Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қарашада № 33639 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 138-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 607 бұйрығымен
бекітілген

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 138-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізуждің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Тізілім Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің (бұдан әрі – иесі) бірыңғай тізбесін жүргізу мақсатында құрылады.

      4. Тізілім олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажетті мәліметтерді қамтитын иелердің бірыңғай, кезең-кезеңімен нақтыланатын тізбесін білдіреді.

      5. Тізілімді жүргізуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тізілім өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      7. Тізілім осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініште көрсетілген иелері ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) иелері туралы мәліметтерді қалыптастыру (қосу, алып тастау);

      2) иелері туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту, алып тастау).

      9. Тізілімді қалыптастыру үшін иесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге электрондық құжат немесе қағаз жеткізгішдегі құжат түрінде оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) қысыммен жұмыс істейтін, оларды сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын, техникалық сипаттамалары және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы толық ақпаратты қамтитын ыдыстың паспорты;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) сәйкес жобалау құжаттамасын келісу хаты немесе объектінің жобалау құжаттамасын келісу туралы мәліметтерді не объектіні пайдалануға қабылдау актісін қамтитын құжат.

      Ескерту:

      2020 жылдан бастап "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" АЖ) арқылы көрсетілген өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде жобалық құжаттама және (немесе) қысыммен жұмыс істейтін ыдысты есепке қою құжаттарының көшірмесін ұсынбауға болады.

      "Е-лицензиялау" АЖ арқылы қысыммен жұмыс істейтін ыдысты есепке қойған және (немесе) жобалық құжатаманы келіскен жағдайда, берілген нөмірді көрсету қажет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Иесінің және (немесе) орналасқан жерінің (қауіпті техникалық құрылғының) ауысуын қоспағанда, бірдей объект (қауіпті техникалық құрылғы) туралы мәліметтер тізілімге енгізілмейді.

      11. Аумақтық бөлімше өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған ақпаратты қарайды және өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына тексереді.

      12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге иесінің тізілімге енгізу (алып тастау) туралы немесе өтініште көрсетілген мәліметтер толық емес және дәйексіз болған жағдайда ескертулер мен кемшіліктерді жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

      13. Өтініш қаралғаннан кейін аумақтық бөлімшелер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімді жариялайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан тізілімді өзектендіру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ай сайын 20 (жиырманшы) күнге дейін жүзеге асырылады.

      15. Иелерінің тізіліміндегі мәліметтерді өзектендіру осы Қағидалардың 1-қосымшада көрсетілген мәліметтердің біреуі өзгерген кезде орын алады.

      Көрсетілген өзгерістер туралы, сондай-ақ осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда иесі аумақтық бөлімшені электрондық құжат немесе қағаз жеткізгішдегі құжат түрінде уақтылы хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Сондай-ақ, газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алынған деректері өзектендіру көзі болып табылады.

      16. Иесі төмендегі жағдайлар бойынша тізілімнен шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесінің өтініші негізінде;

      2) заңды немесе жеке тұлғаға (дара кәсіпкерге) қатысты сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын иесінің таратылуы;

      4) бұрын тізілімге енгізілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың иесі туралы мәліметтердің өзгеруі (иесінің ауысуы);

      5) қысыммен жұмыс істейтін ыдысты жою (кәдеге жарату);

      6) газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде, автогаз құю станцияларында және өнеркәсіптік тұтынушыларда қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың болмауы;

      7) мемлекеттік органдардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      17. Меншік иесі тізілімнен шығарылған кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген негізде аумақтық бөлімше иесіне 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      18. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің жауабымен және "Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес жарияланған тізіліммен келіспеген жағдайды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасауға құқылы.

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: ҚЖІЫИТ-4.

      Кезеңділік: біржолғы.

      Есепті кезең: " " 20 жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: аумақтық бөлімше өтінішті қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.


п/п

Заңды немесе жеке тұлғаның (ЖК) атауы

Кәсіпкер субъектісінің сәйкестендіру нөмері

Заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы, басшының (иесінің) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Объектінің атауы
(түрі)

Қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру ерекшеліктері (қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жұмыс ортасы)

Объектінің жалпы сипаттамасы (ыдыстардың саны және көлемі, зауыттық нөмірі, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес есептік нөмірі мен күні, объектінің орналасқан жері)

Аумақтың атауы

ӘАОЖ бойынша аумақ коды

Басшының Т.А. Ә (бар болған жағдайда), телефоны және почталық мекенжайы

ҚЖІЫ саны

Есепке қою нөмірі мен күні

Зауыттық №

ҚЖІЫ көлемі, м3

Объектінің орналасқан жері
(нақты мекенжайы)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.












      Мемлекеттік органның атауы _______________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ___________________________________ __________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                   қолы

      Басшы немесе оның

      міндетін атқарушы тұлға ___________________________ _______________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)       қолы

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізіліміне
қосымша

Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме

      Ескертпе: тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алатын газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіп тұтынушыларының иелері туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме.

      Нысан келесідей толтырылады:

      1-бағанда тиісті мәліметтермен толтырылатын жолда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес не дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлікке сәйкес газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіптік тұтынушылардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының және өнеркәсіптік тұтынушылардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе кәсіпкердің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы, оның ішінде ҚР ҰК 11-2021 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес аумақтың коды және басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), телефоны және почта мекенжайы (сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар иесінің) көрсетіледі;

      5-бағанда сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері (газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар) объектісінің атауы көрсетіледі;

      6-бағанда қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру ерекшеліктері (қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жұмыс ортасы) және паспорттық деректерге сәйкес жұмыс ортасы көрсетіледі;

      7-бағанда "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес есепке қоюған күні мен тіркеу нөмірі, саны, көлемі, зауыттық нөмірі және қысыммен жұмыс істейтін ыдыс нақты орналасқан жерінің мекенжайы (әрбір қысыммен жұмыс істейтін ыдыс туралы ақпарат жеке жолдар бойынша жеке толтырылады) туралы ақпаратты қамтитын объектінің жалпы сипаттамасы көрсетіледі.

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне.

      Әкімшілік деректерге арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініші

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: ҚЖІЫИТ-4.

      Кезеңділік: біржолғы.

      Есепті кезең: " " 20 жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде, объектінің орналасқан жері бойынша газ алуға мүдделілік пен қажеттілік кезінде.

      ____________________________________________________________________

      Заңды немесе жеке тұлғаның атауы (ЖК), БСН/ЖК СН, басшының Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда), телефоны және почта мекенжайы

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Сізден газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізіліміне (нен) мына (ларды) объектіні (лерді) қосуды (алып тастауды) сұрайды:

      таңдау үшін міндетті:

      [ ] қосу

      [ ] алып тастау

      1. _______________________________________________________________________

      объектінің түрі (газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы,

      өнеркәсіптік тұтынушы), объектінің нақты орналасқан мекенжайы, ҚР ҰК 11-2021

      Әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес аумақтың коды

      (ӘАОЖ бойынша коды)

      2. _______________________________________________________________________

      объектінің жалпы сипаттамасы: ыдыстардың саны мен көлемі (м3), зауыттық нөмір

      (дайындаушы зауыт бекіткен "Машиналар мен аспаптарға арналған тікбұрышты

      тақтайшалар" МЕМСТ 12971 сәйкес орындалған тақтайшада көрсетілген), "Азаматтық

      қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес есепке қою

      нөмірі мен күні, техникалық куәландыруды жүргізу туралы мәліметтер, сұйытылған

      мұнай газын сақтайтын резервуарлық парктің көлемі, қысыммен жұмыс істейтін

      ыдыстардың нақты орналасқан жері – ретімен тізімделсін

      3. _______________________________________________________________________

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес

      объектінің жобалау құжаттамасын аумақтық бөлімшемен келісу немесе Қазақстан

      Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына

      сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі туралы мәліметтер

      Осы арқылы _____________________________________________________,

      өтініш беруші

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін және мыналарды:

      1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін;

      2) тұлғаға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығын растаймын.


Лауазымы

(қол және мөр қою орны)

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерін тізілімге (нен)
қосу (алу) туралы өтінішке
қосымша

Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері және өнеркәсіптік тұтынушылары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсініктеме

      Нысан келесі түрде толтырылады:

      1-тармақта объектінің түрі (газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы, өнеркәсіптік тұтынушы), объектінің нақты орналасқан мекенжайы, ҚР ҰК 11-2021 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ бойынша коды) бойынша көрсетіледі;

      2-тармақта объектінің жалпы сипаттамасы көрсетіледі: ыдыстардың саны мен көлемі (м3), зауыттық нөмір (дайындаушы зауыт бекіткен "Машиналар мен аспаптарға арналған тікбұрышты тақтайшалар" МЕМСТ 12971 сәйкес орындалған тақтайшада көрсетілген), "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес есептік нөмірі мен күні, техникалық куәландыруды жүргізу туралы мәліметтер, сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлық парктің көлемі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нақты орналасқан жері – ретімен тізімделсін;

      3-тармақта "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес объектінің жобалау құжаттамасын аумақтық бөлімшемен келісу немесе Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.06.2024 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


п/п

Заңды немесе жеке тұлғаның (ЖК) атауы

Кәсіпкер субъектісінің сәйкестендіру нөмері

Заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы, басшының (иесінің) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Объектінің атауы
(түрі)

Қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру ерекшеліктері (қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жұмыс ортасы)

Объектінің жалпы сипаттамасы (ыдыстардың саны және көлемі, зауыттық нөмірі, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес есептік нөмірі мен күні, объектінің орналасқан жері)

Аумақтың атауы

ӘАОЖ бойынша аумақ коды

Басшының Т.А. Ә (бар болған жағдайда)

ҚЖІЫ саны

Есепке қою нөмірі мен күні

Зауыттық №

ҚЖІЫ көлемі, м3

Объектінің орналасқан жері
(нақты мекенжайы)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады