Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 226 "Ақтөбе қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31235 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |