Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 33401 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 377 бұйрығына
1-қосымша

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

      4) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      5) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      6) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) кәсіптік стандарт (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

      10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

      11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      13) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ) – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

      14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

      3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту мақсаттары:

      1) жұмыскердің кәсіби қызметінің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін оның біліктілігіне қойылатын талаптарды жаңарту;

      2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу (персоналды ынталандыру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, персоналды іріктеу, іріктеу және аттестаттау, мансапты жоспарлау);

      3) кәсіптік білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, ұйымдарда (кәсіпорындарда) персоналды оқыту, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;

      4) кәсіптік біліктілікті тану процесінде пайдалану.

2-тарау. Кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту тәртібі

      4. Кәсіптік стандарт осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіптік стандарттың құрылымы бойынша қағаз нұсқада және (немесе) ҰБЖ цифрлық платформасында кәсіптік қызмет түріне әзірленеді және кәсіптердің карточкаларынан (карточкасынан) тұрады.

      Кәсіптік қызмет түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша бесінші белгіге (кіші сыныпқа) сәйкес айқындалады.

      Кәсіптік стандарттың карточкаларындағы (карточкасындағы) кәсіптердің атауы ҰКС-дан алынған қызметтер атауларына сәйкес келеді.

      5. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру кәсіптер бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, олар бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану Заңда белгіленген тәртіппен, Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңестің (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) және (немесе) жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз қаражаты негізінде жүзеге асырылады.

      Ұлттық кеңестің бюджет қаражаты есебінен кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарын алу үшін мемлекеттік органдар жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейін Ұлттық кеңеске кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен (бұдан әрі – салалық кеңестер) келісілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жылға арналған Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі жоспарға (бұдан әрі – Жоспар) ұсыныстарды жібереді.

      Ұлттық кеңес Жоспарға ұсыныстарды алған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және мемлекеттік органдарға кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарды жібереді.

      6. Мемлекеттік органдар жыл сайын, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға Ұлттық кеңестің ұсынымдарын қоса бере отырып (бар болса) Жоспарға ұсыныстар жібереді.

      Жоспарға ұсыныстарды мемлекеттік органдар жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) (бар болса) ұсыныстарын ескере отырып, еркін нысанда қалыптастырады және мемлекеттік органның (оның ішінде, жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) кәсіптік стандарттардың, кәсіптік стандарттар саласының (аясының), кәсіптер карточкаларының (карточкасының) атауларын, кәсіптік стандарттарды бекіту мерзімін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша қызметтерді қаржыландыру көзін қамтиды.

      Белгіленген мерзімнен кейін уәкілетті органға енгізілген Жоспарға мемлекеттік органдардың ұсыныстары қаралмайды.

      7. Уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейін:

      мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоспарды бекітеді;

      Жоспарды мемлекеттік органдарға және Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органға (бұдан әрі – Ұлттық орган) жібереді;

      Жоспарды ҰБЖ цифрлық платформасында орналастырады.

      8. Кәсіптік стандарт жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін:

      1) жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) кәсіптік стандарттың жобасын мемлекеттік органға жібереді, ол оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және:

      пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болған кезде оларды жұмыс берушілердің бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына) жібереді. Кәсіптік стандарттың жобасын бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) пысықтайды және мемлекеттік органға қайта жібереді;

      пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болмаған кезде кәсіптік стандарттың жобасын Ұлттық органға қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы жібереді;

      2) мемлекеттік орган Ұлттық органға осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес кәсіптік стандарттың жобасын жібереді.

      9. Ұлттық орган кәсіптік стандарттың жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік стандарттың жобасына сараптама қорытындылары жөніндегі қорытынды жібереді.

      Ұлттық орган белгіленген мерзімде сараптамалық қорытындыны ұсынбаған жағдайда, кәсіптік стандарттың жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.

      Кәсіптік стандарт жобасының сараптамасы кәсіптік стандарттың белгіленген құрылымына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі:

      1) негізгі бөліктің сипаттамасын бағалау;

      2) кәсіп карточкаларының (карточкасының) мазмұнын бағалау.

      10. Мемлекеттік орган Ұлттық органның қорытындысын алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кәсіптік стандарттың жобасын қорытындыны ескере отырып пысықтайды және оны Ұлттық органға қайта жібереді.

      Ұлттық орган пысықталған кәсіптік стандарттың жобасын алған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тиісті қорытынды береді.

      11. Кәсіптік стандарттың жобасы бойынша қорытындыны ескертусіз және (немесе) пысықталған кәсіптік стандарттың жобасы бойынша алғаннан кейін мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы кәсіптік стандарттың жобасын Ұлттық органның түсіндірме жазбасын, қорытындысын қоса бере отырып, салалық кеңеске келісуге жібереді.

      Түсіндірме жазбада саланы, кәсіптік қызмет салаларын, еңбек қызметінің түрлерін, ұсынылған кәсіптік қызмет салалары, еңбек қызметінің түрлері бойынша біліктілік картасын талдау нәтижелерінің сипаттамасы, ескірген және (немесе) жаңа кәсіптерді қосу негіздемесі, әрбір әзірлеушінің және тартылатын сарапшылардың дербес түйіндемесі қамтылады.

      12. Кәсіптік стандарттың жобасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салалық кеңес кәсіптік стандарттың жобасын келіседі немесе мемлекеттік органға кәсіптік стандарттың жобасын пысықтау жөніндегі ұсынымдарды жібереді.

      Салалық кеңес кәсіптік стандарттың жобасын кәсіптік қызмет саласы мен еңбек қызметінің түріне (кәсіптік топқа және кіші топқа), жұмыс құрамына, білім деңгейіне, арнайы даярлыққа сәйкестігін қарайды.

      13. Мемлекеттік орган салалық кеңестің ұсынымдарын алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кәсіптік стандарттың жобасын пысықтауды және оны салалық кеңеске қайта жіберуді жүзеге асырады.

      Салалық кеңес пысықталған кәсіптік стандарт жобасын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қарайды.

      14. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіптік стандарттың жобасын бекітеді.

      15. Мемлекеттік орган кәсіптік стандарт алғаш ресми жарияланған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануына сілтемені Ұлттық органға ҰБЖ цифрлық платформасында орналастыру үшін жібереді.

3-тарау. Кәсіптік стандарттарды жаңарту тәртібі

      16. Кәсіптік стандартты жаңартуды мемлекеттік органның бейіндік (салалық) бөлімшелері кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырады және кәсіптік стандартты қайта қарауды, жаңартуды, ауыстыруды, күшін жоюға қоюды қамтиды.

      17. Кәсіптік стандарттың құрылымында кәсіп карточкаларының мазмұны өзгерген жағдайда өзгерістер елеулі болып саналады және кәсіптік стандартты жаңарту осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Кәсіптік стандартқа кәсіптік стандарт құрылымындағы кәсіп карточкаларының мазмұнын өзгертпейтін және болмашы дәлсіздіктері, қате жазулары мен қателіктері бар өзгерістер енгізген кезде кәсіптік стандартты жаңартуды Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік орган кәсіптік стандарт алғаш ресми жарияланған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануына сілтемені Ұлттық органға ҰБЖ цифрлық платформасында орналастыру үшін жібереді.

  Кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе)
жаңарту қағидаларына
1-қосымша

Кәсіптік стандарттың құрылымы

      1. Жалпы ережелер

      2. Кәсіптік стандарттың паспорты

      3. Кәсіп карточкалары

      4. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      Ескертпе:

      1-тарау. "Жалпы ережелер" кәсіптік стандарттың қолданылу аясын, сондай-ақ терминдерді, анықтамаларды және қолданылатын қысқартуларды сипаттайды.

      2-тарау. "Кәсіптік стандарттың паспорты" мыналарды айқындайды:

      1) кәсіптік стандарт туралы жалпы кіріспе ақпарат (атауы);

      2) кәсіптік стандарт коды (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) секциясы және кіші тобы, ЭҚЖЖ секциясындағы кәсіптік стандарттың реттік нөмірі бойынша белгіленеді, мысалы: "ашық тәсілмен кен өндіру" кәсіптік стандарты, В секциясы – тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру; кіші топ – 07.10.2 темір рудасын ашық тәсілмен өндіру, нөмірі 012, кәсіптік стандарт коды: B07102012);

      3) ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету;

      4) еңбек қызметі түрінің жалпы сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы;

      5) осы кәсіптік стандартқа кіретін кәсіптер карточкаларының тізбесі, олардың атаулары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) бойынша және салалық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – СБШ) сәйкес біліктілік деңгейлері көрсетіледі.

      3-тарау. "Кәсіптер карточкалары" кәсіптер карточкаларының (карточкасының) тізбесіне сәйкес әр мамандық бойынша кәсіптер карточкаларының сипаттамаларын жүйелі сипаттауды қамтиды:

      1) ҰКС сәйкес топтың коды және қызыметтер атауының коды;

      2) ҰКС сәйкес кәсіптің атауы;

      3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      4) жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, егер бар болса, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіп үшін біліктілік деңгейі;

      5) кәсіптік білім деңгейі;

      6) формалды емес және информалды біліммен байланыс;

      7) кәсіптердің басқа ықтимал атаулары;

      8) қызметтің негізгі мақсаты;

      9) еңбек функцияларының тізімі мен сипаттамасы (еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы), әр мамандық үшін міндетті және қосымша еңбек функциялары ретінде көрсету ұсынылады. Кәсіптік біліктілікті тану кезінде міндетті еңбек функциялары міндетті түрде расталуы керек, ал қосымша, бұл болашақта осы мамандық талап ететін функциялар;

      10) дағдылар (әрбір еңбек функциясы үшін кемінде екі дағдыларды белгілеу ұсынылады). Қосымша (қажет болған жағдайда) бір кәсіп шеңберінде жеке дағдыны (дағдыларды) тану мүмкіндігі айқындалады.

      11) машықтар;

      12) білім;

      13) жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар;

      14) техникалық реттеу объектілерін (өнімдерді, ғимараттарды, құрылыстарды, өндіріс, тасымалдау сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестерін) пайдалану және қолдану жөніндегі мамандардың құзыреттері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар белгіленетін техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері;

      15) кәсіптік біліктілік картасына сәйкес өзінің кәсіптік дамуында қызметкерлер алатын кәсіптерден тұратын СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс. Кәсіптік біліктілік картасы: кәсіптің атауын; ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) және СБШ сәйкес біліктілік деңгейлерін саралауды (кәсіптік және еңбек қызметінің түрлері мен біліктілік деңгейлері бойынша кәсіптік дамуды көрсететін кәсіптер арасындағы байланыстарды) қамтиды.

      4-тарау. "Кәсіптік стандарттың техникалық деректері" кәсіптік стандартты әзірлеу немесе жаңарту рәсімін реттейтін ақпаратты қамтиды:

      1) мемлекеттік органның атауы (орындаушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), е-пошта, телефон);

      2) кәсіптік стандартты әзірлеуге немесе жаңартуға қатысқан тиісті қызмет салаларының (ұқсас жұмыс түрлерінің) ұйымдарының (кәсіпорындарының) атауы (ұйымның атауы, орындаушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), е-пошта, телефон);

      3) салалық кеңес (атауы, хаттама күні);

      4) Ұлттық орган (қорытынды күні);

      5) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ұсынымдар күні);

      6) нұсқа нөмірі және шығарылған жылы;

      7) болжамды жаңарту күні.

      Ескертпе. 4-тарауда көзделген мәліметтер олардың болуына қарай толтырылады.

      Кәсіптік стандарт, егер мұндай толықтыру біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ашу үшін орынды болса, басқа тараулармен және (немесе) қосымшалармен толықтырылады .

      Кәсіптік стандартты тараулармен және (немесе) қосымшалармен толықтырған жағдайда, қосымша ұсынылатын әрбір тарау және (немесе) қосымша тараулар мен қосымшалардың атауын көрсете отырып, "тарау", "қосымша" деген сөздермен белгіленеді.

  Кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе)
жаңарту қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

_______________ жылға арналған кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі жоспар

р/с

Әзірлеу-шінің атауы

Кәсіптік стандарт саласының (аясының) атауы

Кәсіптік стандарттың атауы

Кәсіптер карточкаларының (карточкасының) атаулары

Кәсіптік стандартты бекіту мерзімі

Жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

1.







2.







3.





































  Кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе)
жаңарту қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кәсіптік стандарт жобасын сараптама қорытындысы бойынша
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қорытындысы

      Кәсіптік стандарт

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік орган

      _____________________________________________________________________

      Сараптама күні

      _____________________________________________________________________

Өлшемшарт

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның бағалау

1.

Кәсіптік стандарттың негізгі бөлігінің сипаттамасын бағалау



1.1. Кәсіптік стандарттың атауы



1.2. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы



1.2. Глоссарийдің болуы



1.3. ЭҚЖЖ бойынша сілтемелердің толық форматының болуы



1.4. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы



1.5. Кәсіптер карточкаларының тізбесінің болуы



1.6. Кәсіптер карточкаларының (карточкасының) тізбеге сәйкестігі


2.

Кәсіптер карточкаларының (карточкасының) мазмұнын бағалау



2.1. ҰКС бойынша кәсіп коды



2.2. ҰКС бойынша кәсіптер тобының коды



2.3. ҰКС бойынша мамандықтардың және/немесе кәсіптердің атауы



2.4. СБШ/ҰБШ біліктілік деңгейі



2.5. Кәсіптік білім деңгейі



2.6. Формалды емес және информалды біліммен байланыс



2.7. Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары



2.8. СБШ бойынша кәсіптердің біліктілік деңгейі анықталды



2.9. Мамандықтың негізгі қызметі көрсетілген



2.10. Еңбек функцияларының тізімі мен сипаттамасы ұсынылған:



Міндетті еңбек функциялары



Дағдылар



Машықтар



Білім



Қосымша еңбек функциялары (бар болса)



2.11. Тапсырманы жеке дағды ретінде бағалау туралы түсініктеме көрсетілген



2.12. СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс көрсетілген


3.

Кәсіптік стандарттың техникалық деректерінің болуын бағалау



3.1. Мемлекеттік органның деректемелері көрсетілген



3.2. Сарапшылардың деректемелері көрсетілген (қажет болған жағдайда)



3.3. Салалық кеңестің хаттамасы көрсетілген (Ұлттық органның қорытындысынан кейін)



3.4. Нұсқаның нөмірі және кәсіптік стандарттың шығарылған жылы көрсетілген



3.5. Кәсіптік стандарттың болжамды жаңарту күні көрсетілген


  бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1035 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12739 болып тіркелген);

      2. "Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1035 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 570 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14016 болып тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 663 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19726 болып тіркелген);

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 345 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21152 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады