БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 171 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген):
кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
1. Осы Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) (бұдан әрі – тапсырыс беруші) қызметін ұйымдастыру және функциясын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Жобалау және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс берушінің нақты міндеттері тараптардың келісімімен айқындалады.
Құрылысқа қатысу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен, объектілердің құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушінің функциялары "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы дайындайды.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану шарты белгіленеді.
Жобалауға арналған тапсырмада Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдар және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау шарты белгіленеді.
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген) Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларына сәйкес жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Құрылыс жобаларының (ТЭН, ТП, ЖҚС) мемлекеттік банкіне енгізу, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы шартқа қол қою шарты белгіленеді.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларындағы әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді жобалауға арналған тапсырмада инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құны туралы тапсырыс берушінің шарты белгіленеді.
Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат лимиті болып табылады.
Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға түзетулер енгізілген кезде жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.
Әуеайлақ маңындағы аумақ шегінде объектілерді жобалауға арналған тапсырмада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша:
Заңның 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар жөніндегі нормативтік құжатына сәйкес материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосін;
электрондық-цифрлық нысандағы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталында жасалған қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосін жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының бірыңғай порталында түпкілікті редакцияда жариялайды;".
2. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген):
кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларында әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнын ұсыну қажет.
Тапсырыс берушілер құрылыстың есептік шекті құнын ұсынбаған кезде, жобалау-сметалық құжаттама қараусыз қайтарылады.
Құрылыстың есептік шекті құны Порталда құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қаражаттың лимиті болып табылады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Жобалаудың әрбір кезеңіндегі сметалық құн объектілік сметаларды (объектілік сметалық есептерді), сондай-ақ осы кезеңнің жұмыстары мен шығындарына жиынтық сметалық есепті жасай отырып, жергілікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетеледі.
Жергілікті сараптамалық қорытынды берілген кезде жиынтық сметалық есептеуде Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар жөніндегі нормативтік құжатына (бұдан әрі-нормативтік) сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.
Жергілікті қорытындылар бойынша жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері соңғы кезеңде құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.
Жиынтық сараптамалық қорытынды беру кезінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер жергілікті қорытынды шеңберінде жиынтықталады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте Нормативтік құжатқа сәйкес Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары қайта есептеледі.";
69-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69-8. Әрбір кезеңдегі сметалық құн объектілік сметаларды (объектілік сметалық есептерді), сондай-ақ осы кезеңнің жұмыстары мен шығындарына жиынтық сметалық есепті жасай отырып, жергікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетеледі.
Жергілікті сараптамалық қорытынды беру кезінде жиынтық сметалық есепте жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары Нормативтік құжатқа сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.
Жергілікті қорытындылар бойынша жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері соңғы кезеңдегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.
Жиынтық сараптамалық қорытынды беру кезінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер жергілікті қорытынды шеңберінде жиынтықталады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте Нормативтік құжатқа сәйкес Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары қайта есептеледі.".
3. "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 12527 болып тіркелген):
кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыстағы мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының (бұдан әрі – объектілер құрылысы) құнын айқындау тәртібін белгілейді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Объектілер құрылысының сметалық құны Заңның 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалары жөніндегі нормативтік құжатқа (бұдан әрі – Нормативтік құжат) сәйкес айқындалады.".