Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 33792 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2024 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2024 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 443 бұйрығымен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2024 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) ауылдық елді мекендерді микрокредит беру мен лизингтің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – микрокредит/лизинг алуға электрондық өтінім беруге, сондай-ақ қатар ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жобаларға микрокредит беру және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына лизинг беру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық платформа;

      3) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе процестерді механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру жолымен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құралдардың кең түрі;

      4) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже, немерелер;

      5) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      6) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;

      7) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын уақытты құрайтын кәсіпкер.

2-тарау. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібі

      3. Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:

      1) жұмыссыздар;

      2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;

      3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;

      5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);

      6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.

      Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.

      4. Ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың қажеттіліктерін, олардың әлеуетін, бос жайылымдық алқаптардың, өткізу нарықтарының болуын және жобаларды табысты іске асыруға әсер ететін басқа да факторларды негізге ала отырып, әрбір ауылдық елді мекеннің және әрбір шағын қаланың жобаларына микрокредит берудің басым бағыттарын айқындайды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған жобаларға микрокредит беру үшін бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 (елу) пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингіне бағдарламаға бөлінген қаражаттың 20 (жиырма) пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі.

      Жергілікті атқарушы органдар бірлесіп қаржыландыру шарттарында осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан кем емес қосымша қаражатты жергілікті бюджеттен бөледі.

      5. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде берілетін микрокредиттер және ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.

      6. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредит беру және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын лизингке беру мақсатында бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі:

      1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызбен қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты:

      жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру, оның ішінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу;

      ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын сатып алу үшін лизинг;

      3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 28 (жиырма сегіз) ай мерзімінен аспайды;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелерді іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кейіннен бекіту үшін бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын жолдайды.

      8. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша бюджеттік кредит қаражатын береді.

      Бюджеттік кредит қаражаты сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың қолма қол алатын шотына аударылады.

      9. Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:

      1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.

      Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 (екіден бір) бөлігінен ерте берілмейді;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;

      4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;

      5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

      6) микрокредит беруге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ақпараттық жүйеде көрсетіледі.

      Микрокредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартында көрсетіледі.

      10. Лизинг үміткерлерге мынадай шарттармен беріледі:

      1) ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингінің мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;

      2) лизинг нысанасының ең жоғары құны (ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы) – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;

      4) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы лизингі мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

      Лизингке жаңа және бұрын қолданылмаған ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығы жатады.

      11. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредиті/лизингі бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен/лизингімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері алдын ала жергілікті атқарушы органмен жазбаша келісіледі.

      Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жерілікті атқарушы орган анықтайды және тапсырма шартында белгіленеді.

      12. Сенім білдірілген өкіл (агент) бұрын берілген микрокредиттер/лизингтер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес шарттарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді және ауыл шаруашылығы коопертивтеріне лизинг беруді жүзеге асырады.

      13. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

      1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;

      2) тұрақты жұмыс орындарын құру;

      3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;

      дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;

      4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.

      14. Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:

      1) жеңіл автокөлік сатып алу;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;

      3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.

      15. Микрокредит/лизинг алу үшін үміткерлер ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес микрокредит/лизинг алуға арналған құжаттар тізбесімен сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгінеді.

      Микрокредит/лизинг алуға арналған электрондық өтінім тиісті жолдарды толтыру және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген электрондық құжаттарды жүктеу арқылы ақпараттық жүйенің жеке кабинеті арқылы беріледі.

      Жүктелген құжаттарда көрсетілген мәліметтер (деректер) ақпараттық жүйенің, "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен, "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.

      Микрокредит/лизинг алуға арналған электрондық өтінім ақпараттық жүйеде оған үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы тіркеледі және ақпараттық жүйеде сенім білдірілген өкілге (агентке) қарау үшін қолжетімді болады.

      16. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит/лизинг алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі құжаттарды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит/лизинг шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттарды одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, үміткерге уәжді бас тартуды жібереді.

      Құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тарту ақпараттық жүйе арқылы үміткердің жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      17. Құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтер лизинг шарттарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лизинг беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Микрокредит/лизинг беруді мақұлдау туралы не бас тарту туралы шешім ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Микрокредит беру мақұлданған жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) кепіл шарты уәкілетті органда тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде үміткердің ағымдағы шотына микрокредит сомасын аударады.

      Лизинг беру мақұлданған жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде лизингі шартының талаптарымен ауыл шаруашылығы техникасын және жабдығын үміткерге (лизинг алушыға) беру үшін сатушыдан оны жеке меншікке сатып алады.

      18. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, микрокредит қаражатының және лизинг нысанасының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      19. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есепті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есепті және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есепті ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есепті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есепті және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есепті ұсынады.

  Ауылдық елді мекендерде
және шағын қалаларда
микрокредит беру және
лизинг қағидаларына
1-қосымша

Микрокредит/лизинг алуға арналған құжаттар тізбесі

Р/с№

Құжаттың атауы

Құжат/мәліметтер түрі

Ескертпе

1.

Сауалнама - сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит/лизинг алуға арналған өтінім

түпнұсқа/электрондық құжат


2.

Жеке басын куәландыратын құжат

құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер


3.

Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

түпнұсқа/электрондық құжат


4.

Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау және статистика саласындағы уәкілетті орган) /мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына микрокредит беру/лизинг туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау /орындамау туралы барлық мәліметтерді, берілген микрокредит/лизинг туралы мәліметтерді, ақпаратты беруге және алуға келісімі

түпнұсқа/электрондық құжат

Микрокредит/
лизинг мақұлданғаннан кейін беріледі

5.

Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі

түпнұсқа

микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі

6.

Шоттың болуы және кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар

түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/кредиттік бюродан электрондық форматтағы мәліметтер


7.

Бағалау туралы есеп

түпнұсқа/электрондық құжат

микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі

8.

Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар

мемлекеттік деректер базасынан көшірме/ электрондық мәліметтер

микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі
құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстыр

  Ауылдық елді мекендерде
және шағын қалаларда
микрокредит беру және
лизинг қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-МК нысаны

      Жиілігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 __ жылдың ________ айы

      Ақпарат беретін тұлғалар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде;

      облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде.

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жобаны іске асыру орны

облыс

әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша код

аудан

мекенжайдың тіркеу коды

ауылдық округ

мекенжайдың тіркеу коды

ауыл

мекенжайдың тіркеу коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кесте жалғасы

жобаның бағыты

қарыз алушының санаты

өндірілетін өнім/көрсетілетін қызмет

микрокредит берілген күн

микрокредит мерзімі

микрокредит сомасы (теңге)

12

13

14

15

16

17







      кесте жалғасы

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты көрсете отырып, экономика саласы

Ісін жаңа бастаған, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер

Ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушы мәртебесі

Қатысушы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік

18

19

20

21

22

23







      "Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы_____________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________

      Телефоны_____________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы____________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      ______________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Микрокредиттерді нысаналы
пайдалану туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 4, 6, 8 және 10-бағандарында жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5, 7, 9 және 11-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.

      9. Нысанның 12-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.

      10. Нысанның 13-бағанында қарыз алушының санаты көрсетіледі.

      11. Нысанның 14-бағанында өндірілетін өнім/қызмет көрсетіледі.

      12. Нысанның 15-бағанында микрокредит берілген күн көрсетіледі.

      13. Нысанның 16-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі.

      14. Нысанның 17-бағанында микрокредит сомасы (теңге) көрсетіледі.

      15. Нысанның 18-бағанында сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      16. Нысанның 19-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты көрсете отырып, экономика саласы көрсетіледі.

      17. Нысанның 20-бағанында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер көрсетіледі.

      18. Нысанның 21-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі көрсетіледі.

      19. Нысанның 22-бағанында қатысушы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      20. Нысанның 23-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

  Ауылдық елді мекендерде
және шағын қалаларда
микрокредит беру және
лизинг қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-МК нысаны

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылдың ________ айы

      Ақпарат жинайтын тұлғалар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде;

      облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде

Р/с №

Жобаны іске асыру орны

Қарыз алушының атауы

бизнес сәйкестендіру нөмірі

қызмет түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты

облыс

әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды

аудан

мекенжайдың тіркеу коды

ауылдық округ

мекенжайдың тіркеу коды

ауыл

мекенжайдың тіркеу коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы

микрокредит сомасы, теңге

микрокредит мерзімі

микрокредиттің нысаналы бағыты

ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі

өндірілетін өнім/ көрсетілетін қызмет

құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік

ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны, бірлік

13

14

15

16

17

18

19








      "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Мекенжайы___________________________________________________

      Телефоны_____________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің
микрокредиттері нысаналы
пайдалануы туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2, 4, 6 және 8-бағандарында жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.

      6. Нысанның 3, 5, 7 және 9-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісі бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.

      7. Нысанның 10-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 11-бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 12-бағанында қызмет түрі көрсетіледі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодты.

      10. Нысанның 13-бағанында микрокредит сомасы көрсетіледі.

      11. Нысанның 14-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі.

      12. Нысанның 15-бағанында микрокредиттің нысаналы бағыты көрсетіледі.

      13. Нысанның 16-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі көрсетіледі.

      14. Нысанның 17-бағанында өндірілетін өнім/көрсетілетін қызмет көрсетіледі.

      15. Нысанның 18-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      16. Нысанның 19-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны көрсетіледі.

  Ауылдық елді мекендерде
және шағын қалаларда
микрокредит беру және
лизинг қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-МК нысаны

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылдың ________ айы

      Ақпарат жинайтын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      сенім білдірілген өкіл (агент) облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде;

      облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Ауыл шаруашылығы коопертивтің тіркелу орны

облыс

әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша код

аудан

мекенжайдың тіркеу коды

ауылдық округ

мекенжайдың тіркеу коды

ауыл

мекенжайдың тіркеу коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кесте жалғасы

лизинг сомасы, теңге

лизинг мерзімі

Лизинг нысанасы

Құрған жұмыс орындарының саны, бірлік

Ауыл шаруашылығы коопертиві мүшелерінің саны, бірлік

атауы

моделі

техникалық паспорттың атауы

12

13

14

15

16

17

18








      "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Мекенжайы___________________________________________________

      Телефоны_____________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ____________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      ______________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің
микрокредиттері нысаналы
пайдалануы туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лизингті нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында қарыз алушының атауы.

      6. Нысанның 3-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      7. Нысанның 4, 6, 8 және 10-бағандарында ауыл шаруашылығы коопертивтің тіркелу орны (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5, 7, 9 және 11-бағандарында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеушісі бойынша коды, мекенжайдың (облыс, аудан, ауылдық округ, ауыл) тіркеу коды көрсетіледі.

      9. Нысанның 12-бағанында лизинг сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 13-бағанында лизинг мерзімі көрсетіледі.

      11. Нысанның 14, 15 және 16-бағанында лизинг нысанасы (атауы, моделі, техникалық паспорттың атауы) көрсетіледі.

      12. Нысанның 17-бағанында құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 18-бағанында ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады