"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тугжанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 96 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері
бюджет түрі | барлық қажеттілігі, мың тенге | оның ішінде, мың тенге | ||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | ||
жергілікті | 480 000 | 1 227 | 95 026 | 83 945 | 219 447 | 80 355 |
барлығы | 480 000 | 1 227 | 95 026 | 83 945 | 219 447 | 80 355 |