Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 33805 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32683 болып тіркелген) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы Комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаменті қоса беріліп отырған бөлуге сәйкес қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 340 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

Стипендия

Студенттерге

Магистранттарға

1.

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

4

0

Барлығы:

4

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады