Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 58/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 шiлдеде № 33031 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 40-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 39-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 19.06.2024 № 82/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2023 жылғы 3 шілдедегі
№ 58/қе бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтері

      Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 19.06.2024 № 82/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Лауазымдардың тізбесі

Жүктеме мен сан нормативтері

1.

Шаруашылық меңгерушісі (басшысы)

Ғимараттар кешені және оларға қатысты құрылыстар болған кезде, мекемеде жұмыс істейтіндердің саны жылына 100 адамнан артық болған кезде 1 бірлік

2.

Қойма меңгерушісі (басшысы)

Мекемеде жұмыс істейтіндердің саны жылына 200 адамнан артық болған кезде, сондай-ақ ауданы 250 шаршы метрден жоғары өндірістік (қойма) орынжайлар болған кезде 1 бірлік

3.

Кітапхана меңгерушісі (басшысы)

Мекемеде жабдықталған кітапхана мен кемінде 3000 данадан тұратын кітап қоры болған кезде 1 бірлік

4.

Қазандық меңгерушісі (басшысы)

Жалпы өнімділігі сағатына 3,5 гикокаллорий және одан жоғары қазандыққа 1 бірлік

5.

Монша-кір жуу комбинат меңгерушісі (басшысы)

Жұмыскелердің жалпы саны 5 және одан жоғары 1 (саны 5-тен аз болған кезде монша-кір жуу комбинатының меңгерушісінің міндеттері жұмыскерінің біреуіне жүктеледі)

6.

Асхана меңгерушісі (басшысы)*

Жабдықталған асхана мен тамақтананушылардың саны 150 адам және одан артық болған кезде 1 бірлік

7.

Наубайхана меңгерушісі (басшысы)*

Жабдықталған наубайханаға және 8 наубайшы болған кезде 1 бірлік

8.

Қонақүй немесе жатақхана меңгерушісі (басшысы)

8 сағаттық жұмыс графигі кезінде 1,57 бірлік

12 сағаттық жұмыс графигі кезінде 2,35 бірлік

16 сағаттық жұмыс графигі кезінде 3,14 бірлік

24 сағаттық тәулік бойғы жұмыс графигі кезінде 4,7 бірлік

9.

Архивариус

1157 жылына алынған істер 1 бірлік, жылына әрбір 926 алынған істерге қосымша 1 бірлік, бірақ 10 архивариустан астам емес

10.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор немесе іс қағаздарын жүргізуші

14466 жылына алынған кіріс жән шығыс құжаттамаға 1 бірлік, жылына әрбір 11573 алынған кіріс жән шығыс құжаттамаға қосымша 1 бірлік, бірақ 10 инспектор немесе іс қағаздарын жүргізуші астам емес

11.

Статистик

жылына 2984 өңделетін есепке (құжаттарға) 1 бірлік, жылына әрбір 2388 өңделетін есепке (құжаттарға) қосымша 1 бірлік, бірақ 10 статистиктен артық емес

12.

Компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы

жылына 148 қызмет көрсетілетін компьютерлік техникаға (бағдарламаларға) 1 бірлік, жылына әрбір 118 қызмет көрсетілетін компьютерлік техникаға (бағдарламаларға) қосымша 1 бірлік, бірақ 10 оператордан артық емес

13.

Көшіру-көбейту машиналары операторы

Жылына 85791 көшірмеге (А4 форматты парақ) 1 бірлік, қосымша 74026 параққа тапсырыс түскенде 1 бірлік бөлінеді, бірақ 10 көшіру-көбейту машинасы операторынан артық емес

14.

Цифрлық баспа операторы*

Баспаханаға 1 бірлік

15.

Баспашы-өрнек салушы*

Баспаханаға 1 бірлік

16.

Әдіскер

Жылына 517 өңделген құжатқа 1 бірлік, әрбір 413 өңделген құжатқа қосымша 1 бірлік, бірақ 10 әдіскерден артық емес

17.

Автомобильмен тасымалдау жөніндегі диспетчер

8 сағаттық жұмыс графигі кезінде 1,57 бірлік

12 сағаттық жұмыс графигі кезінде 2,35 бірлік

16 сағаттық жұмыс графигі кезінде 3,14 бірлік

24 сағаттық тәулік бойғы жұмыс графигі кезінде 4,7 бірлік

18.

Курьер

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

19.

Басшысының хатшысы (қабылдау бөліміне), оның ішінде сабақтас

Басшыға 1 бірлік (қабылдау бөліміне)

20.

Кітапханашы

Мемлекеттік мекемеге оқырман саны 1500-ден және жылына 26 мыңнан астам кітап берілетін болса 1 бірлік

21.

Аударма жөніндегі редакторы

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (мамандырылған құрылым болмаған кезде)

22.

Қоймашы

Ауданы 250 шаршы метр өндірістік орынжайлар болған кезде, мекемеде жұмыс істейтіндердің саны 100 адамға дейін болған кезде 1 бірлік

23.

Комендант

Мекемеде жұмыс істейтіндердің саны жылына 200 адамға дейін болған кезде жеке тұрған бір ғимаратқа 1 бірлік

24.

Күзетші (өткізу бюросының кезекшісі) немесе қарауыл

8 сағаттық жұмыс графигі кезінде 1,57 бірлік

12 сағаттық жұмыс графигі кезінде 2,35 бірлік

16 сағаттық жұмыс графигі кезінде 3,14 бірлік

24 сағаттық тәулік бойғы жұмыс графигі кезінде 4,7 бірлік

25.

Гардеробшы

Гардеробтағы 100 орынға 1 бірлік, әрбір 100 орынға қосымша 0,21 бірлік

26.

Дизельдік техникаға қызмет көрсету жөніндегі механик

20 және одан көп іске қосулы қызмет бағыты бойынша жабдыққа 1 бірлік

27.

Электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер немесе электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

Ғимараттың жалпы ауданының 2700 шаршы метріне 1 бірлік

28.

Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарь*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

29.

Слесарь-сантехник

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және ғимараттың жалпы ауданының 5000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік енгізіледі)

30.

Слесарь-жөндеуші *

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және ғимараттың жалпы ауданының 100 000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік енгізіледі)

31.

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь

Ғимараттың жалпы ауданының 5500 шаршы метріне 1 бірлік

32.

Жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және 10 000 шаршы метр қызмет көрсету алаңы болғанда қосымша 1 бірлік енгізіледі)

33.

Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының слесары*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және ғимараттың жалпы ауданының 10 000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік енгізіледі)

34.

Газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

35.

Газшы*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

36.

Электр газбен дәнекерлеуші

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жалпы ауданының 1000 шаршы метріне 0,02 бірлік (қосымша 1 бірлік бөлімшенің әрбір жеке аумақта орналасқан ғимаратына немесе 100000 шаршы метр ауданға қызмет көрсету енгізіледі);

37.

Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және 50 000 шаршы метр қызмет көрсету алаңы болғанда қосымша 1 бірлік енгізіледі)

38.

Газбен дәнекерлеуші*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және 50 000 шаршы метр қызмет көрсету алаңы болғанда қосымша 1 бірлік енгізіледі)

39.

Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі *

Тиісті қондырғысы болған кезде мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

40.

Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші *

Тиісті жабдығы болған кезде мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

41.

Металды қыздырушы (дәнекерлеуші)*

Тиісті жабдығы болған кезде мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

42.

Токарлық сығатын станоктардың токары*

Токарлық сығатын станогына 1 бірлік

43.

Аккумуляторшы, вулканизаторшы, шина жөндеушісі, қаңылтыршы, дәнекерлеуші, автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь, жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу
жөніндегі слесарь, жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші, электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, токарь, электр газбен дәнекерлеуші

Мынадай түрлері бойынша:
жеңіл автокөлік – жылына 500 мың километр жүріске 1 бірліктен;
барлық санаттағы автобустар – жылына 250 мың километр жүріске 1 бірліктен;
жүк автокөлік – жылына 400 мың километр жүріске 1 бірліктен;
арнайы автокөлік – жылына 400 мың километр жүріске 1 бірліктен;
инженерлік-жол және жер жыртатын техника, трактор және кіші тиегіштер – жылына 8 мың мото-сағатқа 1 бірліктен

44.

Қазандық машинисі (кочегар) немесе қазандық операторы

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 10-50 гикокалорий болған кезде қазандықтағы 1-2 су жылытатын қазандыққа қызмет көрсетуге 1 бірлік

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 10-50 тонна болған кезде қазандықтағы 1-2 бу қазандығына қызмет көрсетуге 1 бірлік

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 10-50 гикокалорий болған кезде қазандықтағы 3-4 су жылытатын қазандыққа қызмет көрсетуге 2 бірлік

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 10-50 тонна болған кезде қазандықтағы 3-4 бу қазандығына қызмет көрсетуге 2 бірлік

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 50 гикокалорий болған кезде қазандықтағы 5 және одан артық су жылытатын қазандыққа қызмет көрсетуге 3 бірлік

Орташа номиналды өнімділігі сағатына 50 тонна болған кезде қазандықтағы 5 және одан артық бу қазандығына қызмет көрсетуге 3 бірлік

45.

Қазандық машинисі (кочегар)

1-2 қазандыққа жұмсалатын көмірдің орташа шығысы 0,5-1 тонна болған кезде 1 қазандыққа қызмет көрсетуге 1 бірлік (жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа)

қазандыққа жұмсалатын көмірдің орташа шығысы 1-3 тонна болған кезде 1-3 қазандыққа қызмет көрсетуге 2 бірлік (жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа)

қазандыққа жұмсалатын көмірдің орташа шығысы 2-3 тонна болған кезде 3-4 қазандыққа қызмет көрсетуге 3 бірлік (жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа)

қазандыққа жұмсалатын көмірдің орташа шығысы 3-4 тонна болған кезде 3-4 қазандыққа қызмет көрсетуге 4 бірлік (жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа)

қазандыққа жұмсалатын көмірдің орташа шығысы 4 және одан артық тонна болған кезде 4 қазандыққа қызмет көрсетуге 5 бірлік (жылыту кезеңінде ауысымда 1 қазандыққа)

46.

Пеш жағушы *

1 ауысымда қолмен от жағу мен қызмет көрсетуге 1 бірлік

47.

Шатырлаушы

15000 шаршы метр шатырға қызмет көрсетуге 1 бірлік

48.

Сырлаушы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелеріне 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына немесе ғимараттың жалпы ауданының 100000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі);
мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына және ғимараттың жалпы ауданының 100000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі)

49.

Ағаш шебері

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелеріне 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына немесе ғимараттың жалпы ауданының 50000 шаршы метріне);
мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына және ғимараттың жалпы ауданының 50000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі)

50.

Әйнекші

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына және ғимараттың жалпы ауданының 100000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі)

51.

Сылақшы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелеріне 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына немесе ғимараттың жалпы ауданының 100000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі);
мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумағына және ғимараттың жалпы ауданының 100000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік еңгізіледі)

52.

Ағаш ұстасы

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (1250 жиһаз бірлігіне қызмет көрсетуге қосымша 1 бірлік енгізіледі)

53.

Қаңылтыршы*

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

54.

Сорғы қондырғысының машинисі

Бір сорғы қондырғысына ауысымға 1 бірлік

55.

Химиялық су тазарту аппаратшысы **

Химиялық су тазалаудың бір жеке агрегатына қызмет көрсету үшін 1 бірлік

56.

Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу агрегаттық желілерінің операторы, аралау материалдарын өңдеу қондырғылары мен желілерінің операторы, арашы, ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы, ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесары, станокшы-аралаушы, ағаш ұстасы*

Ағаш тілетін қондырғы-араға 1 бірліктен

57.

Кір жуу машинасының (монша-кір жуу комбинат) операторы

Жылына 13 260 килограмм кір жууға 1 бірлік

58.

Етікші *

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

59.

Тігінші *

Тігін машинасына 1 бірлік

60.

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы **

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік (бөлімше орналасқан әрбір жеке аумаққа және ғимараттың жалпы ауданының 15000 шаршы метріне қосымша 1 бірлік енгізіледі)

61.

Әуеайлаққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы

Қызмет көрсетілетін әуеайлақ төсемдері ауданының 13678 шаршы метріне 0,5 бірлік, бірақ 12 бірліктен артық емес жұмысшы

62.

Көмекші жұмысшы

Мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

63.

Жүк тиеуші *

250 миллион теңге жылдық жүк айналымына 1 бірлік

64.

Аула сыпырушы

Жинайтын аумақтың 3000 шаршы метріне 1 бірлік

65.

Қызметтік орын жайларды тазалаушы

Тазаланатын ауданның 480 шаршы метріне 1 бірлік

66.

Автомобиль жүргізуші

Техникалық жарамды көлікке 1 бірлік

67.

Жүк тиегіш жүргізушісі*

Техникалық жарамды жүк тиегішке 1 бірлік

68.

Бульдозер машинисі*

Техникалық жарамды бульдозерге 1 бірлік

69.

Скрепер машинисі*

Техникалық жарамды скреперге 1 бірлік

70.

Экскаватор-тиегіш машинисі*

Техникалық жарамды экскаватор-тиегішке 1 бірлік

71.

Кранның машинисі (краншы)*

Техникалық жарамды кранға 1 бірлік (автомобиль кран)

72.

Машинист (автожол құрылысының машиналары)*

Техникалық жарамды автожол құрылыс машиналарына 1 бірлік

73.

Тракторшы*

Техникалық жарамды тракторға 1 бірлік

74.

Аспаз

Тамақтанушылардың саны 150 адамға дейін болғанда 3 бірлік, тамақтанушылардың саны 151-ден 200 адамға дейін болғанда 4 бірлік (әрі қарай тамақтанатын әрбір 125 адамға 1 бірліктен қосылады)

75.

Аспаз-нұсқаушы

Тамақтанушылардың саны 500 адамнан асқан кезде 1 бірлік (аспаздардың есептік саны есептелмейді)

76.

Тағамды дайындау технологиясы бойынша шебер

Тамақтанушылардың саны 1000 адамнан асқан кезде 1 бірлік (аспаздардың есептік саны есептелмейді)

77.

Наубайшы *

Тәулігіне 50 килограмм нан өнімдерін пісіру процесін жүргізу үшін 1 бірлік

78.

Даяшы

Ұшқыш-техникалық асханада – тамақтанатын 40 адамға 1 бірлік

79.

Ас-үй жұмысшысы

50 тамақтанушыға – 2 бірлік, 50-ден 100-ге дейінгі тамақтанушыға – 4 бірлік (әрбір кейінгі 50 тамақтанушыға – қосымша 1 бірлік бөлінеді)

80.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы

Мемлекеттік мекемеде оқу-жөндеу кавалериялық бөлімше болған кезде 1 бірлік

81.

Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы

Мемлекеттік мекемеде оқу-жөндеу кавалериялық бөлімше болған кезде 1 бірлік

82.

Қолмен соғатын ұста

50 қызметтік жылқыға 1 бірлік

83.

Балға және пресс ұстасы

Тиісті жабдығы болған кезде мемлекеттік мекемеге 1 бірлік

84.

Бағбан

30000 шаршы метрге 1 бірлік

85.

Жылқышы

50 қызметтік жылқыға 1 бірлік

86.

Мұз құюшы менеджер

Техникалық жарамды мұз кортқа 1 бірлік

      *Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне арналған

      **Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара және Авиация қызметтеріне арналған


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады