Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33865 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік мәндерде және ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен:

      1) негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (k1):

      негізгі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;

      2) бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-2):

      бірінші деңгейдегі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;

      3) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2):

      меншікті капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен сипатталады.

      K1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің есебіне алынатын, тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегере отырып, алынады.

      Консервациялық буферді және жүйелік буферді ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері және капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нормативтерге 3-қосымшада белгіленген.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндердің сомасы және SREP нәтижелері бойынша немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы ретінде айқындалады.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірмеген банктерге қатысты қолданылады.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейінгі аралықты құрайды.

      SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірген банктерге қатысты қолданылады.

      SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 6 (алты) пайызына дейінгі аралықты құрайды.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы жыл сайын белгіленеді. SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тиісті үстемеақының жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:

      консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынадай болады:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2 (екі) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 2 (екі) пайыз;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      жүйелік маңызы бар банктер үшін:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3 (үш) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап - 2 (екі) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 3 (үш) пайыз;

      контрциклдық буфер, оны енгізу мөлшері мен мерзімдерін уәкілетті орган контрциклдық буферді есептеу басталған күнге дейін кем дегенде 12 (он екі) ай бұрын белгілейді. Контрциклдық буфер мөлшерінің диапазоны тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейінгі аралықты құрайды;

      жүйелік буфер, оны есептеуге қойылатын талаптар жүйелік маңызы бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар деп танылған, банктерге қолданылады. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды;

      қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер, ол қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган айқындаған оқиғалардың дамуының ықтимал (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығы тәуекелдерін қамтиды. Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды.

      Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер жыл сайын белгіленеді және буфердің жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.

      Егер k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің нақты мәндері осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндерінен төмен емес, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттердің кез келгені меншікті капитал буферлерін ескере отырып, коэффициенттердің белгіленген мәндерінен төмен болса, онда банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді және акцияларды кері сатып алуды тоқтату бөлігінде Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төменгі мөлшеріне сәйкес шектеу қойылады.

      Меншікті капитал буферлерін ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне Нормативтердің 7-тармағына сәйкес негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы және SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы меншікті капиталға белгіленеді және негізгі капитал (k1) есебінен кемінде 56,25 (елу алты бүтін жүзден жиырма бес) пайызға, бірінші деңгейдегі капитал (k1-2) есебінен кемінде 75 (жетпіс бес) пайызға өтеледі, оның тізбесі Нормативтердің 7-тармағында белгіленген.

      Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер негізгі капиталға белгіленеді.

      Нормативтердің осы тармағының талаптарына сәйкес есептелген меншікті капитал буферлерінің мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мен буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган кемінде 3 (үш) жылда бір рет қайта қарайды.

      Осы Нормативтердің мақсаттары үшiн SREP деп банктің бизнес моделін, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі түсініледі, тұрақты AQR деп тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктердің активтері мен шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайынғы бағалау түсініледі.";

      3-қосымша осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланстық құн – бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;

      2) бірыңғай қарыздар – кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамалары бар қарыздар тобы;

      3) жеке қарыздар – әрбір осындай қарыздар бойынша провизиялар (резервтер) есептелетін қарыздар;

      4) инвестициялық қарыз (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз:

      қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды;

      қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;

      қарыз (кредит) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және модернизациялауға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға беріледі;

      5) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Нормативтердің 2-1- тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Нормативтердің 2-2- тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын off-take (офф-тейк) келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру компанияларымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Нормативтердің 2-1- тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің "В-" төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) (ЕБИТДА) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);

      6) кепілсіз тұтынушылық қарыз – мыналарды қоспағандағы тұтынушылық қарыз:

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін жылжымайтын мүлікке құқықтар кепілімен, міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      тіркелуге тиіс, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздар;

      білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар;

      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздар;

      7) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;

      8) қарыз алушы - қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      9) провизиялар (резервтер) - қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;

      10) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;

      11) тұрақты AQR – тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктердің активтері мен шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайынғы бағалау;

      12) off-take (офф-тейк) келісімшарты – өндіруші (жеткізуші) мен тапсырыс берушінің арасында жеткізудің құны, саны (көлемі) және мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен болашақта жеткізумен тауарларды және (немесе) қызметтерді сату туралы жасалған келісім;

      13) SREP – банктің бизнес моделін, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау жолымен тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банктің меншікті капитал жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен сипатталады:

      1) k1 негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті:

      негізгі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;

      операциялық тәуекел сомасына қатынасы;

      2) k1-2 бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті:

      бірінші деңгейдегі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;

      операциялық тәуекел сомасына қатынасы;

      3) k2 меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті:

      меншікті капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;

      операциялық тәуекел сомасына қатынасы.

      K1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегере отырып енгізіледі.

      Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндердің сомасы ретінде айқындалады.

      K1, k1-2 және k2 меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндері Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндердің қосындысы және SREP нәтижелері немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы ретінде анықталады.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірмеген банктерге қатысты қолданылады.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды.

      SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірген банктерге қатысты қолданылады.

      SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 6 (алты) пайызына дейін құрайды.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP пен тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы жыл сайын белгіленеді. SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тиісті үстемеақының жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:

      консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынадай болады:

      барлық банктер үшін:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2 (екі) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап - 1 (бір) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 2 (екі) пайыз;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      жүйелік маңызы бар банктер үшін:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3 (үш) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап - 2 (екі) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 3 (үш) пайыз;

      мөлшері мен енгізу мерзімдері Нормативтерде контрциклдық буферді есептеуді бастау күніне дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын белгіленетін контрциклдық буфер. Контрциклдық буфер мөлшерінің диапазоны тәуекелдерді ескере отырып, мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды;

      жүйелік буфер, жүйелік маңызы бар деп танылған банктерге есептелуіне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген, "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес осындай деп танылған жүйелік маңызы бар банктерге қолданылатын жүйелік буфер. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды;

      қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган айқындаған, банктердің оқиғалардың дамыуының гипотетикалық (стрестік) сценарийлеріне қаржылық орнықтылық тәуекелдерін қамтитын қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер. Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің, нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің, операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен сипатталған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды.

      Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер жыл сайын белгіленеді және буфердің жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.

      Егер k1, k1-2 және k2 банк капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерінің нақты мәндері осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндерінен төмен болмаса, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттердің кез келгені меншікті капитал буферлері есептелген, капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің белгіленген мәндерінен төмен болса, онда банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді және акцияларды кері сатып алуды тоқтату бөлігінде Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшеріне сәйкес шектеу қойылады.

      Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәніне меншікті капиталдың буферлері ескеріле отырып тізбесі Нормативтердің 10-тармағында белгіленген негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы және SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы меншікті капиталға белгіленеді және негізгі капитал (k1) есебінен кемінде 56,25 (елу алты бүтін жүзден жиырма бес) пайызға, бірінші деңгейдегі капитал (k1-2) есебінен кемінде 75 (жетпіс бес) пайызға өтеледі, оның тізбесі Нормативтердің 10-тармағында белгіленген.

      Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер негізгі капиталға белгіленеді.

      Меншікті капитал буферлерінің Нормативтердің талаптарына сәйкес есептелген мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.

      SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және тұрақты AQR мен қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді қоспағанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) реттен жиі емес қайта қарайды.".

      2-қосымша осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 97 Қаулыға
қосымша
Ислам банктері үшін
пруденциялық нормативтердің
нормативтік мәндеріне және
өзге де сақтауға міндетті
нормалар мен лимиттерді есеп
айырысу әдістемесіне
3-қосымша

Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы
1 қаңтардан бастап

2017 жылғы
1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

5%

5,5%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

6%

6,5%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

7,5%

8%

      Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын есептемегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері.

Консервациялық буферді және жүйелік буферді есептегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

2020 жылғы 1 маусымнан бастап

2021 жылғы 1 шілдеден бастап

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

6%

7,5%

6,5%

7,5%

8%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

7%

8,5%

7,5%

8,5%

9%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

8,5%

10%

9%

10%

10,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

7,5%

9,5%

8,5%

9,5%

9,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

8,5%

10,5%

9,5%

10,5%

10,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

10%

12%

11%

12%

12%

      Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және қадағалау стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қарайды.

  Қаулысына
2-қосымша
Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
2-қосымша

Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

5%

5,5%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

6%

6,5%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

7,5%

8%

      Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын есептемегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Консервациялық буферді және жүйелік буферді есептегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

2020 жылғы 1 маусымнан бастап

2021 жылғы 1 шілдеден бастап

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

6%

7,5%

6,5%

7,5%

8%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

7%

8,5%

7,5%

8,5%

9%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

8,5%

10%

9%

10%

10,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

7,5%

9,5%

8,5%

9,5%

9,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

8,5%

10,5%

9,5%

10,5%

10,5%

Жүйелік маңызы бар банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

10%

12%

11%

12%

12%

      Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және қадағалау стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің және меншікті капитал буферлерінің мәнін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қарайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады