Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 29.12.2023 № 123 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4826 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихаты | |
2020 жылғы 9 сәуірі № 451 | |
шешіміне қосымша | |
Қарғалы аудандық мәслихатының | |
2016 жылғы 2 наурыздағы | |
№ 404 шешімімен бекітілген |
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1. Осы Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдермен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қарғалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі –ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6)отбасының (азаматтың) жанбасына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өзбетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімі мен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
3. Осы Қағидалар Қарғалы ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі–ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі–алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
9 мамыр –Жеңіс күні;
қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;
2) Жеңілдіктермен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне, теңестiрiлген адамдарға, жеңiлдiктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде алты ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға коммуналдық қызмет ақы төлеуге жылыту маусымына 7 айға (қаңтардан сәуір аралығында, қазаннан желтоқсан аралығында) 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
3) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде "Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің берген тізімдеріне сәйкес;
4) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімдерге сәйкес, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде.
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленеді:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте ;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (бір жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте.
10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздемелер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы.
11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде алты ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 50000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 50000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
7) мүгедектер күніне орай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге-қазан айының екінші жексенбісі 36 000 (отыз алты мың) теңге мөлшерiнде.
13. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезеңінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы көмек көрсетілетіндер санаты 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде:
1) Бірінші, екінші және үшінші топтағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-анаға уәкілетті ұйымның тізімдеріне сәйкес;
2) Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын амбулаториялық ем алушы науқастарға, иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға, онкологиялық аурулармен ауыратындарға, туберкулез "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімдерге сәйкес;
3) Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға;
4) Үйінде әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсететін жалғыс басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге.
Төтенше жағдайдағы көмек бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.
Төтенше жағдай тоқталған жағдайда, төлем тоқталады.
Көмек алу үшін құжат тапсырылмайды.
14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (мәртебесіне байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) осы Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжат.
17. Осы қағидалардың 8 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арыз;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге жіберген жолдама;
4) 8 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.
18. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
20. Учаскелiк комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.
21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
23. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
26. Уәкілетті орган жазбаша хабардар етеді шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің шешім қабылдау туралы шешімі (негіздемесін көрсете отырып, бас тартылған жағдайда).
27. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерлерінің, әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Қарғалы аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
29. Әлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Қарғалы ауданы аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
30. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда- сот арқылы.
5. Қорытынды ереже
31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына 1 қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі _____
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _______________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесініңаты | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні _____________
Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті органның лауазымды адамының
Т.А.Ә. __________________ (қолы)
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына 2 қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
(елді мекен) _____________________
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә:__________________________________________
2. Тұратын мекенжайы: _____________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдайы: __________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні, айы, жылы | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы ___________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері__ адам.
Балалардың саны: ___________оның ішінде:
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар __ адам, оқушыға оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның шінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | Орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
Автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыстар)
_________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек, өзгеде тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыстар)___________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ______________________________________________________________________________
8. Отбасыныңөзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):_ __________________________
___________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлары____
________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________ ______________________________
Комиссия мүшелері: __________________ ________________________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушініңТ.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ____________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
___________________________________________________________________
(өтініш берушіт ексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек | |
көрсету, мөлшерлерін белгілеу және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындау | |
Қағидаларына 3 қосымша |
Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы
20_ ж. "____" ____________
Учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)_________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде________________________________________________
(қажеттілігі, қажет еместігі) өтініш беруші
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ______________ __________________________
Комиссия мүшелері: ______________ __________________________
______________ __________________________
______________ __________________________
______________ __________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қосаберілгенқұжаттармен___данада 20__ ж. "__"__________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы__________