Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 маусымда № 32683 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 250 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 06.12.2023 № 614 (алғашқы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік орган

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

1 005

7

2.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігі

20

1

3.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

4


4.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

6


5.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

45


Барлығы

1080

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады