Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 113-712 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 1262 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 113-2191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 12.10.2023 № 113-2191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 285 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 39 548 574 000 (отыз тоғыз миллиард бес жүз қырық сегіз миллион бес жүз жетпіс төрт мың) теңгеден аспайтын;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру айқындалсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады