"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 33784 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген балық аулау қағидаларының 19-тармағында көрсетілген қармақсаптардың барлық түрлерімен жыланбасты алып қоюға жол беріледі. Жыланбасты алып қоюдың мерзімдері "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) реттеледі.".

      "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 363 Бұйрыққа
1-қосымша
"Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  (кімге) ______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
(кімнен) ____________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)
мекенжайы __________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны) көрсетілетін
қызметті алушының
деректемелері
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беруді сұраймын

Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі

Алып қою тәсілдері (жою, олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу)

Аңшылық куәлігінің және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, рұқсатты пайдалануға жауапты тұлға. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балық санын реттеген жағдайда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Аң мен балық аулау объектілері болып табылмайтын жануарлардың атауы және алу көлемі (дарақ, тонна) (бір аңшыға қасқыр мен шибөріні үш дарақтан артық алмауға шектеу белгіленед) (бір рұқсатқа жыланбасты 30 килограммнан артық алмауға)

Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында)

Жануарлар-ды алу мерзімдері (күнтізбелік бір жылдан аспайды). Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою саны авиа -, автомото -, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттың негізінде жүргізіледі.

Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда)















      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ____________________________________________________________________

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__" ___________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Бұйрыққа 2-қосымша
"Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Саны реттелуі тиіс жануарлар түрлерiн алуға арналған № ____ рұқсат

Аңшылық куәлігінің және азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, берілді (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балық санын реттеген жағдайда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі

Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында)

Алу тәсілдері (олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу)

Жануарлар түрлері және жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда)

Жануар-ларды алу мерзімі

Аумақтық бөлімшеге рұқсаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсыну мерзімі (рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде)

Бақылау (аумақтық бөлімшенің атауы) жүктеледі

























      Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады