Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/3 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қазанда № 134-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3289 болып тіркелген) шешімі.

      2) Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 "Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 21 тамыздағы № 27-5/5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады