"Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 желтоқсанда № 33735 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32683 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы  бұйрық алғашқы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
Т. Ешенкулов

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін
атқарушысы
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 614
  Қазақстан Республикасының
  Ғылым және жоғары білім
  министрі
  2023 жылғы 2 маусымдағы
  № 250 бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

Мемлекеттік орган

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

1 005

7

2.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігі

20

1

3.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

4


4.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

6


5.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

45


Барлығы

1080

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады