"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 шiлдеде № 33081 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      19, 20 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны айқындайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі – Ұлттық тізілім) мәліметтерді енгізеді, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" КЕАҚ филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) береді не портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      20. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді; бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.

      23. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзілуіне негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге үзеді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды.

      Үзіліс туралы бұйрықта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды.

      Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайлар мемлекеттік қызметті алушы жоймаса, онда үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық шығарылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      12, 13, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтама не бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      13. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы Мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оны орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді; бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.

      15. Порталда құжаттар ұсынылған жағдайда – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      16. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзілуіне негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге үзеді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды.

      Үзіліс туралы бұйрықта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды.

      Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайларды мемлекеттік қызметті алушы жоймаса, онда үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық шығарылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      26, 27, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне тексереді және бас тарту (үзіліс) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы не бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді не көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жіберіледі. Кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.

      27. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы Мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді; Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы не бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді не көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жіберіледі. Кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.

      29. Порталда құжаттар ұсынылған жағдайда – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      30. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзілуіне негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге үзеді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды.

      Үзіліс туралы бұйрықта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды.

      Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайларды мемлекеттік қызметті алушы жоймаса, онда үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық шығарылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7, 13, 14, 15, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметі мынадай: бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін тіркеуші органға заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтініш білдірмеген; салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркелмеген шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде мәжбүрлеп тәртіппен тоқтатылуға жатады. Мәжбүрлеу тәртібімен қызметін тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның өтініші бойынша сот тәртібімен жүргізіледі. Заңды тұлғалардың Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығару заңды күшіне енген мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

      13. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Орындаушы: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Ұлттық тізілімге заңды тұлғаны тарату (үзіліс туралы) туралы мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) қызметін тоқтатуды тіркеу, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) күшін жою және оны Ұлттық тізілімнен шығару туралы бұйрық шығарады.

      14. Орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлға (филиал және өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрық немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      15. Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар келіп түскен кезде қызметкер құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияның заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тиісті бөлімшесіне тізілім бойынша табыстайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минуттың ішінде атқарушыны анықтайды және оған орындауға табыстайды.

      Орындаушы: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Ұлттық тізілімге заңды тұлғаны тарату (үзіліс туралы) туралы мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) қызметін тоқтатуды тіркеу, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) күшін жою және оны Ұлттық тізілімнен шығару туралы бұйрық шығарады.

      Орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлға (филиал және өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрық немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.

      17. Порталда құжаттар ұсынылған жағдайда – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      18. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзілуіне негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге үзеді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды.

      Үзіліс туралы бұйрықта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды.

      Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайларды мемлекеттік қызметті алушы жоймаса, онда үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық шығарылады".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады