"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қазанда № 33552 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 108-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  2023 жылғы 16 қазандағы
№ 442 бұйрығына
қосымша/
  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: мансап орталықтарына.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖОС-1.

      Кезеңділік: ай сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ айы.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне қарай.

      Кесте. Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

Жұмыс берушінің атауы

БСН/ЖСН

Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі

Қызмет көрсететін банктің атауы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен)

Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

Аударылған жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге

7

8

9

10

11

12







      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы: __________________________________ __________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________ ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___" ____________________.

      Мөрдің орны

  "Арнайы жұмыс орындарына
жұмысқа орналасқан адамдар
туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.

      4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында нақты жұмыс істеген күндердің саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында уақытша жұмысқа жарамсыздық күндердің саны көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында теңгемен аударылған жалақының сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның 11-бағанында теңгемен зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      17. Нысанның 12-бағанында теңгемен бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады