"Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 296-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шiлдеде № 33184 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      2-тармақта:

      39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын, сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      мынадай редакциядағы 63-1), 63-2), 63-3), 63-4), 63-5), 63-6), 63-7), 63-8), 63-9), 63-10), 63-11), 63-12), 63-13), 63-14), 63-15) және 63-16) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "63-1) вендинг автоматы – тауарларды сатуды жүзеге асыратын автоматтандырылған құрылғы және тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға, автоматтандырылған жүйелердің көмегімен сатушының қатысуынсыз өткізуге арналған аппарат;

      63-2) көрсетілетін қызмет – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет;

      63-3) Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағы – Қазақстан Республикасы шекара маңының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағы;

      63-4) қойма аймағы – қойма үй-жайлары, сондай-ақ осы қойма үй-жайларына қызмет көрсету үшін қажетті объектілер мен құрылғылар орналасқан ірі сауда объектісінің аймағы;

      63-5) қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі – ірі сауда объектісінің ұсынылатын қызметінің (жұмысының) құнын көрсете отырып, нақты сипаттамасын қамтитын, ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленуші) бекітетін және "Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32162 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 123-НҚ бұйрығы) сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде орналастырылатын құжат;

      63-6) шекара маңындағы сауда – Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында шекара маңындағы сауда субъектілері жүзеге асыратын сауда қызметі;

      63-7) шекара маңындағы сауда субъектілері – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      63-8) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

      63-9) ірі сауда объектісінің әкімшілігі – ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленушісі) қызметін тікелей басқару үшін құратын басқару аппараты;

      63-10) ірі сауда объектісінің әкімшісі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ірі сауда объектісінің әкімшілігінің басшысы тағайындаған, ірі сауда объектісінің жұмыс істеуін және оның жұмысын Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленушісі) айқындаған жеке тұлға;

      63-11) ірі сауда объектісінің жұмыс регламенті – ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленушісі) ірі сауда объектісінің, оның әкімшілігінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде осы Қағидалардың талаптарын орындау және ірі сауда объектісінің аумағында тиімді сауда қызметін қамтамасыз ету мақсатында сауда орындарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу тәртібі айқындалған № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйеде бекітетін құжат;

      63-12) ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін, сондай-ақ сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда орындарын жалға беру, өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, ірі сауда объектісінің мүлкін, оның ішінде меншік құқығында иеленетін, пайдаланатын, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      63-13) ірі сауда объектісінің объектісі – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      63-14) ірі сауда объектісінің субъектісі – ірі сауда объектісінің меншік иесі (иеленуші), әкімші, ірі сауда объектісінің әкімшілігі, жеткізушілер мен тауар өндірушілер, сондай-ақ ірі сауда объектісінің аумағында сауда қызметін (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      63-15) ірі сауда объектісінің схемасы – ірі сауда объектісінің аумағында әкімшілік және сауда ғимараттарын (үй-жайларын), жеке орналасқан сауда орындарын, жылжымалы сөрелерді, автодүкендерді, шатырларды, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, қоймаларды, зертханаларды және ірі сауда объектісінің өзге де объектілерін көрсете отырып, нысаналы аймақтарды (әкімшілік, сауда) орналастырудың экспликациясы бар схемасы;

      63-16) экспликация – ірі сауда объектісінің өлшемдері көрсетілген сауда орындарының тізбесін, ірі сауда объектісінің сауда алаңы (бар болса), түрлері және (немесе) үлгілері көрсетілген объектілерінің тізбесін, орын саны көрсетілген қоғамдық тамақтандыру объектілерінің тізбесін, ауданы көрсетілген өзге де объектілердің тізбесін білдіретін ірі сауда объектісінің схемасына түсіндірмелер, ірі сауда объектісінің схемасына өзге де түсіндірмелер.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:

      КТО;

      сауда ойын-сауық орталығы;

      сауда орталығы;

      гипермаркет;

      аутлет орталығы;

      дискаунт орталығы;

      мамандандырылған дүкен;

      сауда үйі;

      супермаркет;

      шағынмаркет;

      үйдің жанындағы дүкен.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес болған жағдайда КТО, сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, супермаркет заманауи форматтағы сауда объектілеріне жатады.";

      27- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тауарды кері қайтару немесе айырбастау тәртібі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Сауда объектісі қажетті сауда мүкаммалымен, жабдықпен, оның ішінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшеу құралдарымен жарақталады.";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:

      "3-1-параграф. Ірі сауда объектілерінің жалпы тәртібі

      43-1. Ірі сауда объектісінің әкімшілігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, осы Қағидаларға және ірі сауда объектісінің бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес ірі сауда объектілерінің жұмысын және оның жұмыс істеуі үшін жағдайларды;

      2) ірі сауда объектісінің аумағын уақтылы тазалауды және абаттандыруды;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар клинингтік қызметтердің күнделікті жұмысымен және арнайы жинау техникасымен қамтамасыз етілетін ірі сауда объектілеріне жататын сауда орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, кестеге сәйкес ірі сауда объектісінің аумағында және объектілерінде айына кемінде бір рет санитариялық күн өткізуді;

      4) ірі сауда объектілерінің аумағындағы сауда объектілері мен орындарына энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау бөлігінде сервистік қызмет көрсетуді және Интернетке орнықты қосылуды, сондай-ақ жарамды сауда мүкәммалымен және бақылау таразыларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес оларды пайдаланудың тиісті жағдайларымен қамтамасыз етуді;

      5) қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігін қолдау, объектіні күзетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды;

      6) ірі сауда объектісінің аумағына кірген кезде (ірі сауда объектісінің типі, мамандануы, атауы, жұмыс режимі, ірі сауда объектісі әкімшілігінің телефон нөмірлері көрсетілген) маңдайша (қазақша және қажет болған жағдайда орыс тілдерінде) орналастыруды;

      7) қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесіне және ірі сауда объектісінің бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленген тарифтер бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты;

      8) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесі арқылы жасалған сауда объектілерін, сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарына сәйкес ірі сауда объектісінің субъектілері мен объектілерінің қызметін;

      9) ірі сауда объектісінің меншік иесінің (иеленушінің) шешіміне сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ірі сауда объектілерінің әкімшілігі көрсететін қызметтер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру жөніндегі жұмысты;

      10) құқық тәртібін және өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдарға және мемлекеттік органдарға, ветеринариялық қадағалау органдарына және басқаларға тұрақты пункттерді орналастыру үшін № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесі арқылы шарттық негізде қызметтік үй-жайлар беруді;

      11) ірі сауда объектісінің субъектілерін № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етуді;

      12) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін ірі сауда объектісінің субъектілерін ірі сауда объектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері туралы хабардар етуді;

      13) ірі сауда объектісінің субъектілері мен сатып алушылар үшін ірі сауда объектісінің объектілерін орналастыру схемасын (схемаларын) орнатуды;

      14) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесіне мәліметтерді уақтылы және толық енгізу жөніндегі жұмысты;

      15) ірі сауда объектісінде сауда жасаушылар (жалға алушылар) туралы ақпаратты, ірі сауда объектісінде өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесіне жылына бір рет ұсынуды;

      16) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде QR-код арқылы жалға алушылардан алынған ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен оларды жою және № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге ірі сауда объектісінің жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелерін беру жөніндегі шаралар қабылдау үшін қарау жұмысын;

      17) сатушылардың (жалға алушылардың) және олар иеленген сауда объектілерінің және (немесе) сауда орындарының ірі сауда объектісінің жұмыс регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестігінің мониторингін және мониторинг қорытындыларын № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде орналастыруды;

      18) ірі сауда объектісінің басшылығына жалға алушылардың ұсыныстар, шағымдар және өтініштер беруінің мүмкіндігі үшін әрбір жалға алынған сауда орнына QR-кодын орналастыруды ұйымдастырады.

      43-2. Ірі сауда объектісінің жұмыс регламенті және қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде 25 қаңтардан кешіктірілмей орналастырылады.

      Ірі сауда объектісінің жұмыс регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ірі сауда объектілерінің әкімшілігі осы ірі сауда объектісінің меншік иесінің (иеленушінің) шешімі негізінде жүзеге асырады.

      Мұндай өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты ірі сауда объектісінің әкімшілігі осындай шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Ірі сауда объектісінің жұмыс регламенті:

      1) толық және (егер бар болса) қысқартылған атауын, оның ішінде фирмалық атауын, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тіркеу нөмірін;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

      3) ірі сауда объектісінің мамандануын;

      4) ірі сауда объектісінің схемасын;

      5) авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасын;

      6) ірі сауда объектісінің кезектен тыс қызмет көрсету құқығы немесе басқа да жеңілдіктер берілген азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін;

      7) сауда орындарын ұсыну, қызметтер көрсету тәртібін және шарттарын, олардың сипаттамаларын, оларды ұсынғаны үшін құн мөлшерін;

      8) жалға беру (пайдалану) шартының талаптарын, оның ішінде оны бұзу тәртібін және негіздерін;

      9) тарифке енгізілетін негізгі шығындардың сипаттамасын қамтитын сауда орындарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу тәртібін, тарифке өзгерістер енгізу мерзімдерін және тәртібін қамтиды.

      43-3. Ірі сауда объектісінің техникалық персоналы ірі сауда объектісінің аумағында шаруашылық қызметті арнайы киім киіп жүзеге асырады, сондай-ақ ірі сауда объектісінің жұмыс регламентінің талаптарын сақтайды.

      43-4. Қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесінде ірі сауда объектісінің әкімшілігі көрсететін барлық қызметтер қамтылуға тиіс.

      Мыналар қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіреді:

      1) көрсетілетін қызметтердің атауы;

      2) көрсетілетін қызметтердің құны;

      3) көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және олардың сандық көрсеткіштері.

      43-5. Ірі сауда объектісінің иесі (иеленуші):

      1) энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау жағдайларын және Интернетке орнықты қосылуды, сондай-ақ ірі сауда объектісінде тауарларды қабылдау, сақтау, сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін тиісті инфрақұрылымдық жағдайларды қамтамасыз етеді;

      2) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесі арқылы ірі сауда объектісінің қызметін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ірі сауда объектісінің субъектілерін және уәкілетті органды осы шешім туралы хабардар етеді;

      3) азаматтардың жекелеген санаттарына ірі сауда объектісінің әкімшілігі көрсететін қызметтер бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеңілдіктер беру туралы шешімдер қабылдайды;

      4) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарын жасасады;

      5) ірі сауда объектісінің жұмыс регламентін және № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;

      6) ірі сауда объектісінің субъектілерін және ақпараттық жүйедегі уәкілетті органды 6 (алты) ай бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, сауда орнының жалдау құнына тарифті жылына бір реттен артық емес бекітеді, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделген жағдайда ақпараттық жүйеде барлық мүдделі тараптарды міндетті түрде хабардар ете отырып белгіленетін орталықтандырылған бағалар мен тарифтер өзгерген кезде төлемақы мөлшері тараптардың бірінің талабы бойынша қайта қаралуы мүмкін;

      7) ірі сауда объектісі жұмысының бекітілген регламентіне сәйкес ірі сауда объектісі әкімшілігінің жұмысын бақылайды және қамтамасыз етеді;

      8) жалға алушылардың ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және оларды № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесі арқылы ірі сауда объектісінің жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде жою жөнінде шешім қабылдайды;

      9) уәкілетті органдардың лауазымды адамдарына ірі сауда объектісінің субъектілері мен объектілері туралы барлық қажетті мәліметтерді тексеру жүргізуге ұсыну жолымен жәрдем көрсетеді және осындай тексерулер барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды, анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда алдын ала хабардар етіп, № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген ақпараттық жүйесінде жалдау шартын бұзады.";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабаның 2-тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:

      1) стационарлық емес үй-жайларда;

      2) мөлдір ораммен буып-түйілмеген күйінде;

      3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;

      4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.

      56. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 9-бабынның 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15432 болып тіркелген) 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай болу сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 877-бабына сәйкес комитент комиссионерге берген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.

      Тапсырманың күші жойылған жағдайда комитент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті.

      Егер комитент комиссионердің иелігіндегі мүлікке билік етпесе, комиссионер Азаматтық кодекстің 877-бабына сәйкес мүлікті сақтауға беруге не оны комитент үшін барынша тиімді бағамен сатуға құқылы.

      Комиссиялық тапсырманы орындау бойынша шығыстарды өтеу Азаматтық кодекстің 876-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      99 және 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумағында жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағындағы шекара маңындағы сауда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Параграф Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      100. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен шектес мемлекеттермен ратификацияланған халықаралық шарттарда айқындалған талаптарға сәйкес айқындалады.";

      мынадай редакциядағы 100-1, 100-2, 100-3, 100-4, 100-5, 100-6 және 100-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "100-1. Шекара маңындағы аумақтарда Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген сауда қызметінің түрлері жүзеге асырылады.

      100-2. Шекара маңындағы сауда бұл үшін арнайы бөлінген мынадай орындарда (бұдан әрі - шекара маңындағы сауда объектілері) жүзеге асырылады:

      Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекарасына таяу орналасқан сауда базарларында, қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;

      Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан арнайы экономикалық аймақтарда;

      Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан теңіз және құрлық порттарда;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген объектілерде.

      100-3. Шекара маңындағы сауда объектілерінің жұмыс істеуі техника қауіпсіздігі қағидаларын, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасында сауда қызметінің тиісті объектісі үшін белгіленген басқа да талаптарды сақтауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      100-4. Қызметі лицензиялауға жататын шекара маңындағы сауда субъектісі лицензиялануға тиіс, тұтынушыларға лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпаратты ұсынады.

      Көрсетілген ақпарат сатып алушылар танысу үшін ыңғайлы жерлерге орналастырылады.

      100-5. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру кезінде тауарлардың шығарылған жері мен оларды дайындаушылар туралы ақпарат сатып алушылардың назарына қазақ және орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жеткізіледі.

      100-6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, сатушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, тауардың сапасын, орамын және таңбалануын, оның жиынтығы мен құжаттамасын, сондай-ақ жеткізу шарттарын сақтайды.

      100-7. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шекара маңындағы сауда субъектілері осы Қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Шартта белгіленген жағдайларда және мерзімде қайта әкелуге жататын тауарды көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексіне сәйкес реттеледі.

      105. Электрондық коммерцияда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауданың басқа нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қамтамасыз етіледі.

      Сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) сатып алу-сату шартын жасаудың алдында тұтыншыға тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), оның құны, төлеу рәсімі, жеткізу шарттары мен құны, кепілдік мерзімі (ол болған кезде) туралы ақпарат береді.

      Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) құны және сатып алу шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жекелеген аурулар кезінде оларды қолдануға қарсы айғақтар туралы мәліметтер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес тұтынушыға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жеткізіледі.

      Тауарды үлгісі және (немесе) сипаттамасы бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды береді.";

      108- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Биржалық сауда "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Сауда объектілеріне сату үшін түскен жануарлардан алынған өнімдер мен шикізат мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 46-14) тармақшасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында зертханалық талдауға жатады.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 40-1-бабына сәйкес баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 144-бабында және Қазақстан Республикасы "Әкімшілің құқық бұзушылық туралы" кодексінің 134, 446-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      165- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес тауардың тауарлық түрін, тұтынылушылық қасиеттерін, пломбаларын, заттаңбаларын, сатып алу фактісін растайтын құжаттары сақтала отырып күнтізбелік он төрт күн ішінде қайтарылған тиісті сападағы азық-түлік емес тауарлар бұрын тұтынылған тауарларға жатпайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады