БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізу мерзімдері
№ | Жануарлар түрлері | Есепке алуды жүргізу мерзімдері |
1. | Бұлан |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
2. | Елік |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
3. | Марал |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
4. | Қабан |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
5. | Сібір тау текесі |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
6. | Құдыр |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
7. | Аю |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
8. | Қасқыр |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
9. | Түлкі |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
10. | Қарсақ |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
11. | Бұлғын |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
12. | Ондатр |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
13. | Ақкіс |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
14. | Сары күзен |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
15. | Сілеусін |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
16. | Дала күзені |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
17. | Ақ тиін |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
18. | Ақ қоян |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
19. | Құм қоян |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
20. | Ор қоян |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
21. | Құну |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
22. | Саңырау құр |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
23. | Арқар |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
24. | Барыс, сабаншы |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
25. | Тас сусары |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
26. | Алтай ұлары |
1 ақпаннан 31 наурызға дейін / |
27. | Құр |
1 ақпаннан 15 мамырға дейін / |
28. | Суда жүзетіндер (үйректер, қаз тектестер, қасқалдақтар, сұқсыр үйректер, шалшықшылар) оның ішінде Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілгендер |
1 ақпаннан 15 маусымға дейін / |
29. | Ақшіл | 1 ақпаннан 31 наурызға дейін |
30. | Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш құстар (бүркіт, қыран, ақиық, сұңқар, қаршыға, үкі, балықшы тұйғын) |
1 наурыздан 30 мамырға дейін / |
31. | Сұр құр |
1 сәуірден 31 мамырға дейін/ |
32. | Қырғауыл | 1 сәуірден 31 мамырға дейін |
33. | Дуадақ | 1 сәуірден 15 маусымға дейін |
34. | Ақбас тырна, сұр тырна, қара дегелек | 1 сәуірден 15 маусымға дейін |
35. | Борсық |
15 сәуірден 15 маусымға дейін / |
36. | Суыр | 15 сәуірден 15 маусымға дейін |
37. | Гималай ұлары, кекілік, бөдене |
1 шілдеден 31 тамызға дейін / |
38 | Кәмшат | 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін |
39 | Киік |
20 наурыздан 1 мамырға дейін/ |
Ескертпе:
Жабайы жануарлар түрлерінің санын күзгі есепке алу ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өткізіледі, ал таралымның жыныстық-жас құрамын және сандық өзгерісінің үрдісін барынша нақты зерттеу қажет болған кезде оны жануарлар дүниесін пайдаланушылар өткізеді.