Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қаңтарда № 8483 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2023 жылғы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

  Қарғалы аудандық мәслихаты 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешіміне 1 қосымша

Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін қала және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағидалар Қарғалы ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет,жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндерінде әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр -Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға- 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда әскери қызметін өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған зайыбына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) 30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы және жасына байланысты зейнетақы алушылар қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде ;

      3) 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан аумағында 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы;

      3) жетімдік,ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      8. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына бір рет) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға – "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Мынадай негіздер бойынша мұқтаж азаматтар деп танылған тұлғаларға (отбасыларға):

      Жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу-адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып – біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;

      көп балалы аналарға (отбасыларға), аз қамтылған тұлғаларға (отбасыларға), жан басына шаққандағы орташа табысы бір еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;

      3) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі жағдайында жан басына шаққандағы табысы есепке алынбай – біржолғы 100 ( жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы жағдайында әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      туындаған жағдайдан бастап алты айдан кеш емес.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі мереке күндеріне (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      Әлеуметтік көмек, егер тұлғалар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      13. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қарғалы ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздер

      14. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Қарғалы ауданының аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерiктi түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

  Қарғалы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
29 желтоқсандағы № 123
шешіміне 2 қосымша

Қарғалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4826 болып тіркелген) шешімі;

      2. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 27 шілдедегі №51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5035 болып тіркелген) шешімі;

      3. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы №245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-166 болып тіркелген) шешімі;

      4. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 24 шілдедегі №368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 болып тіркелген) шешімі;

      5. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәлихатының "Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі №451 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7039 болып тіркелген) шешімі;

      6. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №533 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7904 болып тіркелген) шешімі;

      7. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының "Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 25 мамырдағы №30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8359 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады