Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 "Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы N 27-5/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте N 3484 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/3 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7-6/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 39-3 бабының 6 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3289 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырында № 43 аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы Қағидаларында:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";

      11 тармағы алынсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрайымы

Көкпекті аудандық

мәслихатының хатшысы

Е. Сихварт

Р. Беспаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады