Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 114 "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 335 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 146-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкпекті ауданы әкімдігінің "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5040 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оны Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысы Бек Назарбекович Нугыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады