Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 2/16-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 175-17 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесi!
      Осы шешiм 01.05.2023 бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 17/156-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4162 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 2/16-VIII шешіміне қосымша

Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

378

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

413

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 текше метр (м3)

2389


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады