімдеріне қолжетімдік алу тәртібінің болуы туралы ақпаратты орналастырады.

      Өтінімдерді электрондық пошта арқылы қабылдаған жағдайда нарық субъектісінің нақты атауы мен мекенжайы көрсетіледі.

      18-13. Негізгі қуат иесі Үлгілік шартқа сәйкес нарық субъектісімен шарт жасасады.

      Үлгілік шарт, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізгі қуат иесінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі Үлгілік шартқа, қателер мен жаңсақ жазуды түзетуді қоспағанда, алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы өзінің интернет-ресурсында хабарлама жариялаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      18-14. Мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты (бұдан әрі - шарт) қоса алғанда бір айға дейінгі мерзімге жасалады.

      18-15. Шарт жасасуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) негізгі қуат иесі жеткізу айының алдындағы айдың 1-ден 20-на дейінгі кезеңде қабылдайды.

      Өтінімдер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын алғаннан кейін, бірақ жеткізу айының алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірілмей қаралады.

      20-шы күннен кейін келіп түскен өтінімдер бос көлем болған жағдайларды қоспағанда, келесі айда қаралады.

      18-16. Өтінімді алудың нақты уақыты мен күнін негізгі қуат иесінің ақпараттық жүйесі тіркейді.

      Ақпараттық жүйеге электрондық пошта да жатады.

      Өтінімді электрондық пошта арқылы алу өтінім жіберушіге автоматты түрде хабарлау арқылы негізгі қуат иесінің ақпараттық жүйесімен расталады.

      18-17. Шарт жасасу үшін өткізу көлемінің ең аз және еселенген нормасы вагондық норманы құрауға тиіс.

      18-18. Мұнай өнімінің бір түрін сатып алуға өтінімді қанағаттандыру мұнай өнімінің басқа түрін сатып алумен негізделмеуі тиіс.

      18-19. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мұнай өнімдерін жеткізу жоспары өзгертілген жағдайда, мұнай өнімдерінің шарттық сомасы түзетіледі.

      18-20. Мұнай өнімдерін сатып алушылар арасында бөлу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін бөлуді қоспағанда, бензин мен дизель отыны:

      1) негізгі қызметке байланысты өткізу көлемдеріне мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор, стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу мақсаттары үшін нарық субъектілері;

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасын немесе мұнай өнімдері базасындағы резервуарды иеленетін нарық субъектілері;

      3) нарықтың өзге де субъектілері.

      Авиаотын:

      1) отандық авиакомпаниялар республикаішілік қатынастағы жолаушылар тасымалы көлеміне, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор, негізгі қызметке байланысты өткізу көлеміне;

      2) республикаішілік қатынаста жүк тасымалы көлеміне отандық авиакомпаниялар;

      3) мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші;

      4) мұнай өнімдерін көтерме саудада жеткізуші;

      5) нарықтың өзге де субъектілері.

      18-21. Негізгі қуат иесі ағымдағы айдың 20-күніне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында өткен кезеңдегі жеткізудің нақты көлемі туралы ақпаратты орналастырады.

      18-22. Осы тарауда реттелмеген өзге де мәселелер осы Қағидалардың 1, 2 және 3-тарауларының ережелерімен регламенттеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады