Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 "Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 251 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қазанда № 8642-04 болып тіркелді

      Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 "Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8314 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі Н. Тлеумуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады