"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 23 тамыздағы № 437 бұйрығына қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау қағидаларын
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау тәртібін айқындайды.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды (бұдан әрі - қатысушылар) патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары конкурстық комиссиялар құрады.
2-тарау. Қатысушыларды марапаттау тәртібі
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) марапаттау үшін ұйымдастыру тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясының ұйымдастырушылық құрылымын, құрамын айқындайтын конкурс туралы ережені бекітеді.
4. Конкурсты ЖЖОКБҰ жыл сайын өткізеді және білім алушылар активінің оқу жылындағы қызметін қорытындылайтын іс-шара болып табылады.
5. Конкурсқа қатысу келесі қызмет бағыттарын қамтиды:
1) "Спорт және дене физикалық даму –әртүрлі спорт түрлерімен айналысу;
2) "Таланттар мен дағдылар" - үйірмелерге, курстарға, тренингтерге, практикумдарға бару, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми-техникалық конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге, жарыстарға қатысу және өз бетінше оқыту арқылы әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, таланттарды ашуға бағытталған сабақтар;
3) "Қазақ әдебиетінің алтын қоры", "Әлемдік әдебиеттің алтын қоры", "Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер" атты үш бөлім бойынша ұсынылған әдебиеттер тізбесінен "кітап оқу";
4) "Ұлттық мұра" – ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық мәдениетте, асханада, сәндік-қолданбалы өнерде таланттар мен дағдыларды дамыту не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітапты қосымша оқу. Қатысушы осы бағытты алғашқы үш бағыттың бірімен үйлестіре алады;
5) "Қоғамға қызмет ету" - әлеуметтік-мәдени өмір жобаларын іске асыруға, проблемаларды шешуге, мұқтаж адамдарға, қоршаған ортаға және жануарларға тегін қызмет көрсету және азаматтық қатысудың басқа да нысандары арқылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар;
6) "Патриоттық туризм" -туған өлкені, тарихи-мәдени объектілерді зерделеуге және патриотизмді дамытуға бағытталған экскурсиялар;
7) "Еңбек адамы" - нақты өндіріс жағдайында әртүрлі кәсіпорындарда және кез келген салада жұмыс істеу.
6. ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясы қызметтің әрбір бағыты бойынша жүлдегерлерді марапаттауға мынадай тәртіппен ұсынады:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломы;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломы;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломы.
7. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Үміткер қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
8. Комиссияның шешімі және наградтауға ұсынылған тізімдер ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, ЖЖОКБҰ, сондай-ақ күнтізбелік он күннің ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.