"Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелерін кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қазанда № 33592 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелерін кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекітілген жерді консервациялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелерін кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесі";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекітілген жерді консервациялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес әзірленген және ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау тетігін айқындайды.";

      2-тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "14) ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау – ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында және (немесе) оған іргелес аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйін бағалауға бағытталған радиоэкологиялық зерттеп-қарау;";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау";

      3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:

      1) зерттеп-қарау ауданының жалпы сипаттамасы;

      2) қоршаған ортаның радиациялық жай-күйін бағалау;

      3) сәулелену дозаларын есептеу;

      4) зерттеп-қарау ауданындағы радиациялық ахуалдың жай-күйін болжамды бағалау;

      5) ядролық қару сынақтарының салдарын жою бойынша ұсынымдар;

      6) ядролық қару сынақтары салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау қажет етілетін, халық үшін радиациялық қауіп төндіретін аумақтарды және халық үшін радиациялық қауіп төндірмейтін аумақтарды анықтау.

      4. Атом энергиясын пайдалану саласында, оның ішінде бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес алынған тиісті лицензиялары бар заңды немесе жеке тұлға ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындаушы болып табылады.

      Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындаушы:

      1) егер ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау бойынша жұмыстар мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылған жағдайда – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес;

      2) тапсырыс берушінің өзімен айқындалады.

      Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды қаржыландыруды тапсырыс беруші қамтамасыз етеді.

      5. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қараудың бірінші кезеңінде қоршаған орта объектілерінің – топырақ жамылғысының, жерүсті және жерасты суларының, атмосфералық ауаның, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сынамаларын алу нүктелері таңдалады.

      6. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қараудың екінші кезеңінде қоршаған орта объектілерінің сынамаларын іріктеп алу орындалады.

      7. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қараудың үшінші кезеңінде қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамы анықталады және өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдеріндегі радионуклидтердің ықтимал құрамы есептік әдіспен бағаланады.

      8. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қараудың төртінші кезеңінде қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын айқындау және өсімдік және мал шаруашылығы өнімдеріндегі радионуклидтердің ықтимал құрамын есептік бағалау нәтижелері бойынша зерттелетін аумақта халық болжамды тұрған және (немесе) шаруашылық қызметін жүргізген жағдайда оның сәулелену дозаларын есептеу жүргізіледі.

      9. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қараудың бесінші кезеңінде халыққа радиациялық қауіп төндірмейтін аумақтардың шекаралары айқындалады және тиісінше ядролық қару сынақтарының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет болатын, халыққа радиациялық қауіп төндіретін аумақтардың шекаралары айқындалады.";

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Жер қойнауының радиоактивті ластану дәрежесі бастапқы минералдық шикізаттағы, аршылған жыныстардағы, тұндырғыш тоғандар мен буландырғыш тоғандарда, минералдық шикізатты тиеп-жөнелту алаңдарында карьерлік суларды тұндыру кезінде түзілетін қалдықтардағы (шламдардағы) америций-241, цезий-137, плутоний-239+240 және стронций-90 радионуклидтерінің мөлшері бойынша анықталады.

      Аршылған жыныстардағы, қалдықтардағы (шламдардағы) радионуклидтердің меншікті белсенділігінің рұқсат етілген деңгейлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) бекітілген Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтер) 3-параграфында белгіленген рұқсат етілген деңгейлерінен асып кеткен кезде, жер қойнауын игеру салдарынан пайда болған радиоактивті ластануды жою жөніндегі іс-шаралар орындалады.";

      56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "56. Судағы радионуклидтердің меншікті белсенділігінің алынған мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Сумен ересек адамдардың ағзасына радионуклидтердің түсуі кезіндегі дозалық коэффициенттердің мәндері ℇ (мЗв/Бк) және ауыз судағы жекелеген радионуклидтердің құрамы бойынша араласу деңгейлері АД (Бк/кг)" 19-қосымшасында белгіленген араласу деңгейлерінің мәндерімен салыстырылады.";

      63-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "63. Эксперименттік әдіспен алынған радионуклидтердің орташа жылдық көлемді белсенділігінің мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Халықтың критикалық топтары үшін дозалық коэффициенттердің, ауамен және тамақпен жылдық түсу шектерінің және жұтылатын ауадағы жекелеген радионуклидтердің рұқсат етілген көлемдік белсенділіктердің мәндері<1>" 4-қосымшасында көрсетілген рұқсат етілген орташа жылдық көлемді белсенділігінің мәндерімен салыстырылады.";

      69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "69. Есептеу әдісімен алынған атмосфералық ауадағы радионуклидтердің орташа жылдық көлемдік белсенділігінің мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Халықтың критикалық топтары үшін дозалық коэффициенттердің, ауамен және тамақпен жылдық түсу шектерінің және жұтылатын ауадағы жекелеген радионуклидтердің рұқсат етілген көлемдік белсенділіктердің мәндері<1>" 4-қосымшасында белгіленген рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділік мәндерімен салыстырылады.";

      90-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "90. Жабайы жануарлардың етіндегі радионуклидтердің меншікті белсенділігінің алынған мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Cs-137 және Sr-90 радионуклидтерінің рұқсат етілген деңгейлері" 5-қосымшасында көрсетілген рұқсат етілген деңгейлермен салыстырылады.";

      94-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "94. Өсімдік шаруашылығы өніміндегі радионуклидтердің меншікті белсенділігінің алынған есептік мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Cs-137 және Sr-90 радионуклидтерінің рұқсат етілген деңгейлері" 5-қосымшасында көрсетілген рұқсат етілген деңгейлермен салыстырылады.";

      99-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "99. Мал шаруашылығы өніміндегі радионуклидтердің меншікті белсенділігінің алынған есептік мәндері Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге "Cs-137 және Sr-90 радионуклидтерінің рұқсат етілген деңгейлері" 5-қосымшасында көрсетілген рұқсат етілген деңгейлермен салыстырылады.";

      112-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "112. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша 10 (он) жыл, 50 (елу) жыл және 100 (жүз) жылдан кейін радиациялық ахуалдың жай-күйін болжамды бағалау орындалады.";

      114-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "114. Халыққа радиациялық қауіп төндіретін аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 6-параграфына сәйкес ядролық қару сынақтарының салдарын жою немесе радиоактивті-ластанған учаскелерге кіруді шектеу жөнінде ұсынымдар беріледі.";

      2-тараудың 6-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Халыққа радиациялық қауіп төндіретін аумақтарды айқындау";

      115-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "115. Халыққа радиациялық қауіп төндіретін аумақтарды айқындау кезінде Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері қолданылады.";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау нәтижелерін ресімдеу";

      118, 119 және 120-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "118. Жылына 0,3 мЗв мәні шектік араласу деңгейі болып табылады, одан асқан кезде халықтың сәулеленуін шектеу мақсатында Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге 16-қосымшаға "Ластанған аумақтардағы араласу нормативтеріне" сәйкес қорғау іс-шараларын жүргізу талап етіледі.

      119. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары түрінде ресімделеді.

      120. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары мыналарды қамтиды:

      1) зерттеп-қарау ауданының жалпы сипаттамасы;

      2) қоршаған ортаның радиациялық жай-күйін бағалау;

      3) халықтың сәулелену дозаларын есептеу;

      4) зерттеп-қарау ауданының радиациялық ахуалының жай-күйін болжамды бағалау;

      5) ядролық қару сынақтарының салдарын жою жөніндегі ұсынымдар;

      6) ядролық қару сынақтарының нәтижесінде пайда болған техногендік радионуклидтерден адамның орташа жылдық тиімді сәулелену дозасының мәні жылына 0,3 мЗв асатын аумақтардың шекараларын анықтау.";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарына мемлекеттік сараптама";

      121 және 122-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "121. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді зерттеп-қарау материалдары Қазақстан Республикасының Жер кодексі 143-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Экология кодексі 87-бабының 7) тармақшасына және "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуге жатады.

      122. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарды кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын межеленген қызметтің тапсырыс берушісі/ бастамашысы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 5-қосымшаның 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай құрамда: электрондық құжат нысанында – Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 236-бабында айқындалған тәртіппен дайындалған материалдарды қамтитын кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.";

      124-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "124. Ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақты кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабының 7) тармақшасына және "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өтуге жатады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабының 5) тармақшасына сәйкес профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде береді.";

      1-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
2-қосымша";

      3-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
3-қосымша";

      4-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
4-қосымша";

      5-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
5-қосымша";

      6-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
6-қосымша";

      7-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Ядролық қару сынақтары
жүргізілген аумақтарды
кешенді экологиялық
зерттеп-қарау әдістемесіне
7-қосымша";

      7, 8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Радионуклидтердің ағзаға ингаляциялық түсуі кезіндегі ішкі сәулелену дозасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұндағы:

     

– i-лік радионуклидтің ағзаға ингаляциялық түсуі кезіндегі ішкі сәулелену дозасы, Зв/жыл;

     

– i-лік радионуклидтің ағзаға тыныс алу жолдары арқылы жылдық түсуі, Бк/жыл;

     

– i-лік радионуклидтің ингаляциялық жолмен түсуі кезіндегі дозалық коэффициенті, Зв/Бк, оның мәні Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге 4-қосымшаға "Халықтың критикалық топтары үшін дозалық коэффициенттердің, ауамен және тамақпен жылдық түсу шектерінің және жұтылатын ауадағы жекелеген радионуклидтердің рұқсат етілген көлемдік белсенділіктердің мәндеріне" сәйкес есептеледі.

      8. Радионуклидтердің ағзаға тыныс алу жолдары арқылы жылдық түсу көлемін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұндағы:

     

– i-лік радионуклидтің ағзаға тыныс алу жолдары арқылы жылдық түсуі, Бк/жыл;

     

– атмосфералық ауадағы i-лік радионуклидтің орташа жылдық көлемдік белсенділігі, Бк/м3;

     

– тыныс алатын ауаның жылдық көлемі, м3, оның мәні Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтердің 66-тармағының нормасына сәйкес есептеледі.

      9. Радионуклидтердің ағзаға пероралды түсуінен болатын ішкі сәулелену дозасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұндағы:

     

– i-лік радионуклидтердің ағзаға пероралды түсуінен болатын ішкі сәулелену дозасы, Зв/жыл;

     

– i-лік радионуклидтердің азық-түлікпен жылдық түсуі, Бк/жыл;

     

– i-лік радионуклидтің асқорыту жолы арқылы түсуі кезіндегі дозалық коэффициенті, Зв/Бк, оның мәні Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге 4-қосымшаға "Халықтың критикалық топтары үшін дозалық коэффициенттердің, ауамен және тамақпен жылдық түсу шектерінің және жұтылатын ауадағы жекелеген радионуклидтердің рұқсат етілген көлемдік белсенділіктердің мәндеріне" сәйкес есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      " "___________ 2023 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      " "___________ 2023 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      " "___________ 2023 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      " "___________ 2023 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады