"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қарашада № 33596 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      3-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-4. Сенімгерлік басқарушының есепті ұсыну, оның ішінде:

      "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есепті;

      басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есепті;

      мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері жазылатын сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылған кезеңіндегі есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері шартта белгіленеді.

      Жылдық есепте мынадай ақпарат:

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алған кірістері туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы;

      құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәліметтер қамтылады.

      Шарттың барлық кезеңі ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есепте мынадай ақпарат:

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың барлық кезеңі ішіндегі жиынтық қаржылық көрсеткіштер;

      сенімгерлік басқарушының барлық кезең ішіндегі сыйақы мөлшері;

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың нақты көрсеткіштерінің барлық кезең ішіндегі салыстырма талдауы;

      құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін барлық кезең ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәлімет қамтылады.

      Есептерде қамтылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері есепке қоса беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мынадай:

      1) объектіні мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталды төлеуге объект берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғаға беру;

      2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларға, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына беру;

      7) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;

      8) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың мемлекеттік акциялар пакетін беру;

      9) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы алаңы кемінде 40 000 шаршы метр ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі мәдениет объектілерін беру;

      10) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру;

      11) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру;

      12) "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағында тіркелген заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына беру;

      13) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;

      14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және сенімгерлік басқарушымен келісу бойынша мемлекет жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) беру;

      15) ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін беру;

      16) коммуналдық мүлікті қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарға беру;

      17) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін, "Астана қаласындағы дипломатиялық қалашық. Түзету. Іске қосу кешені – 1 (ІК-1)" мүліктік кешенінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартында:

      3.2-тармақтың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен (бұдан әрі – Бұйрық) беруге;

      17) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару немесе оны кепілге беру туралы мәміле жасалған жағдайда мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті _____________________ бұйрығында (ұсыну мерзімдері) айқындалған тәртіппен беруге";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісінің нысанымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 30 қазандағы
№ 172 Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқарудың үлгілік шартына
қосымша

      Нысан

Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісі

      20__ жылғы "___" ______________ №____

      Объектінің атауы ____________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сома ___________________________________ теңге

      ____________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша


Р/с

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескертпе















Жиыны:






      Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы:

      ___________________________________________________ теңгені құрады.

      (цифрмен, жазумен)

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі            Сенімгерлік басқарушы

      ________________________       ______________________________

      (қолы) ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _______ (қолы)

      ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады