Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № С-2/12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 8543-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 28.05.2024 № С-12/8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 5% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган келесі тәртіппен жүзеге асырады:

      коммуналдық қызметтердің тұтыну өтемақысы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;

      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.";

      14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Тұрғын үй көмегі сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы), ол өтініш берушіге қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында бөлінеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Д.Акимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады