Бурабай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 8С-4/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 8585-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-12/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 8С-12/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бурабай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың төрағасы М.Нурпанова

  Бурабай аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 16 маусымдағы
  № 8С-4/1 шешіміне
  қосымша

Бурабай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

420,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

455,85

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 текше метр

3073,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады