Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 03 сәуірдегі N 22-6/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 мамырда N 3289 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/3 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7-6/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" каулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат

Хатшысы

Е. Қойгельдин

Р. Беспаев



  Көкпекті аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 3 сәуірдегі
  № 22-6/6 шешімімен
  бекітілген

Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу
үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары
өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар, көшелер, көппәтерлi тұрғын үйлер тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Көкпекті ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. .Көкпекті ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Көкпекті ауданының ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Көкпекті ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың, көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округі әкімінің аппаратына жіберіледі.

3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше,
көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау

      11. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады