"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 113-712 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 113-2191 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 қазанда № 1356-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 113-712 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1262 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. З. Ешкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады