"Жамбыл облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 378 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 78 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 мамырда № 5026 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқандағы № 378 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2494 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы келесі редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жамбыл облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

Орталық елді мекен атауы

Жылу энергиясының тұтыну нормалары

Өлшем бірлігі

Мәні

1.

Жамбыл облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

жылыту маусымында көппәтерлі тұрғын үйлерді жылытуға

Гкал/м2

0,14

      ".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады