"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22000 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 347 Бұйрыққа
қосымша

"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген балық аулау қағидаларының 19-тармағында көрсетілген қармақсаптардың барлық түрлерімен жыланбасты алып қоюға жол беріледі. Жыланбасты алып қоюдың мерзімдері "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) реттеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3 Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге (бұдан әрі - Портал) жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің тізбесі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Е-лицензиялауда" көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жұмыс күні жиырма минут ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз "Е-лицензиялау" сақталған көрсетілетін қызметті беруші Порталдың көліктік қолтаңбасымен қол қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталдың көлік қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты дәлелді бас тарту нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  (кімге) ______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
(кімнен) ____________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)
мекенжайы __________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны) көрсетілетін
қызметті алушының
деректемелері
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беруді сұраймын

Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі

Алып қою тәсілдері (жою, олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу)

Аңшылық куәлігінің және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, рұқсатты пайдалануға жауапты тұлға. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балық санын реттеген жағдайда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Аң мен балық аулау объектілері болып табылмайтын жануарлардың атауы және алу көлемі (дарақ, тонна) (бір аңшыға қасқыр мен шибөріні үш дарақтан артық алмауға шектеу белгіленед) (бір рұқсатқа жыланбасты 30 килограммнан артық алмауға)

Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында)

Жануарлар-ды алу мерзімдері (күнтізбелік бір жылдан аспайды). Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою саны авиа -, автомото -, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттың негізінде жүргізіледі.

Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда)















      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ____________________________________________________________________

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__" ___________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)


  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып қоюға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)

"электронды үкіметтің" www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат немесе осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтінім.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Саны реттелуі тиіс жануарлар түрлерiн алуға арналған № ____ рұқсат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Аңшылық куәлігінің және азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, берілді (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балық санын реттеген жағдайда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі

Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында)

Алу тәсілдері (олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу)

Жануарлар түрлері және жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда)

Жануар-ларды алу мерзімі

Аумақтық бөлімшеге рұқсаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсыну мерзімі (рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде)

Бақылау (аумақтық бөлімшенің атауы) жүктеледі

























      Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.

  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып қоюға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Уәжді бас тарту
Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою лимиті таусылды.
"Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартамыз.
Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады