"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 қарашада № 33699 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес, сондай-ақ "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі) 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін жасалған және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мыналарға жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;

      3) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізуге, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Осы тармақтың шеңберінде Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

      Осы тармақтың шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.";

      5-2 және 5-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-2. 2022 жылғы 26 шілдеден кейін жасалған және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

      1) ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен инвестициялық мақсаттарға;

      2) ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен айналым қаражатын толықтыруға жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 4,5 (төрт бүтін оннан бес) % теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады, оның 13,25 (он үш бүтін жүзден жиырма бес) %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді, (жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жұмыс органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Осы тармақтың шеңберінде Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

      Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтары бойынша инвестицияларға бағытталған жобаларды субсидиялау мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтары бойынша жобаларды субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және жылдық 4,5 (төрт бүтін оннан бес) пайызға ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 13,25 (он үш бүтін жүзден жиырма бес) %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын қарыз алушы төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады (жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жұмыс органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Осы тармақ аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда, мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Осы тармақ шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.

      Осы тармақ шеңберінде санкциялар қолданылатын қаржы институттары бұрын мақұлдаған/берген және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған бұрын субсидияланған қарыз шарттары да субсидиялануға тиіс.

      Бұл ретте қайта қаржыландыру қаржы инстититуттарының меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

      5-3. Қаржы институттары бұрын осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға берген кредитті/лизингті бұрын субсидияланған қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары қарыз шарты жасалған күннен бастап субсидиялауға ұсыныс бергенге дейінгі мерзімді шектеусіз субсидиялауға жатады.

      Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мақұлдауын алған қарыз шарттары қайта қаржыландыру жүзеге асырылған қаржы институты қол қойылған субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімін ұзартпай және субсидиялардың бұрын мақұлданған сомасын ұлғайтпай, басқа қаржы институттарында бұрын мақұлданған субсидиялау талаптарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Ұсыныс берілген күні қолданыста болатын және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан аспайтын уақыт бұрын жасалған қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

      Субсидиялануын тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен асырмай қайта қатысуға жіберіледі.

      Бағдарламаға қайта қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының төртінші бөлігінде және 12-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда қарыз алушы ұсыныс берген күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, 4 (төрт) жыл мерзім бойынша талапты қоспай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрын жойылған субсидиялау шартында көрсетілген бұрынғы талаптармен қарыз алушы қайта қатысуға ұсынысты берген күннен бастап қалпына келтіріледі.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мақұлдаған ұсыныстар резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныс бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде резервке (күту парағына) енгізу үшін өтеу графигімен қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, ұсыныстан алынған мәліметтерді қағаз нысанында СМАЖ-ға енгізеді.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныстардың келіп түскен күні мен уақытына сәйкес ұсыныстарды кезектілік бойынша резервке (күту парағына) енгізеді. Ұсыныстың резервке (күту парағына) енгізілгені туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде ұсыныстың резервке (күту парағына) келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.

      Субсидиялау шартын жасасу сәтінде қарыз шартының қолданылу мерзімі аяқталған, резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылады және субсидиялар осы Қағидалардың талаптарына және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) қаржыландыру жоспарларына сәйкес төленеді.

      Ұсыныс бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынысты резервке (күту парағына) енгізу туралы хабарламаны жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтына және қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау шартын біржақты бұзуды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

      1) шартта қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шоттарына тыйым салу;

      4) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      5) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      6) осы Қағидалардың 20-1-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 410 бұйрығына
1-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесі

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру

01.11

Ашық топырақта дәнді (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру.
Тұқым шаруашылығын қоса отырып, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру:
бидай, жүгері, қонақ жүгері, арпа, қара бидай, сұлы, тары, басқа да дәнді дақылдар сияқты дәнді дақылдарды, оның ішінде тұқым қорын қалыптастыру үшін өсіру.
үрмебұршақ, бұршақ, ноқат (түрік бұршағы), жасымық, бөрібұршақ, асбұршақ, бұршаққын бұршақ, басқа да дәнді-бұршақ дақылдар сияқты дәнді-бұршақ дақылдарын, оның ішінде тұқым қорын қалыптастыру үшін өсіру.
Майлы дақылдарды және олардың тұқымдарын өсіру:
соя бұршағы, жер жаңғағы (арахис), мақта, үпілмәлік, зығыр, қыша, рапс, сафлор, күнжіт, күнбағыс тұқымдары сияқты майлы дақылдарды, тұқымдарды өндіруді қоса алғанда, басқа да майлы дақылдарды өсіру.

2

Күріш өсіру

01.12

Күріш өсіру.

3

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

01.13

Картопты және отырғызатын материалды өсіру.
Көкөністерді, олардың тұқымдарын және көшеттерін өсіру:
бөрікгүл, қасқыржем, қырыққабат, түсті қырыққабат және брокколи, салат-сүтшөп және салат сорты шашыратқы, шпинат сияқты жапырақты және сабақты көкөністерді, басқа да жапырақты және сабақты көкөністерді өсіру;
қияр және корнишондар, баялды, қызанақтар, қарбыздар,мускат қауынын қосқа алғанда қауындар сияқты жеміскөкөніс дақылдарын, бақша және жеміскөкөніс дақылдарының басқа да түрлерін өсіру;
сәбіз, шалқан, қантты жүгері, сарымсақ, пияз (шалотты қоса алғанда), порей пиязы және басқа пияз тәрізділерге жататын көкөністер сияқты тамыр жемісті, түйнекті жемісті және көкөністердің өзге де тамыр жемісті және түйнек жемістілерін өсіру;
саңырауқұлақтар және трюфельдерді өсіру;
көкөністердің өзге де түрлерін өсіру;
көкөністердің тұқымдарын өсіру.
Қант қызылшасын және оның тұқымдарын өсіру

4

Тоқыма дақылдарды өсіру

01.16

Шитті мақтаны, зығырды және басқа да тоқыма дақылдарды өсіру

5

Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

01.19

Азық дақылдарын және олардың тұқымдарын өсіру:
тарнаны, азықтық қызылшаны, азықтық тамыржемістілерді, бедені, жоңышқаны, эспарцетті, азықтық жүгеріні және басқа шөптерді, азықтық қырыққабаты және азықтық дақылдылар сияқтыларды өсіру;
қарақұмықты өсіру;
қызылша тұқымдарын (қант қызылшасынан басқа) және азықтық өсімдіктерді өсіру.

6

Жүзім өсіру

01.21

Жүзімді өсіру.

7

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

01.24

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру.

8

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

01.25

Жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру.

9

Басқа да ірі қара малды және енеке өсіру

01.42

Ет алу үшін ірі қара малды және енекені өсіру

10

Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру

01.41

Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру және көбейту.
Сиыр шикі сүтін және басқа ірі қара малдың шикі сүтін өндіру.

11

Жылқыны және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру

01.43

Жылқыларды өсіру және көбейту

12

Түйені және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру

01.44

Түйелерді өсіру және көбейту

13

Қой және ешкі өсіру

01.45

Қойы және ешкі өсіру:
қой және ешкі өсіру және көбейту;
қойдың және ешкінің шикі сүтін өндіру;
өңделмеген (жуылмаған) жүнді өндіру.

14

Шошқа өсіру

01.46

Шошқа өсіру

15

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру

01.47

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру және көбейту. Ауыл шаруашылығы құстары жұмыртқаларын өндіру. Аралас етті жұмыртқа өндірісі.
Инкубаторлық құс шаруашылығы станцияларының қызметі.

16


Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01.49

Балараны өсіру, балды және балара балауызын өндіру.

17


Аралас ауыл шаруашылығы

01.50

Өсімдік шаруашылығы өнімдерімен қатар мал шаруашылығының өнімдерін өндіру: ауыл шаруашылығы дақылдардын мал шаруашылығымен қосып өсіру.

18

Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

Етті өңдеу және консервілеу

10.11

Жаңа сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған етті ұша, шабылған ет немесе бөліктерге бөлінген түрінде өндіру
Тамақ субөнімдері

19

Ауыл шаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу

10.12

Құс сою бөлімдерінде ауыл шаруашылығы құсын сою, етін ұшаларға бөлу және өлшеп орау.
Бөліктерге бөлінген жаңа сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған ауыл шаруашылығы құсының етін өндіру

20

Еттен және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.13

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған етті өндіру.
Ет өнімдерін: сосискалар, салы, шұжық өнімдерін, шұжықтар, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, болон ысталған шұжығы, паштеттерді, орамалар, пісірілген сан етін, етті және құрамында ет бар (ет өсімдікті) консервілерді өндіру.
Етті және құрамында ет бар жартылай дайын өнімді өндіру.

21

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу

10.20

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу.
Балықтан, шаян тәрізділерден және моллюскілерден өнім өндіру.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарлар азығы үшін балық өнімдерін өндіру.
Балықтан және адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз өзге де жануарлар түрлерінен ұн, ұнтақ және түйіршік өндіру.
Теңіз балдырларын өңдеу.

22

Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

10.31

Картопты өңдеу және консервілеу: дайын тоңазытылған картопты өндіру, құрғақ картоп пюресін өндіру, картоптардан жеңіл тамақтарды өндіру, картоп чипстерін өндіру, майда тартылған және ірі тартылған картоп ұнын өндіру.

23

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

10.32

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру.
Жас жемістерден және көкөністерден концентраттар мен шырындар өндіру.

24

Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

10.39

Тоңазытылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру.
Джем, мармелад және тағамдық желе жасау.
Жаңғақтарды қуыру.
Жаңғақтардан пасталарды және өзге де тамақ өнімдерін өндіру.

25

Өсімдік және мал майы мен тоңмайын өндіру

Май және тоңмай өндіру

10.41

Тазартылмаған өсімдік майын: соя, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр, майсана, зәйтүн майын өндіру.
Тазартылған (тазаланған) өсімдік майын: соя, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр, майсана, зәйтүн майын өндіру.
Өсімдік майын өңдеу: шаю, қайнату, дегидрациялау, гидрогенизациялау.

26

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

10.42

Маргаринді өндіру.
Май қоспаларын және спредтерді өндіру.
Тамақ дайындауға арналған аралас майларды өндіру.

27

Сүт және сыр өнімдері

Сүтті өңдеу және сыр өндіру

10.51

Сұйық сүтті, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген, сондай-ақ басқа жоғары температурада өңделген сүтті өндіру.
Сүт негізінде алькогольсіз сусындарды өндіру.
Піспеген сұйық сүттен, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенизирленген сүттен кілегей өндіру.
Құрғақ сүт өндіру.
Қатты түрде сүт немесе кілегей өндіру.
Сары май өндіру.
Йогурт өндіру.
Сыр және ірімшік өндіру.
Сарысу өндіру.
Казеин немесе лактоза өндіру.
Сүт консервілерін өндіру.

28

Балмұздақ өндіру

10.52

Балмұздақ өндіру.

29

Ұн тарту -жарма өнімдерін өндіру

Ұн өндіру

10.61.1*

Бидайдан, қара бидайдан, сұлыдан, жүгеріден және басқа дәндерден майда және ірі тартылған ұнды өндіру.
Күріш ұнын өндіру.
Құрғақ бұршақ дәндерінен, тамырлардан немесе сабақтардан, немесе жеуге жарамды жаңғақтардан майда және ірі тартылған ұн өндіру.
Нан, торт, бәліш, пирогтар, бисквиттер және құймақтарды пісіруге арналған дайын ұн қоспалары мен қамырларды өндіру.

30


Жарма өндіру

10.61.2

Бидайдан, қара бидайдан, сұлыдан, жүгеріден немесе басқа дәндерден жарма өндіру.
Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күрішті өндіру

31

Тағамдық концентраттарды өндіру

10.61.3

Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді дақылдардан жасалған таңғы асқа арналған өнімдерді өндіру.
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дәндердің қауыздарын өндіру.

32

Крахмалды және крахмалдан өнімдер өндіру

10.62

Күріштен, картоптан, жүгеріден крахмалдар өндіру және тағы басқа
Шикі жүгеріні майдалау.
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау және тағы басқа
Дәнмаңызын жасау.
Жүгері майын жасау.

33

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

10.71

Нан-тоқаш өнімдерін: нан, тоқаш өнімдерін, құймақ, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер, бисквиттер) өндіру.

34

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

10.72

Кептірілген нан, бисквит және өзге де құрғақ нан-тоқаш өнімдерін өндіру.
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, торттарды, тәтті тоқаштарды, бәліштер мен бисквиттерді өндіру.
Печенье, крекерлер, кренделдер сияқты тұзды және тәтті өнімдерді өндіру.

35

Макарон өнімдерін өндіру

10.73

Пісірілген және пісірілмеген, салындысы бар және салындысы жоқ макарон және кеспе өндіру.
Кускус өндіру.
Консервіленген немесе тоңазытылған макарон өнімдерін өндіру.

36

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Қант өндіру

10.81

Қант қызылшасынан және қантқұрағынан қант өндіру

37

Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдерді өндіру

10.82

Какао-ұнтағын, какао-майын өндіру.
Шоколад және шоколад кәмпиттерді өндіру.
Қантты кондитерлік өнімдерді: карамель, нуга, помадка, ақ шоколад өндіру.
Қантталған жемістерді, жаңғақтарды, жемістерден және өсімдіктердің өзге де бөліктерінен цукаттар өндіру.
Драже, мұз кәмпит және пастилалар өндіру.

38

Татымдықтар мен дәмдеуіштерді өндіру

10.84

Дәмқосарларды тұздықтарды және дәмдеуіштерді,: майонез, қыша ұны мен ұнтағы, дайын қышаны өндіру.
Сірке суын өндіру.
Тағамға пайдалануға жарамды тұз өндіру, мысалы, йодталған тұз.

39

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.89

Көже және сорпа өндірісі.
Жұмыртқа өнімдерін, жұмыртқаның ақуызын өндіру.
Ашытқы өндірісі.

40

Дайын тағам өнімдері (өндірістік масштабта)

Дайын тағам өнімдерін өндіру

10.85

Ет тағамдарын немесе үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру.
Балықтың тартылған етін қоса, балық тағамдарын өндіру.
Көкөністерден тағамдар дайындау.
Тоңазытылған пиццаны немесе сақтау үшін өзге де тәсілдермен дайындалған пиццаны өндіру.

41

Балалар тағамы

Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру

10.86

Арнайы тамақтануға пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балаларға арналған сүт қоспасын; емшектегі сәбилерге арналған құнарлы сүтті және басқа да өнімдерді; балалар тағамдарын; салмақты бақылауға арналған калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді; құрамында натрийі аз және натрийі жоқ диеталық тұздарды қоса отырып, құрамында натрийі азайтылған тамақ өнімдерін; құрамында глютені жоқ тамақ өнімдерін; физикалық ауыр жұмысты орындайтын адамдарға, әсіресе спортшыларға пайдалануға арналған тамақ өнімдерін; зат алмасуының бұзылуымен (диабетпен) ауыратын адамдарға арналған тамақ өнімдерін өндіру

42

Жануарларға арналған дайын азықтар өндіру

Ауылшаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтарды өндіру

10.91

Ірі қара малға, ұсақ малға, жылқыларға, үй құстарына және шошқаларға арналған азықтарды өндіру

43

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

11.07.0*

Табиғи минералды суды және өзге де бөтелкелердегі суларды өндіру.
Алкогольсіз сусындарды, хош иістендірілген және (немесе) тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және тағы басқаларды өндіру.

 
44

Жүнді өңдеу

Жүн талшығын дайындау

13.10.3

Жуылған, майсыздандырылған немесе карбондалған, түтілмеген және тарақпен таралмаған жүн (қой жүні).
Жануарлардың жіңішке немесе қылшықты, түтілген немесе тарақпен таралған жүні мен қылы

 
45

Жүн талшығын иіру

13.10.4

Тоқыма және тігін өнеркәсібіне арналған жүннен иірілген жіп өндірісі

 
46

Жүн маталар өндірісі

13.20.2

Түтілген немесе тарақпен таралған жүннен немесе жануарлардың қылшықты қылынан немесе жылқы қылынан жасалған маталар

47

Киізден басылған бұйымдар өндірісі

13.99.2

Киіз және фетр өндірісі

48

Былғары өнімдерін өндіру

Теріні илеу және өңдеу

15.11.1

Иленген және өңделген былғары; өңделген және боялған үлбір.
Үлбір, иленген немесе өңделген терілер.
Күдері (қиыстырған күдеріні қоса алғанда);
боялған былғары және боялған ламинадталған;
металдандырылған былғары.
Боялған былғары және боялған ламинадталған;
металдандырылған былғары.

 
49

Теріні өңдеу және бояу

15.11.3

Іpi қара малдың терілерінен жасалған былғары немесе жылқы тұқымдас жануарлардың түгi бар терілері.
Іpi қара малдың түксіз тұтас терілерінен жасалған былғары.
Жылқы тұқымдас жануарлардың түксіз терілерінен жасалған былғары.
Қой, ешкі немесе шошқаның түксіз терілерінен жасалған былғары.
Қойдың түксіз терілерінен жасалған былғары.
Ешкінің түксіз терілерінен жасалған былғары.
Шошқалардың түксіз терісі

50

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

Көкөністерді және жемістерді сақтау орындары

      * өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 410 бұйрығына
2-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты

      ___________ қаласы                                     20__ жылғы "___" __________

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ______________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалар) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Жұмыс органы:

      1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:

      2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;

      3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;

      4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;

      5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.

      4. Қаржы институты:

      1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;

      2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;

      3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік кредиттің негізгі талаптары бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның шешімінде белгіленген, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді, сыйақы төлеу мерзімдерін, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсынуды қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;

      4) қаржы институтынан алынған қарыздың нысаналы пайдаланылуына (оның ішінде пайдаланудың толықтығы мәніне) тексеру жүргізуге;

      5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;

      6) қарыз алушы қарыз шартының талаптарын сақтамаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.

      5. Қарыз алушы:

      1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;

      2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;

      3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;

      4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша толық емес немесе мақсатсыз кредиттік қаражаттың сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

      10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      11. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.

      13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:

      1) шартта қарыз алушы негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;

      4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      6) Субсидиялау қағидаларының 20-1-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

      14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.

      16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.

      17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:

Жұмыс органы:

Қарыз алушы:

Қаржы институты:

  Сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
қосымша
  Нысан

Қарыз алушыны субсидиялау графигі (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) 20___ жылғы " ___" _______ №___

      Қарыз алушының атауы: _________________________________________

      Нөмірі, жасалған күні:___________________________________________

      Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:___________________________

      Кредит шартының сомасы, теңге: _________________________________

      Кредит шартының сомасы, валюта: теңге, KZT: _____________________

      Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ____________

      Сыйақы мөлшерлемесі, %

      Жалпы: _______________________________________________________

      Субсидияланатын: ______________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

      Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге

      Жалпы: _______________________________________________________

      Субсидияланатын: ______________________________________________

      Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

Жыл

Ай

Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

























Жиыны






      Жұмыс органы __________ ______________________________________

      қолы             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қарыз алушы:____________ ______________________________________

      қолы             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қаржы институты_________ ______________________________________

      қолы             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 410 бұйрығына
3-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 3-СНП нысан

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ___________ тоқсан, 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін.


Қарыз алушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі

Қаржы институтының атауы

Қарыз шартының нысаналы мақсаты*

Бағыт (Қарапайым заттар экономикасы, Жұмыспен қамтудың жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚЖЖ)

Қарыз шартының нөмірі мен күні

Қарыз шартының сомасы, теңге

Жалпы сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі, %

Қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін субсидиялар сомасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12






































Барлығы:











      кестенің жалғасы:

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төленгені, ( - ) жетпеген, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару, теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қаражатының қалдығы

жұмыс органының қаржы институтына

қаржы институтының қарыз алушыға

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңдегі

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңдегі

Барлығы
(13-баған – 15-баған)

оның ішінде есепті кезеңде
(14-баған - 16-баған)

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңдегі

Барлығы
(17-баған –19-баған)

13

14

15

16

17

18

19

20

21




























      *Қарыз шартының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 4- тармағына сәйкес көрсетіледі.

      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________

      __________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ________________________________________________________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы "___" __________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме Әкімшілік деректерін жинауға арналған "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.

      3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысаны ұсынады:

      қаржы институттары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жұмыс органы) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;

      жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда қаржы институтының атауы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда қарыз шартының нысаналы мақсаты көрсетіледі.

      11. 6-бағанда бағыт (Қарапайым заттар экономикасы, Жұмыспен қамтудың жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен) көрсетіледі.

      12. 7-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша коды көрсетіледі.

      13. 8-бағанда қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      14. 9-бағанда қарыз шартының сомасы көрсетіледі.

      15. 10-бағанда сыйақының жалпы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      16. 11-бағанда субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      17. 12-бағанда қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      18. 13 және 14-бағандарда жұмыс органы қаржы институтына бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      19. 15 және 16-бағандарда қаржы институты қарыз алушыға бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      20. 17 және 18-бағандарда барлық кезеңдегі, оның ішінде есепті кезеңдегі ауытқулар (артық төлемдер, жетіспегендер) көрсетіледі.

      21. 19 және 20-бағандарда пайдаланылмаған субсидияларды жұмыс органына, оның ішінде есепті кезеңге қайтару сомасы көрсетіледі.

      22. 21-бағанда қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қаражатының қалдығы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады