Алматы облысы бойынша 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 300 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 тамызда № 6026-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 300 қаулысына қосымша

Алматы облысы бойынша 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативтері, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру
мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы (50 бастан)

бас

100 000

1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен құнажындардың) аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) инфрақұрылымның сәйкестігіне арнайы комиссияның қорытындысын алған сүт-тауар фермалары;
3) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорда тіркелуі және деректердің сәйкестігі

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға
(қоса алғанда) дейін

2

Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен құнажындардың) аналық басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорында тіркелуі және деректердің сәйкестігі

3

Ұсақ малдың аналықбасы

бас

3 000

1) өтінім берген сәтте (15 айдан асқан аналықтардың) аналық басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорда тіркелуі және деректердің сәйкестігі

4

Түйелердің аналық басы

бас

15 000

1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналықтардың) аналық басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорында тіркелуі және деректердің сәйкестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады